Толық ондықтардан тұратын әріпті өрнектерді салыстыру(есептемей салыстыр)

41

Сабақтыңтақырыбы: Толық ондықтардан тұратын  әріпті өрнектерді салыстыру(есептемей салыстыр).

Сабақтың мақсаты :1.Білімділік:  мәндерін есептемей-ақ әріпті және санды өрнектерді салыстыруды үйрету.Оқушылардың алған білімдерін  есеп шығару барысында тексеру.Амал компоненттерінің бірінің өзгеруіне байланысты қосынды мен айырманын мәні өзгеретінін  еске түсіру.

2.Дамытушылық:оқушылардың  ақыл- ойын ,ой-өрісін,танымдыққабілетіндамыту.

3.Тәрбиелік: оқушылардың өз ойын,толық дұрыс жеткізе білуге,тапқырлыққа тәрбелеу. Достық қарым- қатынас,ұжымдық іс-әрекет тәбиесін беру.

Сабақтың әдісі: талдау-жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

1-слайд.

Оқушылардың сабаққа әзірлігі.

Психологиялық   дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.      

2-слайд

Өткенді қайталау.  Сұрақ-жауап                                  

«Білім көзі- кітапта демекші».Кітаптың әр бетін аша отырып,тапсырмаларды орындаймыз.

50 санында қанша ондық бар?

50=5 ондық           2 ондық=20

9 ондық=90           10 =1 ондық

80=8 ондық

-10,20,30,40,50,60,70,80,90,100 ондықтармен тура сана;

ондықтармен кері санау 100,90,80,70,60,50,40,30,20,10;

1дм= 10см

-50+30 (санды өрнек) айырмашылығы

-в+30 (әріпті өрнек)

-Санды өрнектің-мәнін бірден табуға  болады.

-Әріпті өрнектің-мәні  бірден табылмайды, әріптің орнына сан ойлап табамыз.

-Өте жақсы!Тапсырмаларды  орындап,бүгінгі сабағымыздың  тақырыбын анықтадық.

 

ІІІ. Жаңа сабақ

3-слайд. Кітаппен жұмыс.

-Кітабымыздағы  №1 есепті қараймыз”Кел, ойнайық” ойыны арқылы есепті шығарамыз. Ол үшін 1-қатар қосудың компоненттерін атайды.Қосындының мәнін табады.

2-қатар айырманың мәнін тауып, компоненттерін атайды.

3-қатар  айырманын мәнін табады.

 

ІV.Дәптермен жұмыс.

1(ауызша)Теңдіктер,теңсіздіктер құру.

а+70 =  70+а

а+70 >  70-а        а-0  > 70-а

№2    4-слайд.Салыстыру.

а  <  а+30         в >  в-30

с+30 = 30+с     50-с < 10(таңдау әдісімен шығару,мысалы  с=10,,50,40)50-10>10, 50-50<10, 50-40=10(түсіндіріп айтып шығару)

 

  1. Сергіту сәті. 5-слайд. «Көңілді сайқымазақтар» Сайқымазақтардың қимылына қарап балалар би билейді.

 

6-слайд.”Кім көп біледі”

№3 есептемей салыстыр.

40+30 < 50+40          a+30<50+a

70+30>70-30             d+30>d-30

80-40<80-10d-40 <d-10

70-20>70-30              70-c<30-c

 

7-слайд .Айгерімге көмек.

№4  Есепті шығар.

Анам 40 қызанақ көшетін  және одан 20-сы артық қияр көшетін  отырғызды.Анам қанша қияр көшетін  отырғызды?(есеп талданып,қызанақ пен қияр көкөніс екені,пайдасы туралы да айтылып өтіледі)

Қысқаша шарты жазылады.

Қызанақ-40 көшет

Қияр-?,20 көшет артық↑

Ш:40+20= 60(көшет)

Ж :анам 60 қияр көшетін отырғызды.

-Өте жақсы!Айгерім  есеп шығаруға көмектескендеріңе  рахмет  айтуда.

 

VI.Қорытынды.

8-слайд.«Ойлан тап» 

  1. Мен бір сан ойладым, оған 50-ді қосқанда,90 шықты.Мен қандай сан ойладым?(40)

2.Мен  бір сан ойладым, оған 30-ды қосқанда,80 шықты.Мен қандай сан ойладым?(50)

3.Мен бір сан ойладым.Одан  20-ны азайтқанда 40 шықты.Мен қандай сан ойладым?(60)

 

VII. Бағалау.    Оқушылар бағаланады.

VIII.Үйге тапсырма: №5,180-бет.