Достардың күн тәртібі

52

Достардың күн тәртібі

Сабақтың тақырыбы: Достардың күн тәртібі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділігі – балалардың бос уақытын үнемді пайдалануға білімін шыңдаймыз.
  2. Дамытушылық – оқушының ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру т.б.
  3. Тәрбиелік – оқушыны досын сыйлауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға,сабырлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу

Сабақтың  түрі: интерактивті сабақ

Сабақтың пәнаралық байланысы: Орыс тілі, дүниетану

Сабаққа қажет көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, презентация, деңгейлеп бағалау таңбашалары т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіздер ме, балалар? Қазір қай сабақ? Қазақ тілі сабағы. Қолдарымызды ұстап,  шеңбер жасап, мына өлең жолдарымен сабағымызды бастайық:

Айдай арайлап,

Күндей күлімдеп,

Жұлдыздай жарқырап

Сабақты енді бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге қандай тапсырма берілді?

  • 4 тапсырманы жатқа айту. (5 мин.)
  • «Уақыт» модулі бойынша өткен сабақтарды тиянақтай отырып достарыңның білімін өздерің тексеріңдер. Мысалы: Бір жылда неше ай бар? т.б.
  • Бір жылда 12 ай бар.

 

  • Бүгін қай күн, балалар?
  • Күн ретін дәптерлеріңе жазайық.
  • Енді демалып алайық.

Сергіту жаттығуы:

Қоян, қоян тұршы,

Бетіңді жушы

Айнаға қарашы.

Шашыңды тарашы

Киіміңді киші

Мектебіңе қарай жүрші

Орныңа отыршы

Сабағыңды оқышы!

ІІІ.Жаңа білім беру

  • Балалар, осы қоян бүгін бізге жалғыз өзі келмепті өзінің досын алып келіпті. Қане қоянның досымен танысайық.
  • Бүгін сабақта осы екі достың күн тәртібімен таныс боламыз. Қане мұқият суретке қарайық. Қонжық пен қоян не істеді? (Оқушылар слайдтағы суреттерге қарап жауап берді, оқыды)

Мұғалім 3 деңгейдің белгісін кестеге қояды. (бағалайды)

  • 2 деңгей тапсырмасы сурет бойынща әңгіме құрау.

– 3 тапсырмада реттік сан есімдердің жұрнақтарын еске түсіре отырып дәптерлерімізге сан есімге – ыншы, — інші, -ншы, -нші жұрнақтарын жалғай отырып жазайық.

Мұғалім 2 деңгейдің белгісін кестеге қояды. (бағалайды)

  • Оқушылар тақтадағы керекті сөздерді пайдалана отырып, Қоян мен ая сияқты сендер де достарыңмен өткізетін күн тәртіптеріңнің ретін айтыңдар.
  • Жұмбақты оқы, шешуін тап.

 

Жұмбақ.

Тық – тық ұрып,

Шегесін қадап,

Мезгілді саған,

Айтады санап.

(сағат)

  • Ал балалар «Кім жылдам?» ойынын ойнап жіберейік. Тақтадағы берілген уақыттың бірін таңдап 1 сөз тіркесі немесе 1 сөйлем құрастырыңдар.

Мұғалім 1 деңгейдің белгісін кестеге қояды. (бағалайды)

  • Енді арамыздан көшбасшыны таңдайық. Тақтадағы кестеге бағаларды жазайын. (Құттықтадық)

Қорытынды:

  • Ал, балалар қоян мен аюды неге достар деп айтады?
  • Өйткені олар бірге ойнайды, бірге сабаққа барады тату жүреді т.б.

Бізде аю мен қоян сияқты  достарымызбен бірге уақытымызды қызықты өткізейік, қамқор болайық.

Балалар, біздің мемлекетімізде көп ұлттар тұрады олар бір- бірімен тату дос. Осы достығымыз жалғаса берсін деп сабағымызды аяқтаймыз.

Үй тапсырмасы:

75 бет, 4 тапсырманы жаттау

Сау болыңдар!