Құмырсқа мен көгершін. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.

51

 

Сабақтың тақырыбы: Құмырсқа мен көгершін. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жуан және жіңішке жұп дауыстылар туралы ұғымын жетілдіре отырып, жұп дауыстылардың (ы, і) ерекшеліктерін байқауға мүмкіндік туғызу; өз бетімен жұмыс жасау арқылы ойлауын, сөздік қорын дамыту; оқушыларды бір-біріне көмектесуге, қамқорлық жасауға баулу.       Слайд1

Сабақтың көрнекілігі:  суреттер,сызба,слайд

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру.
  • Балалар біз қазір бәріміз орнымыздан тұрып мына өлеңді айтып көрейік:

Қарлығаш боп ұшамыз,

Көкке қанат қағамыз

Аспанда біз қалықтап,

Ұшып-ұшып аламыз.

  • Ал енді естеріңе сақтаған өлеңді дәптерлеріңе көшіріп алыңдар.
  • Өлең ішіндегі дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.
  • Енді маған айтыңдаршы қандай құстарды,құрт-құмырсқаларды білесіңдер?(оқушылар атап береді).
  • Өте жақсы сендер біледі екенсіңдер.
  • Жаңа сабақ.
  • Бүгінгі жаңа сабағымыздың аты:Құмырсқа мен көгершін.Слайд2

Оқулықпен жұмыс.

а)     Әңгімені мұғалімнің оқуы.

ә) Оқушылардың оқуы.

б)Тізбектей оқыту

в)Сөздік жұмысы: сусап — шөлдеп

г)     Слайд3

Әңгіменің мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Әңгіме не жайында айтылған?
  • Құмырсқа қайда келеді?
  • Көгершін құмырсқаға қалай көмектеседі?
  • Құмырсқа көгершіннің көрсеткен жақсылығын қайтарды ма?

 

Сурет бойынша әңгімелеу.   Слайд4

 

 

62, 63-жаттығулар орындалады.

Сергіту сәті.

Қосымша  тапсырма:

Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып мақалды оқу. Мақалдағы жұп дауыстыларды табу.

К..та..      алт..н   қа..ы..а.

Өн..р ал..ы қы..ы..   т..л.

Ұйқасын тап.  Слайд5

Толықтыру тесті.

Білмейтұғын ұзауды,

Шақырамын …. —► бұзауды

Оқушыларға дауысты дыбыстардың астын сызу тапсырылады.

Сәйкестендіру тесті.

Мына берілген сөздерге тиісті әріптерін қойып, сәйкестендір(бағыттарын көрсет).

сызғ…ш

кірп…ш                                    і

өш…рг…ш

қ…рғ…ш                                  ы

…лг…ш

с…йл…қ

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.