Өнегелі өмір

Сабақтың тақырыбы: Өнегелі өмір

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларға тіл дамыту пәнін игерте отырып, әдеби кейіпкерлер, ұлы бабалар қазақтың  салт – дәстүрін тереңірек таныстыру.

2) Оқушыларды ізгілік  пен  іздемпаздыққа, дүниетанымын кеңейту, білімпаздыққа баулу.

3) Қазақтың ырымдары, тыйым сөздер арқылы тәрбие бере отырып, тәрбиені бүгінгі күн тілегімен  байланыстыра білу.

 

Сабақтың типі: бекіту

Сабақтың әдісі: ойын, жарыс

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Психологиялық дайындық

 

Ән: Музарттың орындалуында «Елім менің» музыкасы ойнап тұрады.

 

І. Кіріспе. Балалар! Бүгін бізде ерекше сабақ «интелектуалдық танымдық ойын» сабағы өтеді. Сабағымыз Тіл дамыту білгірлері деймін , яғни білікті бірді, білімді мыңды жығар.

І-жүргізуші. Біз әдеби шығармаларды оқи отырып, сөз маржанын қыр-сырын игердік. Өмірдің ең қымбаты, ең асылы жақсылық пен ізгіліктер үйрендік. Біздің бүгінгі ойын сабағымыз қасиетті әдебиетке жаны құмар  жандар бақ сынағалы отыр.

1-айналым: «Сөз тапқанға». Алфавиттің  «А» тұрады басында дей отырып, осы әріптерден келетін сөздер айтамыз. Ол жай сөздер емес. Тіл дамыту әдебиеттік оқу пәндерінен танысқан ғұламаларымыз.

А                                                                                  Б

  1. Абылай 1. Бауыржан
  2. Ахмет Байтұрсынов 2. Бөгенбай батыр
  3. Абай Құнанбаев 3. Бердібек Соқпақбаев
  4. Асан-Әлі Әшімов

2-айналым. Ұтқыр болсаң тауып көр

  1. Үзінді оқылады.

Сұрақ: Үзінді қай шығармадан? Авторы кім?

Отан

Отанды біз атамекен

Деп аялап атаймыз,

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз.

 

Отанды жас, кәріміз де

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені онда бәріміз де

Туып. Өмір сүреміз.

 

Отанды әркім анасындай

Қастерлейді, қолдайды.

Өйткені Отан баласындай

Бізді асырап қолдайды.

 

Отан деген -атамекен,

Отан деген — туған жер.                           Ермек Өтетілеуов

  1. Ертегіден үзінді оқылады. Бұл ертегінің қай түріне жатады? Кейіпкерлері кімдер?
  2. Баяғы заманда бір кемпір мен шал болыпты. Балалары жоқ екен. Шал егін егіп, жинаған астығын қамбаға тығып қояды екен де, үнемдеп, шетінен базарға алып барып сатып, шай – тұзын айырады екен.

3-айналым. Бұл қай жүз.

  1. Төле би сөзі

«Биік шыңның басына шыққан адам алды – артын, оң мен солын, яғни екі жағын түгел көреді. Етекте тұрған адам екі жағын зорға  көреді. Ауырда тұрған адам бір жағын әрең көреді. Ал көпті көріп, көнені тоздырған адам сол биік шыңның басында тұрған адаммен пара- пар емес пе? Үлкенге жолды берсе, артық болмас деймін!» депті.

  1. Әйтеке би сөзі

«Ағасы келсе, ардақтап, атын байлайтындай, мейманы келсе, құрметтеп оны жайлайтындай, тындырымды інісі болса, тыңғылықты  жұмысы  болса, інісінің істеген жұмысынан ағаның алар тынысы болса, ағанікі бас бағу да, інісінікі ісі басқару емес пе?» депті.

4- айналым

Тұлғаны танисың ба? «Қара жорға» орындалады

 

 

 

Осылардың өмірінен үзінді айтып беру. Оқушылар өздері жақсы танитын кейіпкерлерден әңгімелеп беру.

 

5-айналым.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы.

 

Тапсырма: 1. «Ән ұран»-қайырмасы

2.«Атамекен»

Әннің авторы кімдер, әннің шығу тарихы.

 

6-айналым

Мықты болсаң айтып көр

Тапсырма: Терме орындалады.

Берілген зат есімге сәйкесті етістікті табу.

 

Жіп                                                           Тұз

Есік            керме                                     Тамақ         сынамайды

Терезе                                                       Су

 

 

Иық                                                           Төсеніш

Жаурын     таянба                                    отын                             төрге

Бел                                                            Сыпыртқы          қоймайды

 

 

Қорытынды:

 

Туған тілім тірлігімнің айғағы

Тілім барда айтылар сөз ойдағы

Өссе тілім менде бірге өсемін

Өлсе тілім менде бірге өлемін,- деп Мұқағали ағамыз айтқандай сабағымыздың соңын, өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте,-  деп мақал – мәтел сайысымен аяқтаймын.