Тәрбие сағатының тақырыбы: Отаным Қазақстан

78

Тәрбие сағатының тақырыбы: Отаным Қазақстан

Тәрбие сағатының мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге баулу, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру.
  2. Дамытушылық: Оқушылардыңсөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.
  3. Тәрбиелік: Балалардың жеке басындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру. Еліміздің болашағы жас өспірімдердің Отан алдындағы борышын өтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Пікірталас, әдеби-монтаж

Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, плакаттар

Сабақтың кезеңдері:

Психологиялық даярлық. Оқушыларды топқа бөлу.

1 топ   «Отан»

2 топ   «Туған жер»

Кіріспе сөз

Қазақстан — ұлан байтақ кең далам,

Қазақстан — өзіңе арнап ән салам.

Қазақстан — ортақ біздің үйіміз,

Отаным деп бар әлемге жар салам.

Отан дегеніміз – әр адамның туып өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Отан – белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін, жанын пида қылып келе жатқан байтақ өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата-ана, бала-шағасы, дос-жаран, ағайын-туысы, солармен бірге жалғаннан көретін қызығы мен бақытының тұрағы, кейін ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.

1 КЕЗЕҢ. Ояну. Қазақстан, Отан, Қазақстан азаматы туралы ой-пікір.

Әдісі: Ассоциация. Отан туралы ой-пікір. «Отан» деген сөз мағынасын ашу, алғашқы ойларын білдіреді.

1.Қазақстанның елбасы кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

  1. Қазақстанның елордасы қай қала? (Астана)
  2. Мемлекеттік нышандарды ата. (Елтаңба, Ту, Гимн)
  3. Қазақстанның жергілікті халқы қай тілде сөйлеседі? (Қазақ тілінде)

5.Қазақстанның ұлттық валютасы не? (Теңге)

  1. 1994 жылы ғарышқа ұшқан кім? (Талғат Мұсабаев)
  2. Ата заңымыз қашан қабылданды? (1995 жылы 30-тамызда жаңа Ата Заңымыз қабылданды)

2 КЕЗЕҢ. Жұмбақтар шешу.

Ескерту:Жұмбақтар Қазақстан қалалары мен қазақ батырлары туралы болады.

 

Бұл қаланың басталды жыры жаңа,

Қазақстан төрінен мұны қара.

Бірінші буынында  тамақ аты,

Екінші буынында  ірі қала.(Астана)

 

Қалған сүрлеу бар әлі Жошы ханнан,

Құйыны бар билейтін тосын алдан.

Күрішті аймақ шақырар сені алыстан,

Ғарышты айлақ табылар осы маңнан.(Қызылорда)

 

Бибігүл шырқаса,әннің сәні келер,

Өнерге күш қайратын әлі берер.

Қала даңқын биікке тұр көтеріп,

Абай,Мұхтар, Шәкәрім,Әмірелер.(Семей)

 

НайманныңҚаракерей руынан,

Артық туған өзгенің мың ұлынан.

Бұл батыр Дарабоз деп атақ алған,

Жауменен шайқасқандағы қылығынан.(Қабанбай батыр)

 

Жанқияр патриотқа тән қылығы,

Бұл жас жігіт өлмейді мәңгі тірі.

Оны ойласам келеді құлағыма,

Әйгілі желтоқсанның жаңғырығы.(Қайрат Рысқұлбеков)

 

Таратамыз әлемге,досқа атын біз,

Егер жырлай алмасақ босқа ақынбыз.

Ұлы Отан соғысында ұлты қазақ,

Кімдер еді мергендер- қос батыр қыз? (Әлия,Мәншүк)

 

3 кезең. «Өнер алды – қызыл тіл». Мақал-мәтелдер оқылады, қалып қойған сөзді табу керек.

1)Отанды сүю — …басталады. (отбасы)

2)Отансыз адам — … бұлбұл. (ормансыз)

3)Ер қанаты — …(ат)

4)Ел көркі — …, өзен көркі – тал. (мал)

5)Ел құлағы …(елу)

6)Әкенің қадірін, балалы болғанда … (білесің)

7)Халық күші алып … (күш)

8)Адал ұл ер боп туса … тілегі. (ел)

9)Отан … ыстық. (от)

10)Ер туса – елдің көркі,

Қыз туса — …көркі. (жер)

4 КЕЗЕҢ. Өзіндік   жұмыс: Өз құқыңды білесің бе?

Қойылымдар көру арқылы пікірлесу.

1-көрініс. Екі оқушы аулада ойыншықпен ойнаған сәбиді жолықтырады.

— Ойыншығың әдемі екен кім алып берді?

-Ата анам,

-Ата- анаң тағы не үйретті?

-Үлкендерді сыйлауды.

-Біз үлкенбіз бе?

-Иә.

-Онда аяқ,қолыңды көтеріп тұр.

Сәби аяқ,қолын көтеріп тұрады .Оқушылар мазақ етіп кетіп қалады.

 

Сұрақ: — Қандай жағымсыз әдет көрдіңдер?

Бұл заң бұзушылыққа жата ма?

 

-Сәбиді ата — анасы дұрыс тәрбиелеген бе?

(Оқушы пікірлерін тыңдау)

 

Түйінді ой:Сәбиді ата -анасы дұрыс тәрбиелепті.Бірақ 17 бапты үйретпепті.

Ата Заңымыздың 27  бабында «балаларды тәрбиелеу ата ананың басты міндеті»делінген.

 

Ата Заңымыздың 17 бабында «ешкімді азаптауға , оған зорлық –зомбылық жасауға, адамдық қадір қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге болмайды» делінген.

 

2-көрініс.Үш оқушы келе жатыр.Олардың біреуі:

-Бүгін демалыс қой,қалай демаламыз?

Ішім пысты .Бірдеңе жасайықшы.

Екіншісі:-биік жанатын алау жасайықшы .

Үшіншісі:-Таптым,таптым  бәрің ауыздарыңды ашып қаласыңдар  мына үлкен ағашқа от тигізсек үлкен алау болады.От тигізейік — деп жүгіре жөнеледі.

Қалған екі оқушы «мұндай қызығыңның керегі жоқ» деп оны әрең тоқтатады.

Сұрақ:-Қандай жағымсыз әдеттер байқадыңдар?

— Жақсы қасиеттер байқалды ма?

— Бұл заң бұзушылыққа жата ма ?

(оқушы  пікірлерін тыңдау)

Түйінді ой:   Балалар  24 бапты білгенмен ,38 бапты білмейді екен.

1.Ата Заңның    24 бабында     «әркімнің тынығу құқығы бар»делінген.

2.Ата Заңның    38    бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға  міндетті»

Қорытынды.

Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық. Қолымызда – Тәуелсіздіктің көк Туы , Елтаңбамызда – бар халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз, арманымызды алға апарар қанатты пырақтарымыз бар. Лайым, бетімізден жарылқасын! Үлкен жолдың үстінде бізді ата-бабаларымыздың аруағы желеп-жебеп жүре берсін!

Қазақстан Республикасының

Тұңғыш Президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаев

 

Аман қалған шабуылдан жүздеген

Батыр халық екенбіз ғой біз деген

Аямаған жұрттан нанын тұз бенен,

Жомарт халық екенбіз ғой біз деген.

Отан адамға өмір сүру қуанышын, өзінің күшіне деген сенім, елі үшін мақтаныш сезімін сыйлайды. Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, біз үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр.