М.Гумеров «Дүкенде»

71

Тақырыбы: М.Гумеров «Дүкенде»

Мақсаты:

Білімділік: Мәтін мазмұнын меңгерте отырып, әңгімедегі кейіпкердің қандай қылығы  үшін ұялғанына оқушының көзін жеткізу.

Дамытушылық: жүйелі ойлау қаблетін, дүниетанымын кеңейту, тілдік қорын молайту, проблемалық мәселелерді шеше білу іскерлігін арттыру.

Тәрбиелік: Жақсы, жаман қасиеттерді ажырата білуге үйрету, кішіпейілділікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Оқыту технологиясы: Блум жүйесі.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, мақал-мәтелдер.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдеп.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі:

  • Амандасу
  • Түгендеу
  • Оқушы назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен тақырып бойынша жаттаған мақал-мәтелдерді сұрау,мағынасын түсіндіру

  • Ақыл-жастан,

Асыл-тастан

  • Ақылсыз адам айқайлай келеді,

Жан-жағын жайпай келеді.

Ақылды адам жай-жай келеді,

Жан-жағын байқай келеді.

 

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

Білу

 

 

Оқушыларға  «Ой шақыру» стратегиясы бойынша сұрақтар қойылады.

ü Сендер өз беттерімен дүкеннен зат алуға барасыңдар ма?

ü Ақылды балалар қоғамдық жерлерде өздерін қалай ұстау керек?

ü «Әдептілік» сөзін қалай түсінеміз?

«Топтастыру» стратегиясы бойынша сызба құру

 

 

 

 

 

 

 
ü Оқулықпен жұмыс.

37-38б мәтінді мәнерлеп оқу

мазмұнын меңгерту

Түсіну

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талдау

1)    Мәтінді оқығаннан кейін мазмұны бойынша жоспар құрыңдар:

Жоспар

ü Жеміс дүкені

ü Дүкендегі оқиға

ü Дүкеншінің сөзі

ü Орынтайдың ұялғаны

 

2)    Сұрақтарға жауап беру.

Орынтай дүкенде неше рет  ұялды?

Осы әңгімеде:

o   Кім өкінді?

o   Кім ұялды?

o   Кім кімнің қателігін бетіне басып айтты?

 

1)    Венн диаграммасын толтыр:

Баланың бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді жаз.

 
лнпзгшрз

 

 

 

2)    Тақырыптың басты ойын айт:

-Орынтайдың қай қылығы оны ұятқа қалдырды?

-Әңгімені басқаша қалай атауға болады?

Қолдану  

1)    Түсіндірме сөздікпен жұмыс:

-Осы екі сөзбен сөйлем құра.

-Екі қасиеттің қайсысы сенің бойыңнан табылады?

-Қай қасиеттің сенде болғанын қалар едің?

Жинақтау Оқушы өзінің жаңа алған ақпаратты, мәтіннен алған сезімі, өзіңде пайда болған ойды жинақтап «Сен үшін ұялдым» деген тақырыпта эссе жазады.

 

 

Баға беру 1)    Мақалды түсіндір:

Дос жылатып айтады,

Дұшпан күлдіртіп айтады.

2)    Егер дүкенде сен тұрсаң не істер едің?