Шыншылдық – адамдықтың белгісі

Сабақтың тақырыбы: Шыншылдық – адамдықтың белгісі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету

Дамытушылық мақсаты: өзара адал қарым қатынас жасау іскерліктерін дамтыу

Тәрбиелік мақсаты: шыншыл, адал болуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Көк алма

Жас түйнек көк алма

Түсіп қапты көгалға.

Көктей жұлған оларды

Сотқар бала оңар ма?

Сауап пенен обал да

Көкейіне қонар ма?

Мәуе берер, ал, күзде

Қайдағы алма оларға?

Соны неге білмейді,

Құлағына ілмейді.

Күтіп-баптап неге ертең

Тәтті алма жеп жүрмейді.

  • Обал дегенді қалай түсінесіңдер?
  • «Обал болады», «сауап болады» деген сөздер қандай жағдайларда айтылады?
  • Обал мен сауаптың айырмашылығын қалай ажы­ратуға болады?

Обал деген не?

Біз бірнеше бала болып, ауыл сыртындағы өзенге балық аулауға бардық. Кешке дейін далада жүретін болғандықтан, қарнымыз ашады деп, жолға азық, түрлі тамақ алып алдық.

Бұрын бір рет барғанда, әбден тамақ ішпей болдырған едік. Әсіресе нансыз ешқандай тамақ болмайды екен. Бұл жолы балықтан сорпа жасадық.

 

 

қалды. Қасымда отырған Асантай дорбасын ақтарды  да,  ішінен нанды, оның қиқымдарын жерге  төге салды. – Енді керегі жоқ. Қарын тоқ. Ауылға көтеріп барамын ба?

– Обал емес пе? Нанды неге тастайсың?

– Ой, шіркін, обал дегенді кім біледі. Білсең айтшы, ол не?

– Соны айтам-ау, өзінше білгіш.

– Қазір не көп, нан көп.

Осылай деп, балалар маған әр бүйірден тиісті. Мен оларға, шамам келгенше, нан туралы, оның қасиеті туралы айттым. Мүмкін, мен де жөнді білмеспін. Ал сендер не дейсіңдер оларға?

  • Нан дастарқанға қандай еңбекпен келеді?
  • Нанды жерге тастау дұрыс па?
  • Балаларға обал туралы не айтар едіңдер?

Обалды біліп өссең, сауапқа кенелесің.

Әңгімені өз ойларыңмен жалғастырыңдар.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.