Алтын күз сайысы

193

 

1- жүргізуші:  Армысыздар, ұлағатты  ұстаздар!

 

2- жүргізуші:  Бармысыздар  жадыраған  жас  достар!

 

Хормен:  Берекелі,  мерекелі  алтын күз  құтты  болсын.

 

 

 

  • жүргізуші: Уа, халайық, халайық,

Мұнда  назар салайық!

Мерекесі  халықтың

Алтын күзге  арналған

Кешімізді  бастайық!

 

  • жүргізуші: Армысыздар, ағайын, құрбы- құрдас!

                           Бармысыздар, жан күйер әз қауымдас!

Бүгінгі кеш  әуенін  біз бастайық

Сайыста көңілменен қол соғайық.

 

 

(Сайысқа қатысушыларды  ортаға  шақырамыз.)

 

Алдымын сайыстың  шартымен таныстырып  өтеміз.

 

  1. Өз- өзін таныстыру .
  2. Өз өнерлерін ортаға салу
  3. Көріністен үзінді.
  4. Үй тапсырмасы (жапырақтан гүл жасау)
  5. Сән үлгісі.
  6. Ас адамның арқауы. (Күзгі көкіністерден жасалған салаттар)

 

Әділқазылар мүшесімен танысамыз.

  • жүргізуші: Біздерде  ойын сауық басталады.

                           Тамаша күй  тартылып, ән салады.

Қошеметпен, қол соғып  отыралық

Ұмытармыз күні бойғы  шаршағанды.

Аққудай  әдеміміз, сұлу жанбыз

Жан сұлуы  мен тән сұлуын  тепе-тең  ғып,

Еріксіз  өзімізге  қаратамыз.

    

    (Әр сыныптың  сайыскерлері ортаға   шығып,  өздерін таныстырып өтеді. )

 

 

 

 

 

  • жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды  алар

                                  Әсем   ән мен тәтті  күй.

Көңілге  түрлі  ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.                              (Өнер сайысы )

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Өнер сайысы )

 

 

 

 

 

 

 

 

  • жүргізуші: Ал, мінеки, көрейік,

                           Қызығына  күлейік.

Осы  жолғы кезекті

Көрініске берейік.

 

 

       Үй  тапсырмасы.    Әр топқа  алдын ала  ескерту  айтылған. Кептірілген жапырақтардан   апликация  жасау.   Әр топтың  түрлі  жапырақтардан дайындаған  апликацияларымен таныс болу, өздері  таныстырып  өтеді.

 

2-жүргізуші: Модельер болу  оңай  ма?

Қиналып  жатсаң  мұңайма.

Әр мамандық  өзгеше

Өз мәнінде, шырайда. – деп келесі кезекті сән үлгісіне  береміз.

 

 

Шармен билеу. 

 

       Музыка  қосылып тұрады, музыка тоқтатылып қалғанда  шарды   тез арада жарып үлгіру керек.

 

Сайысымыздың барлық бөлімдері  осымен  аяқталды

Келесі кезекті әділқазыларға береміз.

  

Әділқазылар бір шешімге келгенше  ортаға  1- сыныптың  оқушыларын шақырамыз. «Мақта қыз»  ертегісін тамашалаймыз.

 

    

 

  

 

1-жүргізуші: 

                        

 

 

О,жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім,  жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу  да  бір жеңіс, жан  юолсаң  сен ұғатын.

Тіршілік- арман,  бәрімізге  де  орын  бар,

Басады кейде  онсыз да  қиын  жолың бар.

Қуаныш та  бар,  өкініште  бар  жолдарда,

Ұстазым  менің, достарым  менің

Бәрің  де  аман  болыңдар.

 

Құрметті  қонақтар бүгінгі «Алтын күз» кешін  жабық деп  жариялаймыз.