Қосу және азайту 3+56, 30+2

223

Тақырыбы:   Қосу және азайту 3+56, 30+24

Мақсаты: 1. Оқушыларды қосуға және азайтуға негізделген есептеу тәсілдерімен

таныстыру.

  1. Оқушылардың ойлауын, есте сақтауын, өз бетімен шешім қабылдап,

қорытынды ой-пікірлер білдіруін, белсенділігін, танымдық қабілетін

дамыту.

  1. Оқушыларды тапқырлыққа, алған білімдерін өмірде қолдана білуге

өзінің белсенді ойлау әрекетін жүзеге асыруына, сыйластыққа,

ізеттілікке тәрбиелеу, баулау.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация

Түрі:             Жаңа сабақ.

Әдісі:            Түсіндіру, үйрету, сұрақ-жауап, ой қозғау әдісі.

 

Сабақтың барысы:

 

I.Ұйымдастыру кезеңі:

 

Өзін-өзі тану бағдарламасы бойынша амандасады.

«Қайырлы күн» деп айтамыз

Бір болып кеште қайтамыз.

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.

  • Балалар біз құралдарымызды алып бері қарайық.
  • Сабақта түгелміз ғой? Я
  • Математика оқулығы бізге сәттілік тілейді.
  • Ендеше қай топ атына сай болар екен, атсалысып отырамыз.

 

«Білгірлер», «Зеректер», «Алғырлар».

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру.
  • Балалар үйге не берілді?

7 мысал, 57-бет.

Алғырлар тобынан оқи ғой,  10+5=15

Зеректер тобынан оқи ғой,    15-5=10

Білгірлер тобынан оқи ғой,   15-10=5

 

III.Үй тапсырмасын бекіту.

 

-Балалар сандар арқылы жасырып берілген сұрақтарға жауап берейік.

Жауап берейік.

Алғырлар тобы нешені таңдаймыз?

Білгірлер тобы нешені таңдайсыздар?

Зеректер тобы сендер нешені таңдайсыздар?

Кезек-кезек сұрақтарға жауап береді.

 

  1. Ой қозғау әдісі. Жұмбақ жасыру.

-Балалар жұмбаққа назар аударайық.

1) Есепке де кіремін

Әріпте боп жүремін.

(3).

-Дұрыс айтасыңдар 3 саны, қандай әріп «З» дауыссыз, ұяң.

-З саны — неше таңбалы? Бір таңбалы.

-Қай кластарға жатқызамыз? Бірліктер класына

-Келесі жұмбақтарға назар аударайық.

2) Әріп десең, бүйірі тоқ

Сан десең салмағы жоқ.

(0)

О саны — неше таңбалы? Бір таңбалы. Қандай әріп? «О» дауысты, жуан

-бастағы З цифрының қасына О цифрын қоятын болсақ, неше болады? ЗО

ЗО –неше таңбалы сан? 2 таңбалы.

Қай кластарға жатады? Ондықтар класына.

Неше ондық? Неше білік? 3 ондық, 0 бірлік

-Дұрыс айтасыңдар. Енді жаңа сабаққа назар аударайық.

 

V.Жаңа сабақ 3+56, 30+24 қосу және азайту.

-дәптерлерін аштырып, бүгінгі күнді жаздыру.

3+56= 50+(3+6)=59

-3 қандай сан? 1 таңбалы, бірліктер класына жатады.

-Екінші қосылғыш 56 санын разрядтарға жіктейік.

-Неше мен нешенің қосындысы? 50-6

-50 неше таңбалы сан? Екі.Неше ондыққа тең? 5 ондық

-6 неше таңбалы сан? Бір. Неше бірлікке тең? 6 бірлікке

-Амалды орындау үшін нелерді біріктіреміз? Бірліктерді.

3+6 жазуы нені білдіреді? Бірліктерге, бірліктерді қосуды білдіреді?

30+24=

-Бұл жерде 30 бен 24 сандарының қосындысы берілген.

-Бұл неше таңбалы сандардан құралған? Екі таңбалы.

-Бұл жерде нелерді біріктіреміз? Ондықтарды.

-24 санын разрядтарға жіктейік? Нешемен нешенің қосындысы?

20+4, 20 неше ондық? 2 ондық

4 неше бірлік? 4 бірлік

4 есеп. Қайсысы есеп? Оны шығар.

а) Шарты:                                                           ә) Сатып алынған – 15 кг.

Алма – 13 кг.               ? кг                                          Жіберілгені – 10 кг.

Алмұрт – 5кг                                                           Қалғаны — ? кг.

Шешуі: 1+5=18                                                       Шешуі: 15-10=5

5 мысал.

72,71,70,69,68

70+2; 70+1; 70+0; 60+9; 60+8;

 

  1. Шығармашылық жұмыс.

-Балалар мынау сендердің үйлерің

-Ендеше кім нешінші үйде тұрады екен? Тауып көрейік.

-Қане кім қай үйдікін тапты?

1) 94,   2) 64,   3) 85,   4) 60,   5) 6,  6) 14,  7)58.

 

 

VII.Қорытындылау.

-Балалар біз бүгін не үйрендік?

-Қосу және азайтудың тиімді орындалу жолдарын.

-Яғни, бірліктерге бірліктерді қосу, азайту.

-Оныдықтардан ондықтарды азайту, қосу.

 

VIII. Бағалау.

 

Алғырлар тобынан

Зергерлер тобынан                       кім қаншалықты бағаланғанын геометриялық фигуралар

Білгірлер тобынан                        тарату арқылы бағалау.