Ынтымақ – достық кепілі

495
Пән: тәрбие сағаты, 6-сынып Күні:30.04.2014
Тақырыбы: Ынтымақ – достық кепілі
Мақсаты: Мемлекетіміздің өркендеп, ілгері басып келуінің бір себебі – елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының нық болуын жалғастыру, татулықты дәріптеу, ұлттар достығын сақтау мен нығайтудың маңызы зор екеніне көз жеткізу.
Күтілетін нәтиже Оқушылар ұлттар достығының маңызын түсінеді, ұлттар арасындағы достықты нығайту қажеттігін біледі.
Керекті жабдықтар Интерактивті тақта, компьютер, проектор, постер, түрлі түсті маркер, стикер, глобус, таймер.
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Оқушылармен амандасу.

«Достық, ынтымақ, бірлік»сөздері арқылы бөлу

Топтарға бөлінеді.
Тұсаукесер Білу.

—          Балалар, біз неге осы сөздер арқылы бөліндік?

—          1-мамыр қандай мейрам?

—          Ол нені дәріптейді?

Сұрақтарға жауап береді
Негізгі бөлім Түсіну.

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.

Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді – сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.

Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.

Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген «жат жұрттардың» бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді. Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Бұның барлығы достық, татулық, бірліктің арқасында болып отыр.

 

Қолдану.

әр топ өз тобын постер құру арқылы таныстырады (15 мин)

Бағалау: екі жұлдыз, бір ұсыныс

 

Талдау.

Әр топқа берілген мақал-мәтелдерді жалғастыру керек (3 мин)

«Достық» тобы:

1.      Досыңды мақтағаның — … (өзіңді жақтағаның)

2.      Досы көппен сыйлас, … (Досы азбен сырлас)

3.      Досы жоқ адам -… (Тұзы жоқ тағам)

4.      Досы көптің жаны семіреді,… (Асы көптің тәні семіреді)

5.      Досы көпті жау алмайды,… (Ақылы көпті дау алмайды)

«Бірлік» тобы:

1.      Бірлігі жоқ ел тозады, … (Бірлігі күшті ел озады)

2.      Тірлік, тірлік түбі – … (бірлік)

3.      Саусақ бірікпей …(Ине ілікпейді)

4.      Бірлік бар жерде … (тірлік бар)

5.      Кеңесіп пішкен тон … (келте болмас)

«Ынтымақ» тобы:

1.      Ынтымақ жүрген жерде, … (Ырыс бірге жүреді)

2.      Ырыс алды – … (ынтымақ)

3.      Ынтымақ болмай … (іс оңбас)

4.      Теңге тиыннан, … (Ынтымақ ұйымнан)

5.      Сырттан келген жаудан да… (Іштен шыққан дау жаман)

 

Сергіту сәті. «Сағат бойынша достар» ойыны (5 мин)

 

Жинақтау.

Берілген өлең шумақтарын жалғастыру (10 мин)

«Достық» тобы:Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз

Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз

«Бірлік» тобы:Бірлік керек, бірлік керек, ағайын

Елдің басын біріктірер әрдайым

«Ынтымақ» тобы:Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан

Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған

 

Бағалау.

Глобусты қолдана отырып «Уақыт шеңбері» әдісі арқылы тілек айту.

Мұғалімді тыңдап, өз ойларын білдіреді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Постер құрып, оны қорғайды

 

 

 

 

 

 

Мақал-мәтелдердің жалғасын табады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтіне қатысады

 

 

Өлең шумақтарын жалғастырады

 

 

 

 

 

 

 

Бір-біріне тілек айтады.

Қорытынды «Қазақ осы — қарасың ба, ақсың ба, қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін!» иә, көңілік көк жайлаудан кең қазақ халқының құшағына бәрі сияды. Сайын даласы кімдерге мекен болмады?! Жүрегі мен пейілі көпке жайылған ұлтымыздың ырысы мен берекесі құдайындай сыйлап, төріне көтерген қонағымен артқан. «Қырықтың бірі — Қыдыр» деп мәтелдегені де содан. Қара су мен қара нанға зар болған күнде де қайран жұртымыз паналай келген өзгені өзегінен теппей, соңғы күлшесін де бөліп жепті. Беу, қонақжайлылығымыз мен мейірімділігіміз мерейімізді сан мәрте биікке де шығарды емес пе?! Байтақ жерімізді пана қылып, қанатымыздың астынан өсіп-жетілген өзге ұлт өкілдері әр күн сайын әрбір қазаққа, қанымызға қонақжайлылық пен кең пейілділікті сіңіріп кеткен ата-бабаларымыздың рухына алғыс айтады. Оның дәлелін дүбірі таяп қалған ел бірлігі мерекесінен анық көреміз. Ынтымақтың ізгі мерекесін бәріміз бірге тойлайық. ағайын! Шынайы бірліктің шырайлы мерекесінде түрлі ұлт өкілдерінің басын қосып,  ынтымағымыз жараса, тойлауға асығайық. Өз пікірлерін қосады
Рефлексия. Бағалау. «Сэндвич» әдісі Өз ойларын білдіреді

 

 


 

 

 

Достық

 

Достық Достық Достық Достық
 

Ынтымақ

 

Ынтымақ Ынтымақ Ынтымақ Ынтымақ
 

Бірлік

 

Бірлік Бірлік Бірлік Бірлік

 

 

«Достық» тобы:

1.      Досыңды мақтағаның — …

2.      Досы көппен сыйлас, …

3.      Досы жоқ адам — …

4.      Досы көптің жаны семіреді, …

5.      Досы көпті жау алмайды, …

 

 

«Бірлік» тобы:

1.      Бірлігі жоқ ел тозады, …

2.      Тірлік, тірлік түбі – …

3.      Саусақ бірікпей …

4.      Бірлік бар жерде …

5.      Кеңесіп пішкен тон …

 

«Ынтымақ» тобы:

1.      Ынтымақ жүрген жерде, …

2.      Ырыс алды – …

3.      Ынтымақ болмай …

4.      Теңге тиыннан, …

5.      Сырттан келген жаудан да …