КІМ? ҚАЙДА? ҚАШАН?

60

Тақырыбы: КІМ?   ҚАЙДА?   ҚАШАН?

Мақсаты: ана тілі пәні бойынша өтілген материалдарды еске түсіру,

қайталау; халық шығармашылығын оқыту арқылы

оқушылардың логикалық ойлауын, қиялын дамытып,

тілдерін жетілдіру; cөздік қорларын молайту; кез келген

(материалды) мәтінді мәнерлеп оқып, оның мазмұнын түсі-

не білуге дағдыландыру; оқушыларды адамгершілікке,

мейірімділікке, қайырымдылыққа, өз Отанының патриоты

болуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс : қазақ тілі, дүниетану, музыка

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: топпен жұмыс, түсіндіру, сұрақ-жауап,

әңгімелеу, талдау

БАРЫСЫ:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сынып оқушыларын екі топқа бөліп отырғызамын. 1-топ «Зерделілер», 2-топ «Зеректер». Екі топты бағалау үшін дұрыс жауапқа жұлдызша беріліп отырады. Кім көп жұлдызша жинаса, сол топ жеңімпаз атанады.

-Балалар, бүгінгі сайыс бес турдан тұрады. Қазір зырылдауықты айналдырамыз. Қай турға тоқтаса, сол турдың тапсырмасын орындаймыз.

                                            1-тур

                          «Ескірмейтін есті сөз»

 Тапсырма: 5 пен 0-ді сызып шық. Қандай сөз шықты? Ол кімнің сөзі?

А5л0ты0н  ұ0я50ң – 05то5ан  0қ5ымб0ат,

Қ5ұ0т  б0ер5ек0е5ң – ат50аң5  оқы5мба0т5.

(Қазыбек би)

Тапсырма: 6 мен 0-ді сызып шық. Қандай сөз шықты? Ол сөздің авторы кім?

Б0ай  бо6лса0ң,  х0а6қы6ңа  6пайд60аң  ти6сі0н,

Баоты6р  б6олс0аң,  жа6у0ға  н6айз6а0ң  т6ис0ін0.

(Әйтеке би)

                                             2-тур

«Ұлы тұлғалар»

Блиц-сұрақтар

  • Бұл адам қазақты бүкіл әлемге танытқан, ұлы ақын, философ, ағартушы.Шын аты-Ибраһим. Бірақ бізге басқа атпен белгілі. Кім туралы айтылып тұр?
  • Қазақ халқының ірі ақыны. Ұлы Отан соғысы жылдарында өткір жырымен елді күреске шақырған. «Халық поэзиясының алыбы» кім?
  • Ұлы энциклопедист, ғалым, ойшыл, философ, математик, астролог. Әлемнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы. Шын аты-Әбу Наср Мухаммед Ибн Тархан ибн Узлағ. Бізге қандай атпен белгілі?
  • Анасының құрсағында жатып әкесінің жылқысын 15 жыл баққан кім?
  • Әкесінен кішкене күнінде жетім қалып, малшы болып қызмет етіпті. Оның киген киіміне қарап «Сабалақ» деп ат қойған. Шын аты- Әбілмансұр. Қазақ халқын біріктірген адамның аты кім?
  • Ттуған жерінің күнін, түнін, қасиетті тілін, құдіретті үнін және қыбырлаған жәндігіне дейін сүйіп өткен адамның аты кім?
  • Ұлы ағартушы, педагог, жазушы, этнограф,фольклоршы. Балғожа бидің тәрбиесінде болған. «Қазақ хрестоматиясының» авторы кім?
  • Боз бала әкесінен өтіп туады, боз бала әкесіне жетіп туады, боз бала әкесінен кері кетіп туады. Оның ойынша әкесіне жетіп туған баланың аты кім?
  • Ұлы Отан соғысында ерлігімен аты аңызға айналған батыр. Полк басқарып, өзінің қазақша тегін сақтаған адам?

Қазақ ақыны, ойшыл, композитор, аудармашы. Әкесінен жастай жетім қалып, немере ағасының қолында тәрбиеленеді. «Үш анық» шығармасының авторы. Біздің мектеп сол кісінің атында?!

3-тур

                   «Кім? Қайда? Қашан?»

 

 

Абай                                                          Ыбырай

 

Екі топқа ақынның аты беріледі. Олар сол адамдар туралы не біледі, яғни Кім? Қайда? Қашан? сұрақтарына жауап іздейді. Екі топ кезек-кезек жауап береді. Қай топтың жауабы толық, сол топ жеңімпаз атанады.

Музыкалық пауза.

4-тур

             «Қара жәшік»  

      1-топ. Қара жәшікте зат жасырылған.

Сұрақ: Бірде Фараби әмір сарайына барыпты. Онда әкімдер, ғалымдар, өнерпаздар көп жиналған екен. Қыпшақтарша киінген Фараби жиналған халықты осы затпен біресе күлдіріп, біресе жылатып, соңында ұйықтатып кетеді. Ол не зат?       (Домбыра)

2-топ.

Сұрақ: Бір бала қалада оқып, қазақтың сөздерін ұмытқанын айтады. Әкесі осы затпен көмегін тигізуін сұрағанда, ол не зат екенін сұрайды. Тысқа шығып, осы затты байқамай басып кеткенде, сол заттың атауы тез есіне түседі. Ол не зат? (Тырма)

 

 

 

 

5-тур

«Ерте, ерте, ертеде… »

  Ертегілерден үзінділер оқылады. Ол қай ертегі, негізгі кейіпкері кім екенін табу керек.

  • … «Енді өлдім ғой деген сәтте Ақ бидайға садақ асынған, аң аулап жүрген адам тап болады. Бидай байғұс көзінің жасын төгіп тұрып, Адамға мұңын шағады, мүшкіл халін бастан аяқ баяндайды».  («Ақ бидай» ертегісі)
  • «Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, қымбат тастармен әшекейленген белдік те жоқ. Тек еңбексүйгіш қолым, қайрат-жігерге толы жүрегім бар». («Байлық пен ақыл» ертегісі)
  • «Қазбай қазанды алып, шалға есекті беріп жібереді. Шал есекті алып, үйіне қайтады».  («Ұр, тоқпақ!» ертегісі)
  • «Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келді. Арыстан аңдардың бірін де қайтармайды. Бір күні түлкі келеді…» («Арыстан мен түлкі» ертегісі)
  • «Бұл таластан ештеңе өнбес, жылды қарап тұралық та, кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын,- деді». («Жыл басына таласқан хайуандар» ертегісі)
  • –«Мұз, мұз. Сен неден күшті болдың?
  • Мен күшті болсам, бауырымды жаңбырға тестірмес едім». («Кім күшті?» ертегісі)

6-тур

«Жұмбақ сөз»

Тізбектің реті бойынша жүріп отырса, Әл-Фарабидің нақыл сөзі шығады. Ол қандай сөз?

Білімді       белгісіз болу
нәрсені
болу

 

ұғым деген ашуға
қабілетті

 

 

Қорытынды.

Жеңімпаз анықталады.

Білем деме, балам,                    Көп білуге ұмтылған,

Білмейтінің көп шығар.                Көз жұмғанша оқиды.

Бәрін білген адам,                        Көз жұмғанша оқыған

Дүниеде жоқ шығар.                    Көп нәрсені тоқиды.