«Тіл білгірі» сайысы

227

«Тіл білгірі» сайысы

Мақсаты: Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін  арттыру, өз тілін дұрыс меңгеріп, таза сөйлей  білуге, ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Барысы:

Тілден асқан асқар жоқ,

Тілден асқан байлық жоқ,

Тілден асқан теңіз жоқ.,-

дей келе бүгінгі сайысқа қатысатын оқушыларды қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық!

                                                          (оқушылар өздерін таныстырады).

  • Сайыскерлеріміздің білімін, шешендік шеберліктерін бағалайтын әділқазылар алқасы таныстырылады.
  • Сайысымыз бес турдан тұрады.
  1. «Бәйге»
  2. «Полиглот»
  3. «Асыл сөз немесе ана тілі» әлемі
  4. «Ескірмейтін есті сөз»
  5. «Жорға»
  • Әр турдағы жауап 5 ұпаймен белгіленіп отырылады. Сұрақ барлығыңа бірдей қойылады. Кім бірінші көк жалауды көтерсе, сол оқушы жауап береді. Сұрақтар қазақ тілі, ана тілі пәндері бойынша қойылады.
    • тур «Бәйге»
  1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 9
  2. Жалғаудың неше түрі бар? 4
  3. Мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйінін не дейміз? Тақырып
  4. Сөздің түпкі бөлшегі қалай аталады? Түбір
  5. Сөйлем мүшесі неше топқа бөлінеді? 2
  6. Сөйлем мүшелерінің байланысын қалай анықтаймыз? Сұрақ қою арқылы
  7. «Дала» сөзін III  — ші жақта тәуелде? Даласы
  8. Өздері сөйлем мүшесі болмайтын, бірақ сөйлемде айтылған ойға сөйлеушінің түрліше көзқарасын білдіретін  сөздер болады екен. Осы сөздер қалай аталады? Қаратпа сөз
  9. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата? Қатаң, ұяң, үнді.
  10. Итмұрын, Әбдіқадір, тасбақа – қандай сөздер? Біріккен
  11. Қазақ тілінің әліпбиі неше әріптен тұрады? 42
  12. Түбірге жалғанатын қосымша қалай аталады? (Жұрнақ пен жалғау). 

2-тур «Полиглот»

— Бұл бөлімде мақал –мәтелдің түсіп қалған сөздерін тауып, үш тілдегі баламасын айтады. Бір сұраққа жауап беріп, бір нұсқасын айтса, 5 ұпай, қазақша, орысша, ағылшынша айтса, 15 ұпай жинайды.

  1. Өнер алды қызыл ………. (тіл-язык-…….)
  2. Тіл тас жарады………..жармаса бас жарады (тас-камень-……)
  3. Жалқаудың жаны тәтті, еңбектің …. тәтті. (нан- хлеб)
  4. Қорқақ мың өледі, ер ….. өледі. (бір-один-…….)
  5. Қыстың қамын …. ойла. (жаз-лето)
  6. ……құрмет, балаға міндет. (ана- мать-…)
  7. Таяқ еттен өтеді,…. сүйектен өтеді. (сөз-слова-…)
  8. … – асқар тау. Әке — отец …
  9. Ел құлағы-… (елу-пятьдесят)
  10. Асықпаған арбамен …. алар. (қоян- заяц-…) (Ұпайы төмен екі оқушы шығады).
  • Сіздерге алдағы уақытта жақсы білім көрсетеді деп сенеміз. Оқушыларды қошеметтеп шығарып салайық!
  • Енді 3 – турға да кезек келді.

3 – тур «Асыл сөз немесе ана тілі» әлемі

  1. Жырды айтушы адамды қалай атайды? Жыршы
  2. Алпамыс батырдың қарындасының аты? Қарлығаш
  3. Өмірде болған адамның басына құрылған халық шығармасы қалай аталады? Аңыз әңгіме
  4. «Қырғызбаев» болып аталып кеткен кім еді? Кімнің қандай шығармасы?

(«Қырғызбаев» болып аталып кеткен – Т. Рысқұлов. Ш. Мұртаза «Қызыл жебе» Бала Тұрар).

  1. «Қарлығаш әулие» атанған бидің аты. Төле би
  2. Мақал мен мәтелдің қандай айырмашылығы бар?

а) Мақалда қорытынды, тұжырымды түиін болады. Дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей келіп отырады.

ә) Мәтелде ой тікелей білдірмей, тұспалдап, жанамалдап айтылады.

  1. Достықтың екі түрі болады. «Бірі – адал достық та, екіншісі-амал достық» — деген сөзді кім айтып еді? (Әйтімбет шешен)
  2. Жұмбақ. Арқаным бар тым ұзын,

Ала  алмайсың бір үзін,

  1. Табиғат балаға қатал, суық көрінеді. Әрі салқын, әрі қорқынышты күйде есеңе түсіргендей болады. Жүрегін қорқыныш басып, жалғызсырап келе жатқан баланы не бастап келеді? Жеті түнде айдап шыққан айдаушы кім? Айдаушы сол баланың тағдыры еді. Үзінді кімнің, қандай шығармасынан алынған? (Жетім. М. Әуезов)
  2. Жабағы, тай, құнан, дөнен, бесті қай малға айтылған атаулар? Жылқы атаулары

— Сіздер ойынға жақсы қатыстыңыздар?

Алда бұдан да биік шыңдарға жетіңдер.

Қошемет көрсетіп, шығарып салайық!

(Ұпайы  төмен 2 оқушы шығады)  

4- тур «Ескірмейтін есті сөз»

— Бұл тур бойынша дайындалу оқушылардың өздеріне  тапсырылған болатын. Күнделікті өмірде ата-әжелерің айтып отыратын ырым мен тыйым сөздер жарысын өткіземіз. Кәне, кім көп біледі екен. Экраннан қандай сөз шықса, сол сөзге байланысты айтамыз.

От, мал, пышақ, үй, күл, жақ. Бас киім, нан, айт, қамшы, сыпырғыш, бесік ыдыс.

  • Сіздер де жақсы ойын түрін көрсеттіңіздер. Осыншама жетістікке жеттіңіздер.

Алдағы  уақытта қиындықты жеңе білулеріңе тілектеспін.

(Ұпайы төмен 3 оқушы  шығады) 

5- тур «Жорға»

— Бұл турда ұпайы саны жоғары 4 оқушы қатысады. Ойыншыларымыз 1 минутта сұрақтарға жауап беруі керек

(психологиялық дайындық)

  • сайыскер
  1. Көптік жалғауларды ата?
  2. Абайдың шын аты?
  3. Сөйлем мүшесі нешеу?
  4. «Төбе шашы тік тұру» тұрақты сөз тіркесі қандай мағына береді?
  5. Сын есімнің сұрақтарын ата?
  6. Тұрлаусыз мүшелерді ата?
  7. Бірінші, үшінші – қандай сан есім?
  8. Қос сөздер қалай жасалады?
  9. Қандай сөздер бас әріппен жазылады?
  10. Баяндауыштың сұрақтарын ата?
  • сайыскер
  1. Қанша септік бар?
  2. Жұрнақ пен жалғаудың қайсысы көп?
  3. Болымсыз етістік қалай жасалады?
  4. 1,2,3,4-қандай сын есім?
  5. 4 түрлі малды ата?
  6. Ұлы ағартушы кім?
  7. Әке-шеше, бала-шаға қандай сөздер?
  8. Көптік жалғауды ата?
  9. Сөйлем мүшесі нешеу?
  10. Күліп отыр, жазып отыр – қандай етістіктер?
  • сайыскер
  1. Зат есімнің сұрақтарын ата?
  2. Тұрлаулы мүшелерді ата?
  3. Қас пен көздің арасында – тұрақты сөз тіркесі қандай мағына береді?
  4. Етістіктің сұрақтарын ата?
  5. Қосымша нешеге бөлінеді?
  6. Ақкөл, Сарытүбек, Қаратау- қандай сөздер?
  7. Лақ- ненің төлі?
  8. Табыс септіктің жалғауын ата?
  9. Қазақтың ұлы ақыны кім?
  • сайыскер
  1. Мәтіннің неше түрі бар?
  2. Сөз табы нешеу?
  3. Түйе малының пірі?
  4. Абай туралы жазған ұлы жазушы?
  5. Дәмді, ақшыл, көкшіл-қандай сөз табы?
  6. қай септіктің жалғауы жоқ?
  7. Алақай, әжем келді!? –қандай сөйлем?
  8. Көмектес септіктің жалғауын ата?
  9. Жалғауларды ата?
  10. Бұзау – ненің төлі?
  • Әділ қазылар алқасы қорытындысын шығарғанша, мынау әсем әнді қабыл алыңыздар.
  • Ана тілің – арың бұл

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді, құрметте! – деп Қадір ағамыз жырлағандай, ана тілінің

мәртебесін көтеріп, құрметтейік! Жасай бер. Ана тілім-қазақ тілі!