Санды теңсіздіктерді көбейту және бөлу

75

Сабақтың тақырыбы: Санды теңсіздіктерді көбейту және бөлу

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың санды теңсіздіктерді көбейту және бөлу амалдарын қалай меңгергендігін бақылау  және дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың типі: Бекіту сабағы.

Сабақтың құрал-жабдығы: Тақта, бор, карточка, слайд т.б.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топпен жұмыс.

Сабақтың өткізілу жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үй тапсырмасын тексеру.
  3. Оқушылардың топпен жұмыс жасауы.
  4. Үй тапсырмасын беру және сабақты қортындылау.

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сынып бөлмесінің сабаққа дайындығы. Оқушылардың сабаққа дайындығы.

Оқушыларды 4-топқа бөлу, әр топқа банктердің атын беру. 1- Темір банк. 2- Халықтық банк. 3- Каспий банк. 4- Альянс банк.

 

ІІ. Үй тапсырмасы тексеру:

  • Теңдеуді мүшелеп көбейтіндер:
  1. 1,5 < 4,2 және 1< 2
  2. 2< 8 және 1,5 < 2,5
  3. 1< Х < 3 және 0,5 < У < 2

 

  • Тік төртбұрыштың ұзындығы 4,5см-ден артық, 3,2см-ден кем. Тік төртбұрыштың ауданың табыңдар?

 

4,5см < S < 6см

2см <  S< 3,2см

9см2 <  S< 19,2см2

 

ІІІ. Топпен жұмыс. Есептер шығарту.

  1. Теңдеуді мүшелеп көбейтіндер: ( Әр топқа ортақ есеп беріледі, әр есеп 100 тг-ден бағаланады)
  • 4 > 1 және 7 > 5
  • 5 < 9 және 4 > 2
  • 7 < 10 және 3 < 5
  • 6 > 4 және 0,5 < 2
  • 9 < 12 және 4< 5
  • 3 < 5 және 9 > 8
    1. Бөліндіні тауып кестені толтыр. (Әр есеп 200 тг бағаланады)
Бөлінгіш теңсіздік Бөлгіш теңсіздік Бөлінді теңсіздік
16 > 12 6 > 4
15 < 21 5 > 3
428 > 24 7 < 12
45 < 51 3 < 15
3,5 < 4,2 3 < 7
  1. Теңсіздікті мүшелеп көбейтіндер: (Әр есеп 500 тг-ден бағаланады)
  • 3,1 > 2,7 және  5 > 2
  • 0,75 > 0,5 және 0,25 < 0,5
  • 9,5 < 11,3 және 0,4 > 0,2
  • 5,3 > 3,2 және  4 > 3
  • 0,25 < 0,83 және  0,3 < 0,5
  • 0,4 < 0,428 және  0,2 > 0,142

 

  1. Есептеңдер. (Әр есеп 1000 тг-ден бағаланады)

1) 16/5 : 3/4 – 1/3 =

2) (4/3 + 14/5) : 31/5 =

3) 5/4*4/5 + 2/3 =

4) (19/8 – 7/6 ) : 29/12 =

 

  1. Теңсіздіктерді мүшелеп көбейтіп, ху көбейтіндісін бағаландар. (Әр есеп 2000 тг-ден бағаланады)

1) 0,416 < х <  2,25 және  0,8 < у <  1,3

2) 1,6 < х < 3,1 және 0,625 < у < 1,285

3) 2,8 < х < 4,5 және 0,6 < у < 0,714

4) 0,5 < х  1,9 және 0,8 < у <  2

 

Есептердің дұрыстығын бағалау.

 

ІV. Қортынды. Әр топта ақшаның суммасы көп болса, сол топ жеңімпаз болады және белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасы беру:

 

  1. 2 < а < 5 және 4 < в < 10 теңсіздіктерінен мынаны бағалаңдар.

1) а+в                2) а-в                3) а*в          4) а/в

 

  1. Өрнекті ықшамдап, мәнін табыңдар.

1) 2(3х+5)-(х+7),     мұндағы: х=-1,5

2) 0,6(1,5-3х)-(4х+5),  мұндағы: х=-4

3) 4,2(0,4х-1)-(2,68х+5),  мұндағы: х=3