Сөйлем

52

Орындаған:  Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласының № 44  орта  жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі  Есполаева Әлия .

Қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.

Сабақтың мақсаты:

а/ Оқушыларға сөйлем туралы жалпы түсінік беріп, сөйлем түрлерін тыныс белгілерні меңгерту;

ә/ Өз ойларын ашық білдіруге, өзіндік жұмыс істеуге, сауатты жазуға дағдыландыру;

б/ Көркем жазуға, ұқыптылыққа, жинақылыққа, тапқырлыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, көрнекіліктермен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: сызба, бір шоқ гүл, сөзжұмбақ, үлестірме.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, бейнелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Тақтада « Сабақтарыңа сәттілік тілейміз!» сөзі  ілініп тұрады.

— Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ.

Психологиялық дайындық.

  • Амансың ба,  алтын күн!
  • Амансың  ба, көк аспан!
  • Амансың ба, достарым!
  • Сендерді көрсем қуанам!

2/ Балалар,  қазір жылдың қай мезгілі жақындап келеді? /қыс/

  • Олай болса, сол қыс мезгілі сияқты көңіліміз ақ болсын деп бір-бірімізге бір шоқ гүл ұсына отырып, әдемі тілектерді айтайық.

/ балалар айтып болғаннан кейін, арттағы 1 мұғалім балаларға сәттілік тілейді/

  • Балалр, біз сабақта 3 топқа бөлініп « Айгөлек» , « Балдырған», « Балауса» болып жарыс сабағын өткіземіз. 3 топқа бөлінеміз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Балалар, үйге қандай тапсырма беріліп еді? / тексеріледі, топ болып талданады/
  • ІІІ. Жаңа сабақ.
  • Балалар, бәріміз экранға қарап, сөзжұмбақты шешейік.
  • Тілден ұшып құлаққа қонады / сөз/
  • Көреді бәрін өзгенің, көре алмайды өздерің / көз/
  • Мәтіннің түрі / пайымдау/
  • 16 желтоқсан қандай мереке?
  • Мәтіннің түрі / әңгімелеу/
  • Тілі жоқ сөзіңде, сөзі бар ісіңде /қалам/
  • Ендеше балалр, қандай сөз шықты? /сөйлем/
  • Бүгінгі өтетін тақырыбымыз –Сөйлем

/ күннің жадын  жазып, тақырыпты жазу/

  • Енді назарымызды мына суретке аударайық / әр топ бойынша суреттерге қарап, сөйлем құрастырады/
  • Әр топтан 1 оқушы шығып жауап береді.
  1. Сөйлем бір-бірінен не арқылы ажыратылады? –тыныс белгі
  2. Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгі қойдың?
  3. Сөйлем неден құралады?
  4. Сөйлем қандай әріптен бастап жазылады?

ІІ. Диалог құрастыру

  • Ал енді осы сөйлемдерден кім ереже шығарып бере алады? / оқушылар анықтамасын айтып бере алады/

ІІІ. Оқулықпен жұмыс

ІІІ топқа тапсырам беремін.

177- жаттығу. Салыстыр.

І топ. Қара  бидай / себілді/

ІІ топ. Қоңыржай аймақ  / өседі/

ІІІ топ. Өзеннің суы молаяды  / молаяды/

Тақтаға әр топтан бір оқушы шығып жазады.

Қыс туралы  сурет бойынша әңгімелеу.

178- жаттығу. Берілгені бойынша талдаймыз.

І топ. Қыс  түсті. Дала ақ  мамыққа оранды.

ІІ топ. Күн суытты. Адамдар қалың киім киінді.

ІІІ топ. Жерде қар жатыр. Балалар шанамен  сырғанады.

Сергіту сәті.

1/ Дидактикалық ойын «Жаңа сөз-артық дыбыс»

Қыс               ыс                    қ

Күз                үз                     к

Баған            баға                 н

Тіл                іл                     т

Құрт             құт                   р                     т.б.

2/  Қыран құстай самғаймыз,

Әлемді біз шарлаймыз.

Биік-биік  шыңға өрлеп,

Тыныштықты қорғаймыз.

179- жаттығу.  Берілгенін оқыту.

  • Кім тағы жұмбақтар біледі?
  • Жұмбақтарды шешіп, жауаптарынан сөйлем құрап айту.
  • / Үлестірмелі орны ауыстырылып берілген сөздерді дұрыс орналастырып, сөйлем құрату/
  1. Орналасқан, Сырым ескерткіші, Оралда.
  2. Мұражай, бар, Оралда
  3. Көп, зәулім, Оралда, ғимараттар
  4. Мешіт, көрікті Оралдың
  5. Өзеннің, қала, жайық бойындағы

 

ІV. Қорытындылау.

  • Бүгінгі сабақтан не білдік? Сабақ не туралы болды?

Жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау