Жақсылық жасауға асығайық! Қамқорлық» қайырымдылық акциясына арналған мектепішілік шара

672

Жақсылық жасауға асығайық!

Қамқорлық» қайырымдылық акциясына арналған мектепішілік шара

 

І. Ұйымдастыру.

 

ІІ. Акцияның жүрісі:

 

Қайырлы күн, қадірлі қауым, ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ! Армысыздар жаны жайсаң жүрегі жомарт ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар! «Қамқорлық» қайырымдылық акциясына қош келіпсіздер!

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске әрбір адамның азаматтық парызы.

Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.

Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.

Республикалық «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы дәстүрлі түрде жыл сайынсөз жалғасын тауып келеді. Акцияның мақсаты «Қазақстан – 2050» Стратегиясында белгіленген балалардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жаңа әлеуметтік саясатты іске асыру. Маңызды міндетіміз қамқорлық жасау.

«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», — дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып , достық пейілдерін танытуға келгендеріңізге үлкен ризашылығымызды білдіреміз!!!

Балаларға қамқорлығымызды аямай, оларды аялай білейік деген ниетпен келіп отырған қонақтар мен демеушілерімізбен таныс болыңыздар.

Исламбеков Азамат Дәулеткелдіұлы, Кабидулиева Манаргүл Маратқызы, Бақтыбаева Бақыт Аманбайқызы, Имашева Алмагүл және мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері.

Қайырымдылық әрбір бала бойына сенім, жанына жігер ұялататыны сөзсіз.

Сөз кезегі және балаларға демеушілеріміздің дайындаған сыйлықтарын тапсыру үшін ортаға мектеп директоры Айшуаков Ерлан Мәлікұлы шақырылады.

 

Ән: «Перзент сыры». Орындайтын Бисалиева Гүлсара.

 

Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық. Бала сенімінің нық болуына қадам жасайық. Ауылымыздың жеке кәсіпкерлері атынан сөз Бақтыбаева Бақыт Аманбайқызына беріледі.

 

Ән: «Оралдың ерке самалы». Орындайтын Оңғаралиева Ботагөз.

 

Жақсылық жасау – имандылықтың тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс тәжірибелерімен жалғасытырылып келеді.

Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?!

Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ,  «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әртүрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіңе ойлағандай оларға да болса игі еді» делінген. Бүгінгі қайырымдылық кешіне кең пейілділік танытып отырған демеушілерімізге «Алғыс хат» табыстау үшін ортаға мектеп директоры Айшуаков Ерлан Мәлікұлы шақырылады.

 

Ән: «Бала тілегі». Орындайтын Муханова Мөлдір.

 

Бүгінгі «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға ұйытқы болып отырған мектеп ұжымына, қол ұшын беруге ат салысып отырған демеушілерімізге айтар алғысымыз шексіз.

Осындай қайырымдылық акциялары әлі де өз жалғасын таба береді деп сенеміз. Назарларыңызға рахмет!

 

Пейілділік көл-көсір,

Жомарттық ерге сын.

 

Кеңдігін көрсеткен,

Қайырымдылық айлығында,

Ізгілік жолында.

Мың алғыс, демеушілер,

Рухы елдің жібісін!

 

Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық!!!