Қазақтың ою-өрнектері. Қызғалдақ

60

Тақырыбы : Қазақтың ою-өрнектері. Қызғалдақ

Мақсаты:  Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің бірі «қызғалдақпен»таныстыру,оның суретін салу жолдарын меңгерту,әдемілікті, көркемдікті сезіну талғамын қалыптастыру. Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: оюлардың үлгі суреттері слайд, бейне көрініс,құм,арнайы дайындалған шынылы жарықтандырылған стөлдер,күй табақтар,қортындылауға арналған ұсақ суреттер.

Іс-әрекетінің кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық

ынталандыру

Бүгін бізде ерекше күн.Бізге талай қонақтар келген екен амандасып алайық.

Сәлем берем халқыма,

Сәлем берем жалпыңа
Сәлемдесу кіреді,
Ата-дәстүр салтына.

Балалар сендер қандайсыңдар?

 

Шеңберге тұрып,амандасады.

 

Қайталап, жаттайды.

 

Біз қандаймыз,қандаймыз.

Шұғылалы таңдаймыз,

Күлімдеген күндейміз,

Ренжуді білмейміз.

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде,

Қуанайық достарым, Арайлап атқан күнге!

 

Ізденіс-ұйымдастырушылық .

Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру:

—           тыныштық сақтау, ақырын сөйлеу,

—          жұмыс орнын таза ұстау;

—          суретті таза, ұқыпты салу;

—          шыныға салу технологиясын түсіндіру.

Балалардан қандай ою-өрнек түрлерін білетіндерін сұрайды.

Дидактикалық ойын:«Ойлан тап!»

-Ұшып бара жатқан құсқа байланысты ою қандай?

-Түйенің төліне байланысты ою қандай?

-Ағынды суға байланысты ою түрі?

Бұл ою-өрнек жайылымдар мен су көздерінен

тапшылық көрген елде пайда болған.

Өрнек судың бір тамшысын тұспалдайтын ою түрі қандай?

Қошқарға байланысты ою –өрнекті атайықшы?

 

 

Өздерін сурет салуға дайындайды.

 

 

 

Тыңдап, еске сақтайды.

 

 

 

Тыңдайды, көреді.

Ою түрлерін атайды.

Құсқанаты.

Ботагөз.

Ирек су.

 

 

 

Қайнар.

 

Қошқармүйіз.

Ізденіс-ұйымдастырушылық Оюларды салыңдар,

    Ою мәнін табыңдар.

    Ою-өрнек тоқыңдар.

    Ою жайлы оқыңдар.

Сонымен қатар аспан әлеміне байланысты ою-өрнектермен келешекте таныс боламыз.

Қазір көзге арналған бейне көріністі

тамашалайық.

Жұмыс барысы:

Суретші ағайдың

Бояулардың әлемі,

Кемпірқосақ әдемі

әлеміне қош келіпсіңдер.

—          Түстерді қайталайық.

—          Түстер нешеге бөлінеді?

Шіркін сурет сабағы,

Ауылды еске салады.

Мың құбылтып саламын,

Туып, өскен даламды.

Қызыл бояу-қызғалдақ,

Сары бояу-сарғалдақ.

Жасыл бояу-жайлауым,

Іздеп барар арманым.

—          Ауылға әндетіп, саяхаттап барайық.

—          Сусымалы нені көріп тұрмыз.

Қане ,балалар,ойнайық,

Ойнайық та ойлайық.

Қандай жұмбақ  болса да

Шешпей оны қоймайық.

Жұмбақ.

Адамдардың бәрі қызығады,

ұстай берсең сәні бұзылады.

Ою-өрнектердің бір түрі қызғалдақпен таныстырып,ерекшелігіне,суретті салу жолдарына тоқталады.

Балалардың өз бетінше

жұмыстарын бақылау.

Ойын: «Не жоқ?»дидактикалық ойыны.

 

 

 

 

Көзге арналған бейне көріністі тамашалап,көздерін сергітеді.

 

 

 

 

 

Түстерді қайталайды.

Жылы,суық түстер болып екіге бөлінеді.

Суретті салып, бояйды.

 

 

 

 

 

 

Ауылға саяхатқа аттанады.

Құмды .

 

 

 

 

 

Балалар жауабын табады ГҮЛ.

Балалар сурет салу әдісін көре  таныса отырып,

жұмыстарын орындайды.

 

 

Жоқ ою-өрнектерді табады.

Рефлексифтік- түзету Балалар жұмысын талдау.

 

Күніміз ашық болсын,

Түніміз тыныш болсын.

Ауамыз таза болсын,

Даламыз гүлге толсын!

 

Балалардың жұмысын бағалау,мадақтау.

 

Істеген жұмысы жайында әңгімелейді.Суреттерді атын атай  отырып,қай ою-өрнекті білетінін айтып қорытынды жасайды.

Мысалы:құсқанаты,қайнар,

қошқармүйіз,қызғалдақ,

ботагөз,ирек су.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Қызғалдақ ою-өрнегін  сала білуге үйрету

Қалыптасқан әдет:Түр-түстер,ою-өрнек жайлы түсінігі қалыптасқан.

Істей біледі:  Құммен қызғалдақ ою-өрнегінің суретін сала білді