Логарифм және оның қасиеттері

214

Сабақтың тақырыбы: Логарифм және оның қасиеттері

Сабақтың мақсаты :

  • Логарифмдік тепе – теңдіктерді, қасиеттерді тиімді пайдалануда және санның логарифмін табуда оқушылардың білімдерін тереңдету, бір жүйеге келтіру;
  • Есеп шығару барысында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, іскерлік білімдерін, дағдыларын қалыптастыру;
  • Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшандыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі: Іскерлік ойын «Ғылыми-зерттеу институтында математиканың өзекті мәселесі бойынша ғылыми кеңес мәжілісі»

Оқыту әдісі: жеке, топтық, ұжымдық

Сабақтың құрал-жабдықтары: интерактивті тақта, слайдтар, әр топқа арналған карточкалар, бағалау парағы

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

ІІ Мақсат пен міндеттің қойылуы

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Бүгін бізде өзгеше сабақ- іскерлік ойын сабағы. Сіздер бүгін ғылыми-зерттеу институтының төрт түрлі лабораторияларының қызметкерлері боласыздар. (теоретиктер лабораториясы, зерттеушілер лабораториясы, тәжірибелер лабораториясы, мәліметтер лабораториясы) Баршаңызды «Логарифм және оның қасиеттері» тақырыбын талқылау үшін ғылыми кеңестің мәжілісіне қатысуға шақырдық.Біздің сабағымыздың эпиграфы «Логарифмдердің ойлап табылуынан астрономның жұмысы қысқарып, өмірі ұзарды» (француз математигі және астрономы Лаплас)

Әр лабораторияның жетекшісі болады, ол өзінің әрбір қызметкерін жұмысына қарай бағалайды және оған қиын сәтте қол ұшын береді. Барлық лабораторияда бағалау парағы бар, сабақтың әр кезеңінде жетекшілер балл қойып отырады. Мәжілістің соңында әр қызметкердің ғылыми-зерттеу институтында істеген жұмысына қарай бағалаймын.

Лаборатория жетекшілерін атап өтейін.

1.Теоретиктер лабораториясы. Жетекшісі-Алтынбек

  1. Зерттеушілер лабораториясы. Жетекшісі-Гүлбақыт
  2. Тәжірибелер лабораториясы. Жетекшісі-Бауыржан
  3. Мәліметтер лабораториясы. Жетекшісі-Бақтыгүл

ІІІ Үй жұмысын тексеру

Әр лаборатория жетекшілері өз қызметкерлерінің үй жұмысының қалай орындалғанын мәлімдейді.

ІV Тарихи анықтама

Мәліметтер лабораториясы «Логарифм» тақырыбында тарихи анықтама дайындаған.

Логарифмді ойлап тапқан және логарифмдік кесте құрастырған ғалым Джон Непер Шотландияда дүниеге келген. 16 жасында континентке кетіп, 5 жыл Европаның әртүрлі университетінде оқып, математиканы игерген. Кейін астрономия және математикамен терең айналысқан. Логарифмдік есептеулер идеясына Непер 16- ғасырдың 80- жылдарында келген, дегенмен өзінің кестесін 25 жыл есептеулерден кейін 1614 жылы ғана жариялаған. Ол «Логарифмдік керемет кестелер сипаты» деген атпен шыққан. «Логарифм» деген терминнің өзін де Непер ұсынған, ол оны «қолдан жасалған сан» деп аударған. Непердің кестелері мен идеялары тез таралып, қолданысқа түскен. «Непер ережесін» және «Непер аналогияларын» сфералық тригонометрияда кездестіруге болады.

V Зерттеу жұмысына дайындық

А) «Логарифдік функция» атты графикалық диктант жүргізейік. Мен сұрақтарды оқимын, ал сендер жауаптарыңды дәптерлеріңе «Иә» орнына ___, ал «Жоқ» орнына ^ белгілеңдер. Сұрақтарға жауап нәтижесінде сендерде график пайда болады.

Сұрақ- тапсырмалар(мұғалім оқиды)

  1. у=logax логарифмдік функциясы х-тің кезкелген мәнінде анықталған. (жоқ)
  2. а>0, а≠1, х>0 болғанда, у= logax функциясы логарифмдік функция болады (иә)
  3. Логарифмдік функцияның анықталу облысы барлық нақты сандар жиыны болады (жоқ)
  4. Логарифмдік функцияның мәндерінің жиыны барлық нақты сандар жиыны болады (иә)
  5. у=log3x функциясы өспелі функция (иә)
  6. у=log3x функциясының графигі Ох осімен қиылысады (иә)
  7. Теріс санның логарифмі болады (жоқ)

Ә) Формуланы тап

а>0, а≠1 және N, N1,N2оң сандар

 

   

1

   
 
 
   
   

0

   
   

N

 

 

 

  1. VI. Эксперименттік жұмыс

Келесі тапсырмаларды орындау арқылы практикада білімдерімізді көрсетеміз. Берілген сандардың негіздегі логарифмдерін табыңдар.

А) «Қатесін тап», яғни мына шығарылған есептердің қатесін тауып, көрсету керек.

Теоретиктер лабораториясы №204 (1,2)

 

Зерттеушілер лабораториясы. №204 (3,4)

 

Эксперименттер лабораториясы №205 (1,2)

 

Мәліметтер лабораториясы №205 (3,4)

 

Ә) Оқулықпен жұмыс

Лаборатория жетекшілері өздерінің тапсырмаларының номерін таңдап, барлығы бірігіп шығарады. Тақтаға бір «қызметкер» шығып, есептің шығарылуын көрсетеді.

Теоретиктер лабораториясы №206

Зерттеушілер лабораториясы. №207

 

Эксперименттер лабораториясы №210 (2,4,6,8)

Мәліметтер лабораториясы №211

 

VI.Бағдарламалық тексеру. Тест

  • Есепте: lg30-lg3

A)0  B)1  C)2   D)3   E)4

2) Ондық логарифм дегеніміз…

A)Негізі 1 саны болатын логарифм;  B)Негізі 20 саны болатын логарифм

C)Негізі 10 саны болатын логарифм;   D)Негізі е саны болатын логарифм

E)Негізі 100 саны болатын логарифм

3) Есепте: 42+log42

A)32  B)4  C)16   D)8   E)64

4)Теңдеуді шеш: logx81=-3

 

A)1  B)2  C)3   D)4   E)5

5) Натурал логарифм дегеніміз…

 

A)Негізі 1 саны болатын логарифм;  B)Негізі 20 саны болатын логарифм

C)Негізі 10 саны болатын логарифм;   D)Негізі е саны болатын логарифм

E)Негізі 100 саны болатын логарифм

6) Есепте: log26-log2(6/32)

A)5  B)6  C)7   D)8   E)9

7)Теңдеуді шеш:log4x=-3

A)16  B)-64  C)1/64   D)1/16   E)-16

8) Есепте:

(log316/log34)-1

A)2  B)4  C)1/4   D)-2   E)1/2

Жауаптары:

1 2 3 4 5 6 7 8
В С А С D А С Е

 

Жетекшілерге жеке тапсырма беру.

 

VII Қорытындылау және бағалау

Бүгінгі сабақта барлық лабораториялар да жақсы жұмыс жасады. Енді қорытынды жасайық. Әр жетекші өздерінің «қызметкерлерінің» қалай жұмыс жасағаны туралы қысқаша айтып өтсін.

 

VIIІ Үйге тапсырма беру №214,№215

 

ІХ Мұғалім сөзі

Сіздер енді 2-3 айда мектеп бітіріп, үлкен өмірге қадам басқалы отырсыздар. Соған қатысты менің сіздерге арнаған кішкене тілегім бар. (әр оқушыға тарату)

Жас түлекке тілек

▪Өзіңнің күшіңді екі еселе, үш еселе, ал білім көлемін n-дәрежеге дейін көбейт

▪Сенің жадыңда жастық шақ тұрақты шама болып қалсын

▪Барлық өмір қателіктерінен тек оң түбір шығар

▪Сенің тағдырыңның сындық нүктелерінде min сәтсіздік пен max табыс болсын

▪Жабырқаңқы көңіл-күйді үнемі 0-ге көбейтуге тырыс

▪Миллион үміттен жақсылық күт

▪-∞-ден +∞-ке дейін бақыт

▪Өмір-бұл үлкен есеп кітабы. Тек жауабына көз салуға асықпа

▪ Егер қайғы келсе, онда ол соңғы шегі болып, ал қуаныш шексіз болсын

▪ Өмір дайындаған барлық емтихандарды тек беске тапсыр!

Қымбатты менің оқушым!

Өмірге сапар бастадың,

Болашаққа көз тастап.

Қанаты арман құсының,

Апарсын сені алысқа…

 

 

Математика пәнінің мұғалімі және класс жетекшің Шұғыла Бақтығұл