Отбасы мүшелері және олардың міндеттері

369
Сабақ жоспары Уақыты
Сыныбы: 2  сынып
Пәні: Дүниетану
Сабақтың  тақырыбы:    Отбасы мүшелері және олардың міндеттері
Сабақтың  мақсаты:

Білімділік: 

 

Оқушыларға  «отбасы» түсінігінқалыптастыру, Отбасыдегенкелешекұрпақтыжалғастыратынболашақ. Отбасында адамдардың алатын орны туралы түсінік беру.Отбасымүшелерінің міндеттеріменөзарақарым- қатынасыжайлыәңгімелеуарқылы түсіндіру. Оқушыларға әке — шеше, бауырдың қадірін білгізу.Түрлі тапсырмаларды орындау арқылы  сөйлеу дағдыларын,шеберліктерін қалыптастыру.

 

 
Дамытушылық:

 

Ой-өрістерін, танымдық, шығармашылық, қабілеттерін, мәдени  ұқыптылық, әдептілік қасиеттерін, шеберліктерін, пәнге  деген  қызығушылығын,  дүниетанымын  дамыту.

 

 
Тәрбиелік:

 

Ата-анасына, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа,қамқорлыққатәрбиелеу. Оқушылардыңбойынаата-анағадегенсүйіспеншілікті, құрметсезімінояту, адалдапарасаттыұлменқызтәрбиелеу.

 

 
Сабақтың  түрі: Білім, білік, дағдыны қалыптастыру.

 

 
Сабақтың  типі:  Дәстүрлі  емес

 

 
Сабақтың  әдістері: көрнекілік, түсіндіру,  сөздік, шығармашылық жұмыс  ,  әңгімелесу,  баяндау, өз  бетінше  жұмыс,  нұсқау  беру.

 

 
Сабақтың  көрнекілігі: Интерактивті тақта, көркем  суреттер,үлестірмелі  материалдар,

 

 
Оқыту  технологиясы: Ақпараттық -коммуникативтік  технологиясы.

 

 
Пәнаралық  байланыс: Математика, музыка, анатілі, бейнелеу  өнері.

 

 
Сабақ  барысы: I.Ұйымдастырукезеңі.

А) Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен –

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз.

Ә) кезекші рапорты

(кезекші сыныпты түгендеп, үй тапсырмасы қандай болғанын айтады)

 

 

2 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 мин

  ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Жануарлар мен өсімдіктердің қызыл кітабы»

Қызыл кітап дегеніміз не?

Мен ата заңды неге сендерге көрсетіп отырмын?

Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерден білетінің бар ма?

 

 

5 мин

  ІІІ. Жаңа тақырып

Кіріспе

А) Сөзжұмбақ шешу арқылы тақырыпқа шығу

«Отбасы» осы сөзді қалай түсінесіңдер? (ата-әже, әке-ана,аға-іні, апа –сіңлі- олар кімдер? Бәрін бір сөзбен қалай атаймыз?

 

Ә) Суретпен  жұмыс, өлеңнің мағынасын ашу

Суретті және өлеңді түсіндір. Қандай отбасы деп ойлайсың?

Отбасы әр адамның  шағын  отаны.Отбасынды өсіп-өніп  тәрбие алады. Біз жастаймыздан  өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы үлкендерді  сыйлауды, жақсы  көруді  отбасынан  үйренеміз. Бізге ең  жақын ең қымбат  жандар  отбасында яғни бірге  жанымызда  болады.  Отбасыата –әженің  ұрпағынан  тарап,  шағын  мемлекетке  айналады.

 

 

 

3 мин

 

 

3 мин

  Негізгі

А) Оқулықпен жұмыс (73-74  бет)

Ең алдымен мәтіннің тақырыбына көңіл аудар. Мүшелері, міндет дегенді қалайтүсінесің?

Ә) мәтінді түйіндеу (сұрақ- жауап арқылы)

Сонымен, отбасы дегеніміз не?

Отбасы- Бірге тұратын, бір -біріне қамқорлық жасайтын және ортақ шаруашылық жүргізетін бір үйдің адамдары

Ата-ана міндеттері туралы не айтасыңдар?

Ата-анамыз біздің тұрмысымыз жақсы болуы үшін еңбек етеді. Отбасын қорғау.

«Батыр ана» қалай түсінесің?

Көп баланыдүниеге әкелген ананы- Батыр ана деп атаймыз.

Көп бала өсірген аналарға «Күміс алқа», «алтын алқа» беріледі.

Б) « менің отбасым»өз отбасы жайлы әңгіме

Оқушылардың өз отбасылары жайлы әңгімелеу

 

5 мин

 

3 мин

5 мин

  Сергіту сәті

«Үйде біз нешеуміз?» санамақ

Кел,санайықекеуміз.

Бас бармағым–атам.

Балаңүйрек-әжем.

Ортан  терек –әкем.

Шылдыр  шүмек–анам.

Кішкене  бөбек- сен.

Бірүйде  бізнешеуміз?

Бір  үйдебесеуміз.

Жұдырықтай жұмылған

Тату тәтті бәріміз

Бір үйде тұрамыз.

2 мин
  Шығармашылық тапсырма

 

«Отбасындағы менің міндеттерім» (сурет, өлең, шығарма)

Әр бала өзінің мектепте немесе отбасындағы міндетін қалауы бойынша белгілі бір формада көрсетеді.

Мыс: оқушының міндеттері:

1.      Әркім Қазақстан Республикасының Ата заңын сақтауға;

2.      Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті;

3.      Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге;

4.      Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге;

5.      Тарихи мәдени мұраларды сақтауға;

6.      Тарихи ескерткіштерді қорғауға;

7.      Табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға;

8.      Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға;

9.      Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет танытуға;

10.  Ата-анаға қамқорлық көрсетуге.

 

 

5 мин

  Қорытынды:

«Отбасы ағашы» (отбасыңның шежіресін құру)(музыка қосып қою)

Мыс: мынау менің отбасымның ағашы.Бұл ағаш әлі де жалғасып келеді. Әр бала берілген ағаш суретіне отбасында бірге тұратын туыстарды атап, жабыстыру керек

 

5 мин

  Үйге тапсырма:

Мәтінді оқып, мазмұндау

«Ананың қолы-Алтын» шағын шығарма жазу

2 мин
  Бағалау (оқушылардың сабаққа қатысуына байланысты) 1 мин
  «Жүректен жұрекке» тілек білдіру

Анаң-күнің жүрегің, Әкең — өмір тірегің

Сен бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын.

Әжең-асыл ардағың, Атаң – дана қорғаның,

Сен бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын.

Ағаң- қамқор асқарың, Інің –мөлдір аспаның,

Сен бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын.