Сұраулы сөйлем

77

Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем

Сабақтың мақсаты:

                            Білімділік: Оқушыларға мағынасына қарай сөйлемдердің

хабарлы , сұраулы , лепті болып бөлінетіні туралы білім беру;

Сұраулы сөйлемнің жасалу жолдарын түсіндіру.

                            Дамытушылық : Ой қозғау стратегиясын пайдалана

отырып , оқушыларды сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлауға

үйретіп, сауатты жазуға дағдыландыру. Тіл байлығын, сөздік

қорын  дамыту.

                           Тәрбиелік:Оқушыларды әдептілікке баулу, жақсыдан

үйреніп, жаманнан жиренуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, алған

білімдерін пайдалана білуге, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :Аралас сабақ

 

Сабақтың әдісі : Түсіндіру, ауызша, жазбаша ,сұрақ- жауап, тексеру,  әңгімелесу, ойын , көрнекілік.

 

Сабақтың көрнекіліктері:Оқулық,суреттер, ойын элементтері , сызбалар, электронды оқулық,интерактивті тақта,  суреттер, Тәуелсіздік монументі.

 

Сабақтың өтілу барысы:

  • Ұйымдастыру бөлімі.
  • Психологиялық даярлық.
  • Үй тапсырмасын тексеру.
  • Үй тапсырмасын бекіту.

“Мен бастаймын, сен жалғастыр” ойыны

  • Жаңа сабақты түсіндіру.
  • Оқулықпен жұмыс.
  • Сергіту сәті.
  • Бейнесөз шешу
  • “Суреттер сөйлейді” ойыны.
  • Пефокартамен жұмыс.
  • Жаңа сабақты бекіту.

«Құрастыра біл» ойыны

  • Оқушыларды бағалау .
  • Үйге тапсырма.

 

 

  • Ұйымдастыру бөлімі.

— Оқушылармен сәлемдесу

— Назарын  сабаққа аудару

 

  • Психологиялық даярлық

Күн көзіндей күлімдеп,

Көңілді болып жүрейік.

Қазіргі болар сабаққа

Жүректен ақ жол тілейік!

 

  • Үй тапсырмасын тексеру.
  • 235-жаттығу 2-3оқушыдан ауызша сұралады;
  • Оқушылардың жазба жұмыстарын тексеру;

 

  • Үй тапсырмасын бекіту.

“Мен бастаймын, сен жалғастыр” ойыны

 

  1. Сөйлем аяқталған …………… . (ойды білдіреді).
    2. Сөйлем сөзден ………… . (құралады).
    3. Сөйлемдегі сөздер ……… . (бөлек жазылады).
    4. Сөйлемнің бірінші ……… . (сөзі бас әріппен басталып жазылады).
    5. Сөйлемнің соңына ………. . (нүкте қойылады).
    6. Хабарлы сөйлемнен кейін ……….. . (нүкте қойылады).
    7. Сұраулы сөйлемнен кейін ……….. . (сұрақ белгісі қойылады).

 

  • Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнен соң нүкте (.), не сұрау белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады.

 

  • Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады
  • Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.

Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады

  • Адамның көңіл күйін ,сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады

 

  • Жаңа сабақты түсіндіру.
  • Сұраулы сөйлем жасайтын ма, ме, па, пе, ба, бе бөлек жазылады.

Апаң үйге келді ме? Асан сурет салды ма?

 

  1. Күн жадын жазу.
    2. Көркем жазу.  (С с әрпін дәптерлеріңе әдемі жазу).

Жаңа сабақты түсіндіру. Тақтаға сурет арқылы көрсетілген мысал жазу.

  • Оқулықпен жұмыс.

236-жаттығу. Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырып жаз.

Толқын кітап алды. Ол көп оқиды. Әжем ауылдан келді.

 

Бұл сөйлемдерде сұраулы мағына білдіріп тұрған сөз қайсы?

 

238-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздерді салыстыр .

1.Сабақтан кешікпе. 2. Айдос ауылдан келіп пе? 3. Ешқашан өтірік айтушы болма. 4. Қар қалың жауды ма?

 

Қарамен жазылған сөздердің жазылуына назар аудар.

 

  • Сергіту сәті.

«Бақытты балалық» әнін орындау

237-жаттығу. Бейнесөзді шеш.

  • «Суреттер сөйлейді» ойыны
  • Жаңа сабақты бекіту

«Құрастыра біл» ойыны

 

Хабарлы сөйлемдерді сұраулы

сөйлемге айналдыр

Таң атты.

Күн шықты.

Қоңырау соғылды.

Сабақ қызықты өтті.

Жақшаны ашып, дұрысын жаз

Қалаға кеткендер келіп(пе)

Айтқанды түсіндің(бе)

Күн суытты(ма)

Үйге қарай жүгір(ме)

Сабаққа кешігіп кел(ме)

 

 

 

  • Оқушыларды бағалау .

 

  • Үйге тапсырма.

 

239-жаттығу, 80-бет

 

 

  • Сабақ аяқталды!
  • Сау болыңыздар!