Құтты қадам

68

 

Қарағанды облысы

Шет ауданы

Ақшоқы ауылы

Қызылтау орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Асқарбаева Зеркул Спановна

Тақырыбы: Құтты қадам

Мақсаты:

  • Мектепке келген балалардың өмірімен т олығырақ таныстырып, оқушылардың оқу мен білімге деген ынтасын арттыру
  • Оқу құралдарын күтіп ұстау, оқушы ережесімен таныстыру.

Көрінекілігі: мақал-мәтел, гүл, шар, бор.

Барысы:

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, бүлдіршіндер! Табалдырық аттап оқушы болғалы екі айдай уақыт болды. Осы балалардың «Құтты қадам» ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз.

Міне, балалар, сендер жаңа оқу жылын білім ордасы-мектеп табалдырығын аттап, алғашқы қоңырау соғылғалы екі ай уақыт өте шықты.

Еліміздің ертеңі-сендерсіңдер! Елдің тізгінін мықтап ұстап, сапалы білім алып, өнегелі азамат болып өсе беріңдер.

-Біздің Отанымыз қай ел?

-Қазақстан

-Қазақстанның астанасы қай қала?

-Астана қаласы

-Біздің рәміздерімізге не жатады?

-Елтаңба, Ту, Әнұран.

(Әнұран айтылады).

Мұғалім: Айналайын, балалар,

Алдарыңда мектеп-ана бар.

Өздеріңнен өседі,

Өнерлілер, даналар.

Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеттіңдер.

1-ші сыныпқа келдіңдер,

Бір белестен өттіңдер.

Өсті, міне, бойларың,

Өсті ақыл, ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың!

-балалар, сендер даярлық тобында қандай пәндерді өттіңдер?

-сауат ашу, математика, сурет, музыка, дене шынықтыру, жапсырма.

Арай:   Сәлем, гүлдей балғыедар,

Даярлықтан тәлім алдыңдар.

Ержеткен достар ақылды,

Енді мектеп шақырды.

Үлгеріңдер әр іске,

Үйретемін білімге.

Әліппені сүйеміз,

Әдеппен бас иеміз.

Нұрсұлтан:      Қуантуға елімді,

Қуантуға жерімді.

Қуантуға жүректі,

Қуантуға түлекті

Мектепке мен барамын.

Томирис:         Елдің атын жазамын,

Жердің атын жазамын.

Туған тілге тазамын,

Батаңды бер, әжетай,

Мен мектепке барамын.

(Томиристің әжесінен бата алу).

 

Хор: Мектеп-ана.

-ал, балалар, біз «Білім еліне» келіп жеттік. Білім алу үшін бізге ең қажетті оқу құралдар болмақ. Олай болса, оқу құралдарымен танысайық.

Танысу

Әліппе-Арай:   Менің атым-Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ержеткен,

Бауыржан да, Мәлік те.

Дәптер-Фариза:            Ел құрметтеп бағалар,

Достық бар, ол-тазалық.

Кел, дәптерге, балалар,

Тап-таза етіп жазалық.

Қалам-Дәулен:   Құтты болсын қадамың,

Құтты болсын қаламың.

Жаңа келген мектепке,

Мен де өзіңдей баламын.

Биік білім шыңына

Өзіңмен бірге барамын.

Әліппе-Айғаным:       Таныстырып әріптермен,

Білімге жол салып берген.

Кем көрмейтін анамнан мен,

Айналайын Әліппеден.

Дәптер-Елдар:  Мекендеген портфелімді,

Беттері аппақ-ақ көңілді.

Қызартатын қатем үшін,

Кірлетпеймін дәптерімді.

-ал, балалар, енді тақтамен жұмыс жасап, екі ай ішінде алған білімімізді көрсетейік.

(оқушылар өз білімдерін көрсетеді).

-Міне, қадірменді қонақтар, бүлдіршіндер және ата-аналар, бүгінгі 1-сынып оқушыларының білімің тамашалап, өз бағаларыңызды бердіңіздер. Сөз кезегін мектеп директоры Тусупбекова Рымтай Әмірбекқызына береміз.

(мектеп директоры тілегі)

-«Құтты қадам» атты 1-сыныптың ертеңгілігі осымен тәмам. Келіп тамашалағандарыңыза рахмет!