«Ондық бөлшектерді көбейту және бөлу» тарауы бойынша қорытындылау сабағы

36

Сабақтың тақырыбы: «Ондық бөлшектерді көбейту және бөлу» тарауы бойынша қорытындылау сабағы

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың «Ондық бөлшектерді көбейту және бөлу» тарауы бойынша алған білімдерін қайталау арқылы, терең меңгеруіне; ақпараттық және коммуникативтік құзіреттілік тұрғысынан жетілуіне ықпал ету;
  2. Дамытушылық: Ойын элементтері арқылы оқушылардың тарау бойынша жаттығуларды орындау шеберлігін, машығын, әдет, дағды, іскерлігін жетілдіру; ондық бөлшектерді көбейту және бөлу амалдары бойынша біліктіліктерін дамыту.
  3. Тәрбиелік: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғай білуге, табиғатты сүюге, туған өлкенің табиғатына қамқорлықпен қарауға баулу; болашақ табиғат жанашыры болатын, рухани жан дүниесі бай ұрпақ тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: Саяхат сабағы

 

Сабақтың типі: Дәстүрлі емес сабақ

 

Оқытудың әдістері: Сұрақ-жауап, деңгейлеп дамыта оқыту, ойын технологиясы элементтері.

 

Оқытудың формасы: Бірлескен ұжымдық іс-әрекет

 

Пәнаралық байланыс: Экология және дүниетану, қазақ тілі, информатика, геометрия

 

Сабақтың көрнекілігі:1. Слайд-презентация

  1. Гүл, жапырақ қималары
  2. Семантикалық карта
  3. Жетондар «Жасыл ел»

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (3-мин).

а) Сәлемдесу;

ә) Сабаққа келмеген оқушыларды анықтау;

б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

в) Сынып бөлмесінің дайындығын тексеру;

г) Назар аудару: Балалар, біз бүгінгі сабақта табиғатқа серуен жасайық. Табиғатқа серуендеудің бір шарты бар. Ол- көңіл күйлеріннің жақсы болуы. Ол үшін біз психологиялық тренинг жүргіземіз.

д)  Психологиялық «Көтеріңкі көңіл күй» атты тренинг. әр оқушы парталас жолдасына жапырақтарға, гүлге жақсы тілектер жазып, бір-біріне ұсынады.

 

 

 

Мақсаты Мұғалімінің әрекеті Оқушы әрекеті Тапсырма түрі Әдісі Жүйесі Тәрбиелік мәні Көрнекілік Ұпай Уақыт
1 Білім Балалар, дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып қойыңдар.

Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын:

Бүтін менен бөлшекті,

Үтірменен айырған.

Әп-әдемі жазылар,

Айтыңдаршы, қандай сан.

Ондық бөлшектер Ұжым Сұрақ-жауап Оқушы-мұғалім Ұйымшылдық

Ұшқыр ойлай білуге, ойын еркін жеткізуге

Слайд №4-№6

 

2-мин
Әрине, ондық бөлшектер. Ендеше біз «Ондық бөлшектерді көбейту және бөлу» тарауын қорытындылаймыз.  Тарау бойынша үйренгенімізді ортаға салайық.

Олай болса, бүгінгі сабақтың міндет пен мақсатын өздерің анықтаңдар.

—    Ондық бөлшектерді көбейтуді жетілдіреміз;

—    Ондық бөлшектерді бөлу бойынша біліктіліктерімізді  дамытамыз.

—    Сандарды дөңгелектейміз.

—    Арифметикалық ортаны табамыз.

Сабақтың мақсаты:

1.                   «Ондық бөлшектерді көбейту және бөлу» тарауы бойынша алған білімдерін қайталау арқылы, терең меңгеруге ықпал ету.

2.                   Ойын элементтері арқылы оқушылардың тарау бойынша жаттығуларды орындау шеберлігін, машығын, әдет, дағды, іскерлігін жетілдіру; ондық бөлшектерді көбейту және бөлу амалдары бойынша біліктіліктерін  дамыту.

3.                   Оқушыларды қоршаған ортаны қорғай білуге, табиғатты сүюге, туған өлкенің табиғатына қамқорлықпен қарауға баулу; болашақ табиғат жанашыры болатын, рухани жан дүниесі бай ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті: табиғатқа визуалды түрде серуен жасау арқылы, оқушының пәндік білімін жетілдіру.

 

 

Мақсаты Мұғалімінің әрекеті Оқушы әрекеті Тапсырма түрі Әдісі Жүйесі Тәрбиелік мәні Көрнекілік Ұпай Уақыт
1. Р е п р о д у к т и в т і к д е ң г е й
Балалар, табиғатқа серуен жасайық. Серуен мына бағытпен жүргізіледі: Ұжым Таныстыру Оқушы-Мұғалім Ақпараттық құзіреттілік Слайд №7 5 мин
Серуендеу кезінде экологиялық соқпақпен жүреміз. Соқпақ дегеніміз не? Жол, жалғыз аяқ жол Ұжым Сұрақ-жауап Оқушы-Мұғалім Коммуникативтік құзіреттілік
Иә, осы жол арқылы алдымен орманға барамыз. Орманның байлығы не? Орманның байлығы-ағаштар. Орман ұзақ уақыт өседі және көп еңбекті қамқорлықты қажет етеді. Ұжым Сұрақ-жауап Оқушы-Мұғалім Коммуника-тивтік  құзіреттілік Слайд №8
Ормандағы мына бір ағаш қурап, көктемей тұр екен. Осы ағашты білім нәрімен суарайық.

 

Оқушылар ондық бөлшекті натурал санға, ондық бөлшекке көбейту және бөлу ережелерін айтады. Ұжым Сұрақ-жауап Оқушы-Мұғалім Шапшаңдық, ойды жүйелеу, жеткізу Слайд №9

 

 

Мақсаты Мұғалімінің әрекеті Оқушы әрекеті Тапсырма түрі Әдісі Жүйесі Тәрбиелік мәні Көрнекілік Ұпай Уақыт
Орманның ішінде қоқыстар, қалдықтар жатыр екен.

Табиғатты, орманды ластайтын кімдер?

Адамдар. Ұжым Сұрақ-жауап Оқушы-Мұғалім Қоршаған ортаны қорғау Слайд №10 3 мин
Дұрыс, осы қателікті түзеу үшін біз не істеуіміз керек? ормандағы қоқысты жинастырайық Ұжым Сұрақ-жауап Оқушы-Мұғалім Табиғат жанашыры болу
Дұрыс, ол үшін әрбір қоқысқа жазылған есептерді ауызша орындайық.

0,6Ÿ7

0,5*0,8

1,3Ÿ0,3

4,8:2

5,6:8

2,5:0,5

 

 

4,2

0,4

0,39

2,4

0,7

5

Ұжым Практикалық

 

 

Оқушы-көрнекілік

 

Ойлау қабілетін дамытады
2. А л г о р и т м д і к   д е ң г е й
2 Түсіну Келесі, баратын бағытымыз–Қорық. Қорық дегеніміз не? Қорық дегеніміз — табиғатты, өсімдіктер мен жануарларды қорғау үшін қамқорлыққа алынған аумақ. Ұжым Сұрақ-жауап Оқушы-Мұғалім Өз ойын еркін жеткізу Слайд №11 7 мин
Міне, қорыққа да келіп жеттік. Бұл қорықтың аты қандай екен, соны табайық. Ол үшін мына  семантикалық картадағы тапсырманы орындау қажет.

 

Семантикалық картаның жолдарындағы есепті шығару керек. Есептің шешуін баған аттарынан тауып, қиылысқан тұстағы әріпті белгілеу керек.

Жауабы: Үстірт

Жеке дара

 

 

 

 

 

Практикалық

 

 

Оқушы-көрнекілік

 

Ойлау қабілетін дамытады Слайд №12-№13

Семантикалық карта

 

 

Мақсаты Мұғалімінің әрекеті Оқушы әрекеті Тапсырма түрі Әдісі Жүйесі Тәрбиелік мәні Көрнекілік Ұпай Уақыт
Үстірт қорығы туралы мәліметпен танысайық.

Орналасқан жері – Маңғыстау облысы

Құрылған мерзімі– 1984 ж.

Жер көлемі: 223,28 мың гектар.

Жер көлемін ондық үлеске дейін дөңгелектендер.

223,3 Ұжым Сұрақ-жауап Оқушы-Мұғалім Ақпараттық құзіреттілік Слайд №14 5
Үстірт қорығындағы жануарлардың қайсы жойылып кеткен түр санатына жатады және халықаралық деңгейде қорғауға алынған?

1. Қабылан

2. Қара құйрық

3. Қарақал

4. Үстірт арқары

Мына блок-схема бойынша есептеу жүргізіп, шыққан нәтижеге сәйкес дұрыс жауапты табуға болады.

 жауабы: 1

Қабылан

Жеке дара

 

 

 

 

 

Практикалық

 

 

Оқушы-көрнекілік

 

Ойлау қабілетін дамытады Слайд №15
3. Э в р и с т и к а л ы қ   д е ң г е й
3 Қолдану. Келесі баратын бағытымыз– «Жасыл ел» ұйымы. «Жасыл ел» ұйымы туралы не білесіндер? Естігендерін, теледидардан көргендерін бар ма?

Ондағы жастар немен айналысады-?

2005-2007 жылдары Елбасының бастамасымен «Жасыл ел» жастардан құралған еңбек жасақтары  құрылды. Ұйымның жастары орман шаруашылығын дамытуға, елді мекендерді көгалдандыруға, ағаш отырғызу жұмыстарына үлестерін қосады. Ұжым Сұрақ-жауап Оқушы-Мұғалім Өз ойын еркін жеткізу, дүниетанымын кеңейту Слайд №16-№17 8

 

 

 

Мақсаты Мұғалімінің әрекеті Оқушы әрекеті Тапсырма түрі Әдісі Жүйесі Тәрбиелік мәні Көрнекілік Ұпай Уақыт
«Жасыл ел» ұйымының жастары саябаққа ағаш отырғызып жатыр екен. Олар көктем басталғаннан бері қанша ағаш отырғызғанын білгілерің келе ме?

«Жасыл ел» ұйымының жастары саябаққа шырша, емен, қайың ағаштарын отырғызды. Шырша ағашы отырғызылған ағаштардың 0,36 бөлігін, емен ағашы 0,12 бөлігін құрайды. Отырғызылған қайын ағашы емен ағашынан 60-қа артық. Саябаққа барлығы неше ағаш отырғызылды?

Барлық ағаш – х

Шырша – 0,36 х

Емен – 0,12 х

Қайың – 0,12 х + 60

Барлығы қанша ағаш-?

0,36х+0,12х+0,12х+60=х

0,6х+60=х

х-0,6х=60

0,4х=60

х=60:0,4

х=150

Жауабы: 150 ағаш отырғызылды.

Жеке дара

 

 

 

 

 

Практикалық

 

 

Оқушы-көрнекілік

 

Ойлау қабілетін дамытады Слайд №18-№19
5 Жинақтау 4. Ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ    д е ң г е й
Келесі нысанамыз –«Жерұйық» экологиялық орталығы болып табылады.

Ол қандай орталық, қайда орналасқанын білесіңдер ме?

 

Экологиялық орталық —ауданның экологиясын, жекелеген табиғат объектілерін жан-жақты зерттейді, өсімдіктер, құстар және жануарларын өсірумен айналысады. Ұжым Сұрақ-жауап Оқушы-Мұғалім Өз ойын еркін жеткізу Слайд №20-№21 7 мин
Экологиялық орталықта мынандай мәліметтер бар екен:

Көптеген аурулардың себепкері: жайсыз экологиялық жағдайлар болып табылады: ауаның, судың, топырақтың ластануы.

Ауаның ластануы

Зауыт үстінде 0,86
Қаланың үстінде 0,129
Ауылдың үстінде 0,01
Өзен,көлдердің үстінде 0,001
Орманның үстінде 0,0003

1. Қай жердің экологиялық жағдайы жағымды екенін анықта.

2. Ауа ластануының арифметикалық ортасын тап.

1. Орманның үстінде

2. 0,2

Жеке дара

 

Практикалық Оқушы-көрнекілік Ойлау қабілетін дамытады Слайд №22-№23

 

Мақсаты Мұғалімінің әрекеті Оқушы әрекеті Тапсырма түрі Әдісі Жүйесі Тәрбиелік мәні Көрнекілік Ұпай Уақыт
Үйге тапсырма.

1. Тиін шамамен 6 жыл жасайды. Бұл қоянның жасауға тиісті жасының 0,6-на тең. Қоян неше жыл жасайды?

2.

— Қазақстандағы қорықтар туралы мәліметтер жина;

— Жинақтаған мәліметтер бойынша мына төмендегі кестені толтыр.

— Жер көлемін бүтінге дейін жуықтап, есепте.

 

Қорықтың аты Жер көлемі Жуық мәні
Ұжым Шығармашылық Оқушы Оқушы ізденеді, зерттеулер жүргізеді. Слайд №24 2 мин
6 Бағалау Бағалау оқушылардың жинаған жетондары арқылы жүргізіледі. «3» бағасы – 2-3 жетон жинау

«4» бағасы – 4-6 жетон жинау

«5» бағасы – 7 –ден көп жетонға қойылады.

Ұжым Салыстыру Мұғалім Өз мүмкіндіктерін бағалайды Жетон

Слайд №25

2 мин
Қорытындылау Бүгінгі сабақтан не түйдіңдер!

«Табиғатты, аялайық достар» деген сөзбен сабағымызды қорытындылаймыз.

Сабақ яқталды. Сау болыңдар!

Табиғатты қорғау керек;

Ағаш отырғызу керек;

Көктемде өз ауылымызды көркейту керек, тазалау керек;

Табиғатты ластамау керек.

Ұжым Сұрақ-жауап Оқушы-Мұғалім Өз ойын еркін жеткізу, қорытынды жасау Слайд №26-№27 1 мин