Вв дыбысы мен әрпі

80

Тақырыбы: Вв дыбысы мен әрпі

Мақсаты:1. В дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп,

Балаларды в дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына көңіл бөлу,

байланыстырып сөйлеуге үйрету.

  1. Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардың ойлау

Қабілетін, қиялын, зейінін дамыту.

  1. 3. Шыдамдылыққа, ептілікке, ұғымталдыққа тәрбиелеу.

Түрі:           біріккен сабақ

Әдісі:        түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, ертегі ретінде

Көрнекілігі: В дыбысының баспа және жазба түрі, әріп кассасы, әріптер,

суреттер, ертегіге қатысты суреттер

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Аспан түрді түндігін,

Жерге сәуле жайылды.

Неткен ашық күн бүгін,

Қайырлы күн, қайырлы!

 

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
  • Көктем мезгілінің айларын ата.
  • Бір аптада неше күн бар, бугін қай күн?
  • Дыбыс нешеге бөлінеді?
  • Дауысты және дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
  • Дыбысты – естиміз, әріпті – жазамыз, көреміз, оқимыз.

 

              Сабақты ертегі ретінде өткізу.

  • Балалар мына тақтада көріп тұрған қандай ертегі?
  • Шалқан ертегісін кім айтып береді?
  • Ендеше біз мына шалқанды бақшадан алуға көмектесеміз бе? Ол үшін сендер олардың тапсырмаларын орындауларың керек.

 

Атаның тапсырмасы. Өткенді қайталау.

  • Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстыңдар?
  • Һ
  • Һ дыбысы қандай дыбыс?
  • Дауыссыз дыбыс.
  • Һ дыбысы кездесетін сөз айтамыз
  • Жиһаз, айдаһар, қаһарман (буынға бөлу)
  • Һ дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?

 

 

 

Мына буындардан сөз құрап оқыңдар.

А – на, та, ға, ю, сық.

Ба – ла, ға, тыр, уыр, лық.

 

  • Сендер атаның тапсырмасын дұрыс орындадыңдар, ендеше атаны шалқанға апарамыз. Ата шалқанды бақшадан суырып ала ма?
  • Ендеше көмекке кімді шақырамыз?

 

Әженің тапсырмасы. Жұмбақтар шешу:

  1. Темір тайым,

Тебінсем тоқтамайды.

Мінсем дайын,

Тамақты еш жоқтамайды.     (велосипед)

  1. Үй ішінде бөлме,

Бөлме іші көлде.

Түрлі ұсақ балық,

Жүзді сайран салып.                (аквариум)

Велосипед, аквариум сөздерін буынға бөлу.

  • Балалар мынау ненің суреті?
  • Ваза, вагон буынға бөлу
  • Осы сөздерде бізге таныс емес қандай дыбыс естіліп тұр?
  • В дыбысы – дауыссыз дыбыс, көк түсті текшемен белгілейміз. (тақтаға В дыбысының көрнекілігін ілу)
  • Баспа түрі қай жерде кездеседі?Ал жазба ше?
  • В дыбысы 3 элементтен тұрады. В дыбысы сөздің басында және ортасында кездеседі.

 

Немересінің тапсырмасы.

  • Ваза, вагон, вокзал сөздеріне дыбыстық талдау жаса.

 

Сергіту сәті.

Мынау – менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау – басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау – менің оң қолым,

Мынау – менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

 

 

 

 

Иттің тапсырмасы. Оқулықпен жұмыс.

Балаларға оқулықтағы сөздерді оқыту.

 

Дәптермен жұмыс.

Дәптерімізді ашамыз,

Қолға қалам аламыз.

Көлбеу қойып дәптерді,

Әдемі етіп жазамыз.

  • Кәне балалар В әрпін бірінші ауада жазып көрейік.
  • Ал енді дәптерімізге жазамыз. (дәптермен жұмыс ережерін айту)

 

Мысықтың тапсырмасы.

Мына суреттерге сөйлем құрау. (ваза, аквариум, велосипед)

 

Тышқанның тапсырмасы. Ойын: Балапандарды ұясына апару.

  1. В дыбысы қандай дыбыс?
  2. Вокзал сөзін буынға бөл.
  3. Вагон сөзіне сөйлем құра.
  4. В әрпін тақтаға жаз.

 

Қорытынды.

  • Балалар бүгін қандай дыбыспен таныстыңдар?
  • В дыбысы (кассадағы әріптерді оқытқызу)
  • Балалар сендер ата және оның отбасына шалқанды бақшадан алуға көмектестіңдер, олар сендерге рахмет айтып, риза болып, мынадай жұлдызшалар таратуды тапсырды.