Б. Жақып. Мен мектепке барамын.

111

1-сабақтың тақырыбы: Б. Жақып.

Мен мектепке барамын.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды мектеппен таныстыру.

2.Еске сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, фотолар.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу.

 

 

Барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық ынталандыру).

 

  1. 2. Сабақ мақсатын қою(жаңа білімді меңгеруге бағыттау).

-Бүгін «Риторика» пәнінің бірінші сабағын оқуды бастаймыз.

-Бұл сабақта біз әдемі сөйлеуге үйренеміз.

-Б. Жақып  жазған «Мен мектепке барамын» атты өлеңді оқып, танысамыз.

  1. Жаңа сабақты негізгі кезеңіне дайындау

(жетекші сұрақтар       арқылы).

-Мектеп не үшін керек деп ойлайсыңдар?

-Мектепте оқудың пайдасы бар ма?

-Сендер мектепке келгенде қалай оқисыңдар?

-Адамдар не үшін оқиды?

— Мектеп жайлы қандай тақпақтар білесіңдер?

— Мектеп туралы ән білесіңдер ме?

 

  1. Жаңа білімді түсіндірудегі іс-әрекет:

1) Мұғалім өзі оқып береді;

2) Жетекші сұрақтар қойылады.

-Өлеңде не туралы айтылған?

-Ол қандай бала туралы айтылған?

-Ата-анасын неге қуантамын дейді?

-Не үшін жақсы оқу керек?

-Мектепте барлық бала оқу керек пе?( сурет,фотолар бойынша әңгімелеу)

  1. 5. Сабақты қорытындылау.
  2. Үй тапсырмасын беру: 3-бет, ұнаған бір шумақты жаттау.