Білімді тиянақтау

108

Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:          Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың білім деңгейін тексеру, алған білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін

дамыту.

Тәрбиелік:          Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: ойын, жарыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Шаттық шеңбері

  • Барлығымыз қосылып, өлеңімізді айтып жіберейік.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін, қуаныш нұр іздеген

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

ІІІ.

  • Балалар, бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес, «Жұлдызды сәт» ойыны деп аталатын ашық сабақ. Қазір мен сендерді екі топқа бөлемін. І топтың аты «Болашақ дарындылар» , ал ІІ топтың аты «Эврика» тапқырлар тобы. Әр түрлі тапсырмалар орындаймыз, әрбір дұрыс орындалған тапсырмаларға жұлдыз беріледі.Қай топ көбірек жұлдыз жинаса,сол топ жеңімпаз атанады.

Теңдеуді шешу.(Тақтада түсіндіру)

                                                     Х+20∙8=2600

                                                     Х+160=2600

Х+160-160=2600-160

                                                     Х=2440

        Тексеру: 2440+20∙8=2600

                        2440+160=2600

                                 2600=2600

IV.Көп ойла, тез ойла.

Қалған теңдеулерді 2 топқа бөліп беріп, өздігінен шығартып түсіндірту

  1. Нағыз білгір. (Тік төртбұрыштың периметрін өрнек құру арқылы жазу.)

Р=3 см+3 см+х см

Р=3 см∙2 +х см

Р= 3 см∙2+х см : 4

  1. Ой тізбек.

Өрнек түрінде жазу және оқы.

А) а-ның 80-ге бөліндісін 5 есе арттыр;

Ә) 984 пен 324-тің қосындысын а мен 412-нің қосындысына бөл;

Б) 90 мен с-нің қосындысын 60-қа көбейт;

В) 70-тің 5-ке бөліндісіне 42-нің х-ке бөліндісін қос;

 

VII. Кім көп біледі?(Берілген есепті талдап шығарту және теңдеу құру арқылы шығарту)

І. Басқұрдың ұзындығы – 3 м ,5 есе қысқа

Қыл арқан — ?

Ш: 3 ∙ 5 = 15(м)

Ж: қыл арқанның ұзындығы 15 метр.

ІІ. Басқұрдың ұзындығы – 3 м ,5 есе қысқа

Қыл арқан — ?

Ш: х : 5 =3

х= 5∙3

х=15

Т\у 15 : 5 = 3

Ж: қыл арқанның ұзындығы 15 метр.

     VIII. Сергіту сәті

                   Жұлдызды сәт, сын сабақ

Есепті шешіп, ойнап күл

Білімдіден мол талап

Күтіледі оны біл

Ал сабақтан қалмайық,

Жұлдызсыз мүлде қалмайық.

  1. Эрудиттер сайысы

І топ                                                      ІІ топ

1529:4=382(1 қалд.)                               1358:3=452(2қалд.)

1437:6=239(3қалд.)                                40987:8=5123(3қалд.)

(Қалдықпен бөлуді орындап, оны тексереді.Түсіндіреді.)

 

  1. Шытырман

І топ              4 см

 

2 см                                     3 см             Sı= 2 см ∙ 2 см=4 см²

S2= 2 см ∙ 3 см=6 см²

2 см                        S = 4 см²+6 см²=10 см²

 

     ІІ топ                       2 см

Sı = 2 см∙4 см=8 см²

1см

2 см       S2=1 см∙2 см=2 см²

S3= 1 см∙2 см=2 см²

4 см                         S=8 см²+2 см²+2 см²=12 см²

 

 

 

  1. Жұмбақ сөз

5000-11764:4=2059 (Қ) 1                        285960-63729:9=278879(А) 8

1040∙4+96024=124184(Т)                       2873∙6-1000=16238(З) 3

175707:7-9384=15717  (А) 2                       23784:8+73987=76960 (С) 6

200000-48004∙3=55988 (А)                     793255:5-99908=58743 (Қ) 5

532170-4629∙9=490509 (Н) 9

 

2059 15717 16238 55988 58743 76960 124184 278879 490509
Қ А З А Қ С Т А Н

 

ХІІ. Бекіту

1 цифрын 7 рет, 3 цифрын 6 рет пайдаланып және амал таңбаларын қолданып, мәні 1000-ға тең өрнек жазып көрсет.

ХІІ. Қорытындылау, бағалау.

ХІІІ. Үйге тапсырма.

112 бет №2, 113 бет №6