Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаев

90

Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаевтың жүргізіп отырған сарабдал саясатының арқасында Қазақстан әлем таныған іргелі елге айналды. Бүгінде Нұрсұлтан Әбішұлының салиқалы саясаты, ел мен жер мүддесі жолындағы берік ұстанымдары өзгеге үлгі боларлықтай. Сондай-ақ елі­міз­дегі саяси тұрақтылық, эконо­микалық ілгерілеу, отандық өнеркәсіптің жандануы, алыс-жақын шетелдермен әріптестік қатынастардың орнығуы, ұлт­тардың арасындағы татулық, басқа да сан-салалы қызметтердің жүзеге асyында Елбасының қолтаңбасы сайрап жатыр.  Тәуелсіздігіміздің алғашқы онжыл­дығы өтпелі кезең, яғни реформалар дәуірі болды. «Қазақстан – 2030» страте­гиялық даму бағдарламасы да осы ке­зең­де қабылданды. Халқымыз бұл кезең­нің барша қиындықтарын аса зор тө­­зім­ділік, бірлік, ертеңгі күннің жақсы­лығына деген ерен сеніммен жеңді. Әр­түрлі алыпқашпа сөздерге құлақ түр­мей, Елбасының айналасына тығыз топтасты. Өз мүмкіндіктеріне, өз халқының ұлы­лығы мен даналығына сенген, Отанын қалтқысыз сүйген, Елбасымыздың өзі айтпақшы, ел Тәуелсіздігін басты құнды­лық деп санайтын, оны тұғырлы етуге бар ынта-ықыласымен талпынған адам ғана ел басына туған сындарлы сәттерде осындай үлкен жауапкершілікті мойнына алып, оның үдесінен шыға алады. Бұл нағыз, шынайы Көшбасшыға тән қасиет. Кеңес Үкіметі құлап, ша­ңырағы ортасына түскен аласапыранда, тірлігі беймәлім нарыққа көшкенде және жаһандық қар­жы дағдарысында Отанын қанат­тыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыт­тыр­май, ұлттар мен ұлыстарды уыздай ұйытып, тек даму мен кемелдену жолымен алып келе жатқан Ұлт көш­бас­шысы Алланың рахмет нұрына бөлен­сін деймін.
«Менің назарымдағы басты мәселе әр қазақстандыққа қамқор­лық көр­сету», деген Президент Нұр­сұлтан Назар­баевтың жүрек­жарды сөздері өмірде осылай көрі­ніс тауып отыр. Сөз бен істе ал­шақтық жоқ. Қаратал БПҰ  мүшелері алда келе жатқан 1 желтоқсан  Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында Елбасына шын жүректен  құт­тықтау жолдаймыз. Елбасымыз әрқашан аман-есен болғай!

Алматы  облысы  Ескелді ауданы  Қаратал ауылы

Қаратал БПҰ төрағасының бірінші орынбасары : С.Л.Тұрсынқұлова