Логарифмдік теңдеулер

36

Сабақ тақырыбы:  Логарифмдік теңдеулер

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға логарифмдік теңдеулерді шешудің әдістерін оқытып-үйрету.
  2. Логарифмдік теңдеулерді шешу үшін алдымен берілген логарифмдік функцияның анықталу облысын табу керектігін, логарифмнің анықтамасын және логарифмнің қасиеттерін қолдана алу дағдыларын арттыру, есептерді өз бетінше шығара алуы іскерліктерін арттыру.
  3. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, адалдыққа, тиянақтылыққа, зейінділікке тәрбиелеу.

Сабақ типі:  Жаңа білім беру

Сабақ түрі:  дәстүрлі

Сабақ әдісі: топтық жұмыс, тест жұмысы, практикалық, сұрақ-жауап, деңгейлік, сәйкестендіру, проблемалық сұрақ,  өз бетімен жұмыс

Сабақ принцптері: бірізділік, ғылымилық, өмірмен байланыстылығы

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушыларды түгендеу, сабақ мақсатын түсіндіру

ІІ. 1.Ой қозғау

Мына қызықты қараңыз?     «2 > 3»

1/4 > 1/8          бұл даусыз ақиқат

(1/2)2 > (1/2)3, бұл да күмән келтірмейді.

Үлкен санға үлкен логарифм сәйкес келеді:

lg(1/2)2 > lg(1/2)3;  2lg(1/2) > 3lg(1/2).

lg(1/2) –ге қысқартудан кейін:         2 > 3.

— Қай жерде қателік?

 

 

  1. Сұрақ-жауап

 

ІІІ. Жаңа білім беру

  1. Топпен жұмыс. Төрт топқа бөлінген оқушылар логарифмдік теңдеу шешудің әдістерін талдап, қорғайды.
  2. Мұғалімнің жинақтап-қорытындылауы

 

  1. Жаңа сабақты бекіту
  2. Есептер шығару (7-9 слайдтар)

 

  1. Тест жұмысы

 

 

 

 

№1  -1; 0; 1; 2; 4; 8 сандарының қайсысы  log2 х=х-2 теңдеуінің түбірі болады?

№2 Теңдеулерін шеш: а) log16х= 2;   в) log2 (2х- х2 ) -=0;

г) log3 (х-1)=log3 (2х+1)

№3  у =  log2 (х+4)  функциясының анықталу облысын тап

№4 Сандарды салыстыр: log3 6/5 и log3 5/6;   log0,2 5 и . Log0,2 17.

 

  1. Қорытынды бөлім

VІ. Бағалау. Топпен жұмысты оқушылар бірін-бірі бағалайды

VІІ. Үйге тапсырма.  Есептер шығару