Құрамында квадрат түбір табу операциясы бар өрнектерді түрленді

94

Құрамында квадрат түбір табу операциясы бар өрнектерді түрлендіру

8 сынып

 Оқулық: А.Әбілқасымова, В.Корчевский, А.Абдиев, З.Жұмағұлова Алгебра, 8-сынып

Сабақтың мақсаттары:

  • Құрамында квадрат түбір табу операциясы бар өрнектерді түрлендірудің барлық түрлері бойынша білімдерін жинақтау;
  • Квадрат түбір қасиеттерін қолдану дағдыларын бекіту;
  • Алған білімдерін ҰБТ тапсыруда қолдана білуге үйрету;
  • Ойлау қабілеттерін және шығармашылық іс-әрекет элементтерін дамыту (интуиция, тапқырлық, салыстыру, талдау)
  • Оқу еңбегіне жауапкершілікпен қарауға, оқу қиындықтарын жеңе білуге тәрбиелеу.

 

Оқу материалдары және құралдары:

  • Компьютер, ноутбуктар, интерактивтік тақта;
  • Мұғалімнің және оқушылардың презентациялары,
  • Оқушыларға арналған тесттер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

-Бүгінгі күнге үйге берілген тапсырмаларды тексерейік . Назарымыз экранда.

(1 слайд)

-Дәптерлеріңе бүгінгі күнді және сынып жұмысы деп жазыңыздар. Бүгінгі сабақта біз өткен сабақтарда алған білімдерімізді қолдануға жаттығамыз. Егер сабаққа белсенді қатыссаңыздар бүгінгі сабақта екі баға алуларыңызға мүмкіндік болады. Топ басшылары сіздердің белсенділіктеріңізді бағалап отырады. Сәттілік тілеймін!

Өткен сабақтарда біздің қандай жұмыстарды атқарғанымызды еске түсіріп және бүгінгі сабақ сол жұмыстардың қорытындысы екенін ескере отырып, осы сабақтың тақырыбын тұжырымдауға тырысайық (балалар жауап береді).

-Дұрыс. Тақырыпты жазайық: Квадрат түбір белгісі бар өрнектерді түрлендіру. (2 слайд)

-Сабақта біз квадрат түбір қасиеттерін, көбейткішті түбір таңбасының алдына шығаруды, көбейткішті түбір таңбасының ішіне енгізуді, ұқсас мүшелерді біріктіруді, қысқаша көбейту формулаларын қолдануды, бөлшетің бөліміндегі иррационалдықтан құтылуды еске түсіреміз.

-Сабақтың жоспары: алдымен біз ауызша жұмыс істейміз, сонан соң бірнеше тапсырмаларды жазбаша орындаймыз, соңында біз тест жұмысын орындаймыз.

 

2.Ауызша жаттығу:

-Алдымен квадрат түбір қасиеттерін еске түсірейік. (3,4 слайдтар)

-Оқушылар бірінен соң бірі квадрат түбір қасиеттерінің тұжырымдамасын айтып шығады.

-Енді мына тапсырмаларды ауызша орындайық (5-6 слайдтар):

  1. Жаттығулар орындау (1 қосымша материал):

-Біз теориялық материалды есімізге түсірдік. Енді оны мына тапсырманы орындау арқылы бекітейік. Топтарға карточкалар үлестіріледі. Ондағы тапсырманы орындағанда, белгілі бір математиктің аты-жөні шығады. Табылған әріптермен тақтадағы кестені сәйкесінше толтырайық (7 слайд).

-Ал енді осы Рене Декарт туралы тарихи мағлұмат дайындап келген оқушыға сөз берейік (8 слайд).

 

-Енді кезекті оқушылардың дайындап келген проект жұмыстарына берейік. Оқушылар бірінен соң бірі шығып үйде дайындап келген мысалдарын экранда көрсетеді, түсіндіреді, қалған оқушылар дәптерлеріне жазып отырады (9-14 слайдтар).

 

 

 

4.Көзге арналған сергіту сәті (15,16,17 слайдтар)

5.Шығармашылық тапсырма:

Қазір сіздерге шығармашылық тапсырма ұсынылады. Шешімін жұппен талдауға болады.(18 слайд)

Кім шығарса, тақтаға шығып орындайды және түсіндіреді:

 

Сыртқы түбір белгісінен босату керек:

     6.Ал енді алдарыңыздағы ноутбуктардағы электрондық тесттерді орындайық.

-Бұл тапсырмалар сіздердің болашақтағы ҰБТ-ге дайындықтарың болып саналады. Бұл тесттердің формасы алдағы ҰБТ-ң формасына сәйкес жасалған. (Дайын тесттерді 8-сынып математикасының элетрондық оқулықтарынан алуға болады).

Бағалар критерийлері тақтада жазылған:

6-7 тапсырма дұрыс – баға «3»

8-9 тапсырма дұрыс – баға «4»

10 тапсырма дұрыс – баға «5».

  1. Үйге тапсырма.
  • Тест бойынша қатемен жұмыс.
  • Оқулықтағы немесе мұғалім берген қосымша тапсырмаларды орындап келу.
  • Жіберген қателерді талдай отырып, 1-тарауды қайталап келу.

8.Сабақтың қорытындылау:

-Бүгінгі сабақта біз немен айналыстық? (балалар жауап береді)

Рефлексия.

 

  — Топ басшылары жауап парақтарын тапсырмас бұрын қойған бағаларына түсініктеме береді.

   Сабақ аяқталды. Назарларыңызға рахмет!