Тоқылдақ. Дауысты және дауыссыз дыбыс әріптері.

Сабақтың тақырыбы: Тоқылдақ.  Дауысты және дауыссыз дыбыс әріптері.

Сабақтың мақсаты: 1. Сөз ішінде дауысты дыбыстарды ажырата алу.    2.Ана тілінің байлығы арқылы оқушының тілін дамыту, сауатты көркем жазуға дағдыландыру, үйрету. 3. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, табиғат – ананы, ондағы өсімдіктер дүниесі, құстар тіршілігіне деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ.

Формасы: ұжымдық, жұптық, жеке дара

Сабақтың көрнекілігі: ертегі кейіпкерлерінің суреті, доп

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.                

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

  • Өткен сабақта қандай тақырып өттік?
  • Дыбыс және әріп.
  • Дыбыс пен әріптін айырмашылығы қандай?
  1. «Айнала күміс қар» өлеңін жатқа айту. «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқу
  2. 9-жаттығуды тексеру

Ойын: «Неліктен қызық».

Монша                адам                    мал                      Марал

Моншақ              қадам                  малта                  Марат

ІІІ. Жаңа сабақ.

Қызығушылығын ояту

-Балалар, біз бүгін ана тілі пәні бойынша экологиялық ертегі сабағын өткіземіз. Сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме? Олай болса мені жақсылап тыңдаңдар. Ертегіде жануарлар да, құстар да, ағаштар да, айналаны қоршаған табиғаттың бәрі сөйлеп кетеді. Бүгінгі сабақта ертегі кейіпкерлерімен сөйлесеміз, пікірлесеміз, бір-бірімізге көмектесеміз.

Ерте-ерте-ертеде жапан түзде жалғыз терек өмір сүріпті. 20 жасында ер жетіп, 30-ында бұғанасы бекіп, 40-та кемеліне келіпті де, 50-ден асқан соң қартая бастапты. Кейбір бұтақтары сынып, қабығының әр жеріне құрт түсіпті. Құрт көбейіп оның әр жерін тесіпті. Тұла бойы қақсап ауырған соң амал бар ма?

-Уа, жаным-ай, жаным-ай! Енді не қыламын? Құрт ауруына шалдықтым. Тесіп жеп барады, бұтақтарым сырқырайды, жапырақтарым сыздайды, жәрдем ете көріңдер,-деп терек күні-түні жылай береді. Оның дауысын естіп бір күні ақ көгершін ұшып келеді.

-Терек ата, ауруыңыз жаман екен. Мен дәрігердің кім екенін білмеймін, дегенмен іздеп көрейін,-деп ұша жөнеледі. Көгершін ұшып келе жатып бір төбенің басында отырған сауысқанды көреді де, оған келіп болған жәйді баяндайды. «Терекке жақсылық жасай көр» – деп өтінеді. Сонда сауысқан әркімнің өз жұмысы бар ғой, менің көмектесуге уақытым жоқ, — дейді.

Ақ көгершін одан әрі ұшып, қалың тоғайдың маңына жақындағанда қырғауыл кездеседі.Онан да көмектесуін өтінеді.Ол да көмектесе алмайтынын айтады. Көгершін одан әрі ұшып келе жатып, ән салған бұлбұлдың үнін естейді. Бұлбұл да көмектесе алмайтынын айтады. Көгершін ілгері ұшып кетеді. Көлде жүзіп жүрген Аққауға кездеседі. Аққу көлден кете алмайтынын. Өзінің қасиетті құс екенін, аққуға келіп көп құстар ақыл-кеңес сұрайтынын айтады.Мен саған да ақыл айтайын. Тоғайда үйсіз-күйсіз, жұмыссыз жүрген құстар бар.Соларға бар. Мүмкін солардың біреуі саған ілесіп, Теректі емдеп қалар, — дейді.

Көгершін  Аққудың ақылын тыңдап, орман ішінде бір құсқа кездеседі. Ол көгершіннің тілегін орындауға келіседі.

Ол қандай құс деп ойлайсыңдар?   /Тоқылдақ/. Осы сөздегі о,ы,а қандай дыбыстар?

Оқушылар тақырыпты ашып, мақсатын қояды.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс.

  • Хормен оқыту «Тоқылдақ» мәтінін.
  1. Дәптермен жұмыс.

11-жаттығу. 1. Өлеңді оқып, көшіріп жазыңдар.

  1. Сергіту сәті.

Тоқ-тоқ-тоқ

Тоғайды біз ластамаймыз.

Жоқ-жоқ-жоқ

Құрт құмырсқа қорегіміз

Тоқ-тоқ-тоқ

Ойын: «Сөз қуыспақ».  Оқушылар доп беру арқылы құстардың атын атайды.

1.Қосарлы дауыстыларға сөздер ойла /тақтаға жаз/.

Балалар, біз тоқылдақтың тапсырмаларан орындадық. Ол да уәдесінде тұрып теректі емдеп жазады.Содан бері әлгі Терек жайқалып өсіп тұр екен. Тоқылдақтар ағаштарды құрттардан шіруден сақтайды. Ал жасыл өсімдіктерді, ағаштарды күтсек, біздің денсаулығымызға пайдалы екенін білесіңдер.

VІІІ. Сабақты қорыту.

Торкөзге бүгініг ертегіде кездескен құстардың аты, дауысыты дыбыс әріптерін жазамыз.

КГРШН
СУСҚН
ҚРҒУЛ
ТҚЛДҚ
БЛБЛ
ҚҚ
  1. Үйге тапсырма.

12-жаттығу. «Тоқылдақ» мәтінін оқу, мазмұндау, жұмбақ жаттау. Тиым сөздер (құстар, табиғатқа байланысты) біліп келу.

  1. Бағалау.

ХІ.  Үйге тапсырма