Үй жануарларының көктемгі тіршілігі.

120

Сабақты дайындаған: Орал қаласындағы № 44 орта жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі:  Темирбаева Құралай

Хабиболлақызы.

Сабақтың тақырыбы: Үй жануарларының көктемгі тіршілігі.

Сабақтың мақсаты:

а/   Көктемгі ауа-райының  жалпы табиғаттың  өзгеруіне байланысты үй жануарларының тіршілігінде болатын өзгерістер туралы түсінік беру.

ә/  Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу. Үлкендер еңбегін сыйлауға үйретіп адамгершілік тәрбие беру.

б/ Өлі табиғатпен тірі табиғаттың байланысын түсіндіру арқылы оқушылардың дүниетанымын дамыту.

Көрнекілігі:  үй жануарларының суреттері,  интер. Тақта

Сабақтың әдісі: сын  тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы.

Сабақтың түрі:  жаңа сабақты меңгерту , шығармашылық ізденіс

Сабақтың жоспары:

  1. Психологиялық дайындық
  2. Үй тапсырмасын тексеру
  3. Ой ашар. Жаңа сабақ.
  4. Ой қозғау
  • Мәтінді оқу
  • Өзіндік жұмыс
  • Топпен жұмыс
  1. Ой толғаныс.
  • Эссе жазу
  • Сабақты қорыту.
  • Үй тапсырмасы
  • Бағалау

Пәнаралық байланыс-әдебиеттік оқу.

  1. Дамыта оқыту технологиясы
  2. Жаңа ақпараттық технологиясы

Сбақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Тәңір берген дүниені,

Бойға матап қамама

Өзгелермен бәрін бөліс,

Өзіңді шын бағала-демекші қоршаған ортаны  танитын  пән дүниетану сабағына қош келдіңіздер!

І. Ұйымдастыру бөлімі.

/ психологиялық дайындық жүргізіп, көңілдендіріп аламын/

ІІ. Өткенді қайталау.

1-слайд.

  1. Көктемде жабайы аңдар тіршілігнде қандай өзгерістер болады?
  2. Көктемде үй жануарлары  тіршілігінен  қандай өзгерістер байқадың?

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Қызығушылығын ояту. Ой қозғау әдісі.
  • Мәтінді оқымас бұрын жануарлар туралы ойларын біліп алу
  • Қандай үй жануарларын білесіңдер?
  • Үй жануарлары туралы жұмбақтар шешу.

Үйір-үйір денесі,

Сахараның кемесі.

Ащы шөптер тамағы,

Шөлге шыдап бағады.   / түйе/

Тастан тасқа секіреді,

Қалқиып қос құлағы.

Ойын болып көкірегі,

Аула болып тұрағы.  /лақ/

2-слайд

Көктемде күннің жылуына байланысты қар ериді. Жылы жаңбыр жауады. Көк шөп шығады. Ағаштар бүршік жарады. Осының бәрі жануарлар үшін қоректің көбеюіне жағдай жасайды.

3 –слайд.

а/ Мәтінмен жұмыс.

  • Мәтінді мәнерлеп оқу, мәтіннің мазмұнымен оқушыларды таныстыру.
  • Суреттер, сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс.
  • Әр үй жануарларының төлдерін ата.
  • «Шөл даланың кемесі» әңгімесінің мазмұны бойынша талдау жүргізу.
  1. Сергіту сәті.

ә/  Дәптермен жұмыс.

4-слайд

Енелері мен төлдерін  сызық арқылы қосу. Суретке  қарап, үй жануарларының төлдерін атау.

Тақтаға жануарлардың аттары жазылады: көгершін, торғай,қасқыр, аю, кірпі, шортан. Осыларды топқа бөліп, әр топты атау тапсырылады.

б/   Топпен жұмыс.

5-слайд.

1 топқа                                      2 топқа                                     3 топқа

Көктемгі тіршілік                   Көктемді суреттеу                 үй жануарларына

/эссе жазу/                                                                               қатысты мақал-

мәтелдер айту

  • Әр топтың тапсырмасы тыңдалып, бағалау;
  1. Қорытынды.
  • Біз не білдік?
  • Әлі не білуіміз керек?
  • Сенің мақсатың не?
  • Қорытынды ойың?
  1. Үйге тапсырма.

-Үйге мәтінді оқып түсіну  және үй жануарларының төлдеріне қатысты тақпақтар жинау.