Шаттыққа толы жүрекпен

72

Сабақтың тақырыбы: Шаттыққа толы жүрекпен

Білімділік мақсаты: Балалардың өзін-өзі тануына, адамгершілік құндылықтарын үйренуіне ықпал ету

Дамытушылық мақсаты: өзіне деген сеніділігін арттыру;

Тәрбиелік мақсаты: өзін және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

 

бірлік

 

Отан

 

білім

 

махаб­бат

Өзіңді танығанда ғана өзгені білесің.

Балапан

Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан атасы мен әжесінің ауылына қыдырып барды. Бірде олар аталарына аула ішіндегі бау-бақшаны арамшөптерден тазартып, ретке келтіруге көмектесіп жүр еді. Арман Нұрланды шақырды.

Барса, жерде шиқылдап сары ауыз балапан жатыр екен. Бұл ағаш басындағы ұядан құлап түскен торғайдың балапаны болып шықты. Өзі кіп-кішкентай, жүні жоқ, қызылшақа.

Балапан шиқылдай береді. Арман басқышқа мініп, балапанды ұясына қайта салды.

Арман мен Нұрлан балапанға қарайлап, үнемі қамқорлық жасап жүретін болды.

  • Арман мен Нұрлан балапанға қандай қамқорлық көрсетті?
  • Айналаңдағыларға қамқорлық жасаған кездерің болды ма?

Суретке қараңдар. Төмендегі сұрақтарды қол­дана отырып, «Біз осылай өсеміз» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.

Жағдаятты шешу

  • Өсімдіктер мен жан-жануарлардың өсуі үшін не қажет?
  • Адамның дамуына не ықпал етеді?
  • Өскен сайын өз бойларыңнан қандай өзгерістер бай­қадыңдар?
  • Өз бойларыңда қандай қасиеттер болғанын қалай­сыңдар?

Жүректен жүрекке

 

Біз осылай өсеміз

Суда жүзіп өсеміз,

Қырды сүзіп өсеміз.

Күнге қызып өсеміз,

Құмда шыжып өсеміз.

 

Қайырмасы:

Талаптанып өсеміз,

Қанаттанып өсеміз.

 

Таулар көріп өсеміз,

Баулар егіп өсеміз.

Жеміс теріп өсеміз,

Жеңіскер боп өсеміз.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.