Бесік жыры

59

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Баратай негізгі  мектебі

Искендирова Сұлушаш Ауталипқызы

 Сілтеме  Әдебиеттік оқу       2-сынып
Тақырыбы  Бесік жыры
Жалпы мақсаттар Оқушыларды қазақтың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен таныстыру. Анаға деген сүйіспеншілігін арттыру,  үлкенге ізет, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер   Оқушы бойында жауапкершілік артады.

Көзқарасын өзгертеді.

Өз ойын тұжырымдап қорытынды шығарады.

Қолданылатын материалдар Плакат, бор, маркерлер, мақалдар, қосымша материалдар..
Тапсырмалар І тапсырма

ІІ тапсырма

ІІІ тапсырма  

                                    Жүргізетін жұмысым
                Мұғалімнің іс-әрекеті  Оқушының іс-әрекеті
І.Сыныппен сәлемдесу.  Сынып оқушыларын топқа бөлу.Оқушылар қатарға тұрып 1,2-ге саналады.

Бағалау парағымен танысу.

ІІ.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

Үлкенді  тыңдаймыз

Кішілерді сыйлаймыз

Жүректердің жылуын

Бір-бірімізге сыйлаймыз.

(Оқушылар суретке қарап бір-біріне тілек айтады)

 

Шын жүректен! Гүлдей жайна! Күндей күлімде! Жұлдыздай жарқыра!Аспандай ашық бол!т.б

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру  (кубизм әдісімен)

Әр оқушы өлеңді жатқа айтады.

  — -Өлеңнің авторы кім?

— Өлеңнің тақырыбын айт.

-Өлеңді қандай көңіл күймен оқу дұрыс?

-Ақын жас ұланға дені сау болып өсу үшін қандай ақыл айтты?

-Өлең кімдерге арналып жазылған?

ІҮ. Жаңа сабақ (қызығушылықтарын артыру)

Сөзжұмбақ шешу.

І топ: Бфефсфіфк  жфыфрфы

ІІ топ: Тфұфсфафу   кфефсфу   жфыфрфы

(ф әрпін сызып тастасаңдар, бүгінгі сабақтың тақырыптары шығады)

Тақырыптар: Бесік жыры. Тұсау кесу жыры.

 

 

Ү.Балалар, бесік, тұсау кесу сөзін естігенде немесе қағаз бетінен көре қалдық делік, сонда ойымызға қандай сөздер  келеді.

(постер жасап, қорғайды)

Баланы бөлейді

Жылы

Ыңғайлы

Таза

Тербеледі

 
Салт-дәстүр

Той

Тәй-тәй басады

Құрметті адамға кестіреді

-Қандай тамаша ! Жарайсыңдар балалар, сендер  бұл салт-дәстүрлер туралы біледі екенсіңдер.

ҮІІ.Түсініктеме: Ең алғаш сәби дүниеге келгенде анасы сәбиін бесікке бөлейді . Бесікке бөлеу қазақтың салт-дәстүріне жатады.

ҮІІІ.  Мағынаны тану

І топ: Бесік жырын оқулықтан оқыту

ІІ топ: Тұсау кесу жыры өлеңін оқыту

ІХ. Сөздік жұмысын жүргізу.

Х. Автормен таныстыру.

Бесік жыры мен тұсау кесу жырларының авторы-халық. «Туғанда дүние есігін ашады өлең» деп ұлы Абай айтқандай, балаға ақ сүтімен бірге сіңген ана әлдиі ауыз әдебиеті арқылы ұрпақтан-ұрпаққа тараған. Ауыз әдебиеті-бұрынғы адамдар жазуды білмеген кезде ән, жыр, күйді балалары естіп, ұғып алған, оны өз балаларына үйреткен, сөйтіп осы дәуірге жеткен.

«Бесік жырын» үнтаспадан тыңдату.

 

 

 

ХІ.Шығармашылық тапсырма.

І- топқа бесік және құралдарын, қуыршақ ұсыну.

ІІ -топқа ала жіп, бәкі, кітап, ақша, ұялы телефон ұсыну.

Осы заттар арқылы бұл салт-дәстүрді рет-ретімен айтып бер.

Сергіту сәті: Жоғары қарап күн көрдім,

Төмен қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

ХІІ. Деңгейлік тапсырма

Ана бір қолымен әлемді тербетеді,

Бір қолымен бесікті тербетеді деген сөз бар, ендеше мынадай тапсырма

 

І .Өлең жазу (өлең жолдарын толықтыр)

…………………тербетті

…………………әндетті.

…………………жылама,

………………..қинама.

ІІ .«5 жолды өлең»

Не? Бесік

Қандай? 2 сөз

Не істеді? 3 сөз

Сөйлем.4 сөз

Синоним сөз

Топтармен сөзжұмбақ шешу.

Сұрақтары:

1.Қуанышты хабарды жеткізген кезде айтылатын сөз.

2. «Ассалаумағалейкум» деген сөз қандай әдет-ғұрыпты білдіреді?

3. Бесік жыры айтылған кезде баланы жұбату үшін айтылатын сөз.

4. Жаңа түскен жас келінді таныстыру кезінде айтылатын жыр.

5. Қазақ халқының арасында кең тараған музыкалық аспап.

6. Ұзатылған қыздың бас киімі

7. Айлы ашық түнде ойналатын ұлттық ойын.

8.Түйенің сүті қалай аталады?

9. Қыздардың тақиясына немесе домбыраға тағылатын бұйым.

10. Әйел адамның құлағына тағылатын әсем бұйым.

 

Сабақты қорытындылау  

— Бұдан басқа тағы қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер? (Балаларға байланысты)

— Шілдехана тойы, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесу, тілашар тойы, сүндетке отырғызу, сырға салу т.б.)

— Соның ішінде біз сендермен қандай салт-дәстүрлермен таныстық?

— Сендерге сабақ несімен ұнады?

— «Ыстық орындық» әдісі бойынша топтан бір-екі оқушыны тыңдаймыз.

Топ басшылары топты  бағалайды. Мұғалімнің сумативті, фармативті бағалауымен қорытынды баға шығады

 

Амандасады.

Оқушылар топтарға отырып, бағалау парағымен танысады.

Оқушылар бағалау критерийлерін ескере отырып жақсы бағалануға ұмтылады. Белсенді қатысады.

 

Бір-біріне жақсы тілек айтады.

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасына жауап береді.

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

Жаңа  сабақтың тақырыбын ашады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімнің бағыттауы бойынша топта жұмыс істейді, яғни топта талқылап, бір шешімге келеді.

 

 

 

Постерге топтастыру жұмысын жүргізеді. Әр топтың мүшелері топтастыруларын таныстырады.

 

 

 

 

 

 

Сюжетті суреттерді тамашалайды.

 

 

Оқушылар жырларды мәнерлеп, түсініп оқуға тырысады.

 

 

 

Оқушылар қосымша деректер алады. Анасынан осы өлеңді үйренгендері туралы айтуы мүмкін.

 

 

Бесік жырын білгендері бірге қосылып айтады.

 

Топта ақылдасып, берілген жабдықтарды рет ретімен айтып, қорғайды.

Топтар оқулықта берілген өлең жолдарын оқиды.

 

Бой сергітеді.

 

 

 

 

Деңгейлік тапсырмалар орындайды.

 

 

 

 

Деңгейлік тапсырманы жеке орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтын қалған оқушылары сөзжұмбақты шешеді.

 

Сөзжұмбақтың шешуі:

Салт-дәстүр

Оқушылар сөзжұмбақтың шешуін табу үшін сұрақтарды тыңдап, нақты жауап беруге тырысады.

 

 

 

 

 

Салт-дәстүрлерді топтайды, білетіндерін ортаға салады.

 

 

Оқушылар сабақ барысында «не ұнады?», «не ұнаған жоқ» сұрақтары  арқылы стикерлерге өз ойларын жазып жапсырады.