Кактус гүлі

216

Жарнамалық аты: Тікенекті құпия

Зерттеу тақырыбы: Кактус гүлі

Зерттеу нысаны:Кактус

Зерттеу мәселесі:Кактус бөлме өсімдігі болғанымен, оның көптеген пайдасын, өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз.

Зерттеу мақсаты: Бөлме өсімдіктерінің бірі кактустың түрлерін, ерекшеліктерін,қасиеттерімен танысу,кактусты бақылау.

Зерттеу міндеттері:

Кактус  туралы алғашқы білімді жүйелеу;

Кактус туралы ақпарат көздерін алу үшін зерттеу әдістерін анықтау;

Кактус туралы жаңа ақпараттар алу;

Кактус гүлін бақылау;

Кактус гүліне қамқорлықпен қарау;

Зерттеу кезеңдері:

І.Дайындық кезеңі:

1.«Құпия жәшік» Зерттеу тақырыбын анықтау.Зерттеу мақсаты мен міндеттерін айқындау.

  1. «Ой қозғау» «ББҮ» әдісі .Тақырып бойынша алғашқы білімді жүйелеу.

3.Болжамдар жасау.

4.Зерттеу әдістерін таңдау.

ІІ.Теориялық кезең.

  1. «Тірі сұрақ-тірі жауап».Мамандарға сұрақтар қою арқылы кактус туралы жаңа ақпараттар алу.
  2. «Бақылау парағы» Кактус гүліне бақылау жүргізу.

ІІІ.Қорытынды кезеңі:

«РАФТ» әдісі.Алынған нәтижелерді пайдаланып,өз пікірлерін білдіру.

 

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.Психологиялық дайындық

Сәлеметсіз бе Нұрлы Күн!

Сәлеметсіз бе Көк Аспан!

Сәлеметсіз бе Жер Ана!

Сәлеметсіз бе қонақтар!

Сәлеметсіз бе Сіз!

Сәлеметпіз Біз!

ІІ.Қызығушылықты ояту.

М:Балалар біз бәрімен амандастық.Осы бөлмеде тірі табиғаттар бар ма?Бар болса атайықшы.

О:адамдар,гүлдер.

М:Бұл гүлдер қандай гүлдер?

О:Бөлме гүлдері

М:неге оларды бөлме гүлдері деп айтамыз?

О:Себебі,олар далада емес,бөлме ішінде өсуге бейімделген

М:Бөлме гүлдерінің адамға қандай пайдасы бар?

О:олар бөлмедегі шаңдарды жұтып ,ауаны тазартып отырад.

М:жақсы.Балалар сендердің алдарыңда қорап тұр.Бұл қорапта не бар деп ойлайсыңдар?

Оқушылар өз ойларын айтады.

М:Мен сендерге көмек берейін.Ол тірі табиғат.

Оқушылар өз ойларын айтады.

М:Тағы бір көмек-ине

О:Бұл – кактус

М:өте жақсы .Кактус екенін қайдан білдің?

О:оның жапырағы инеге ұқсас

М:өте жақсы.Ендеше бүгін біз сендермен кактус туралы зерттеп,ізденеміз

ІІІ.Мағынаны тану.

  1. «ББҮ» әдісі

Оқушылардың алдында кесте беріледі,оқушылар кестенің 1,2-ші бағанын  толтырады.

Білемін Білгім келеді Үйрендім

 

Оқушылар жеке-жеке толтырып,топта қарастырып,,бір оқушы топтың атынан айтады.

  1. «Мәлімет көздері» жұмысы

М:Балалар кез-келген зерттеу жүргізгенде мәліметтерді қайдан алушы едік?

О:кітапханадан,энциклопедиядан,ғаламтордан,маманнан,досыңнан,туысың-нан,теледидардан т.б.

М:Келесі тапсырма төмендегідей:

Әр топқа кактус туралы тақырыптар беріледі,оқушылар ол туралы мәліметті қайдан алатынын сызбамен көрсетеді.

1-топ:Кактус -өсімдік?

Кактусты күту.

2-топ:Кактустың қасиеттері.

Кактустың түрлері.

3-топ:Кактустың емдік қасиеттері.

Кактусты зерттеген ғалымдар.

  1. «Маманға жүгіну» Мамандық иелері:биология пәні мұғалімі,гүл өсіруші,кітапханашы,аспазшы,информатика пәні мұғалімі,ғаламтор

Оқушылар сұрақтары:

1.Дәрігерге:кактустың қандай емдік қасиеті бар?

2.Аспазшыға:Кактусты тамақ пісіруде қолдана ма?

3.Биология пәні мұғаліміне:Кактус  қандай өсімдік,оның қандай түрлері бар?

4.Информатика пәні мұғаліміне:Кактусты неге компьютердің алдына қоямыз?

5.Кітапханашыға:Кактусты кім зерттеген?

6.Ғаламтордан қарау.

  1. «Бақылау парағы» Оқушылар бақылау парағын толтырады.Алдарында тұрған кактусты пайдаланады.Мұғалімнің басшылығымен орындайды,яғни талдап отырады.

ІҮ.Ой толғаныс.

«РАФТ» әдісі.

Ү.Рефлексия

М:Балалар бүгінгі сабақтан кактус туралы не үйрендіңдер,соны  «ББҮ» кестесіне толтыра қойыңдар

3,4 оқушыға оқыттыру.

ҮІ.Үйге тапсырма

Кактус туралы бақылап,нәтижесін жұмыс дәптеріне жазасыңдар.

Ү.Бағалау.

  1. «Бағалау парағы» толтыру,таныстыру,оқушыларды бағалау

2.»Жас зерттеушіге» сөз беру.Ортаға сабақта өз білімін көрсете білген оқушы шығып,оқушыларға гүлдерді қорғау,қамқорлық жасауға шақыра отырып,олардың зерттеушілік жұмыстарына сәттілік тілейді.