Дауыссыз б мен п (126-130 –жаттығулар)

125

Тақырыбы:  Дауыссыз б мен п  (126-130 –жаттығулар)

Мақсаты: 1. Сөз соңында б естілгенімен п әріпінің жазылатынын

түсіндіру.Есте сақтау қабілетін арттыру.

Оқушылардың сөздік қорын толықтыру және

грамматикалық сауаттылығын арттыру.

  1.    Таза, әдемі жазуға дағдыларын жетілдіру, оқушының

ой өрісін дамыту.Өз ойын тез, әрі жүйелі

жеткізе білуге дағдылану. Байқағыштық қасиеттерін

арттыру.

  1.   Отанын сүйюге, бірін бірі тыңдауға,

ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

 

 

Әдісі:   Топтастыру, ой толғау, мағынаны ашу талдау,

іздену ойын түрлері.

 

 

Көрнекілігі:  Оқулық, тірек сызбалар,тақырыптық суреттер,

күз мезгілі бейнеленген сурет.

 

 

Сабақтың түрі:    Жаңа білім беру.

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз.

2) Үй тапсырмасын орындау үшін 3 топқа бөлеміз.

  1. үнді дауыссыздар тобы.
  2. ұяң дауыссыздар тобы.
  3. қатаң дауыссыздар тобы.

 

Біздің ұранымыз: Мақсатымыз білім алу

Міндетіміз еңбектену

Кілең 5-ке қол жеткізу

 

Ал, балалар білімімізді жан-жақты тексеру үшін біз қазір «тапқыр достар» ойынын ойнаймыз. әр топқа 3 сұрақтан беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай ал, білмесе қарсы топ жауап береді.

 

Сол жақ                                 орта                                    оң жақ

 

 

1 сұрақ: сол жақтағы 30-сөйлеу не үшін қажет?

2 сұрақ: ортадағы 40-сөзде йа дыбыс естілсе қандай әріп жазылады?

3 сұрақ: оң жақтағы 20-дыбыстық талдау жаса «отан»

4 сұрақ: сол жақтағы 20-дауысты дыбыс неше топқа бөлінеді? (2)

5 сұрақ: ортадағы 50-дыбыстық талдау жаса «ана»

6 сұрақ: оң жақтағы 10-дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (з)

7 сұрақ: сол жақтағы 10-дыбыстық талдау жаса «бала»

8 сұрақ: ортадағы 60-«аю» сөзінде неше дыбыс неше әріп бар? (2әріп 3дыбыс)

9 сұрақ: оң жақтағы 10-«сусын» сөзінде «у» дыбысы дауысты ма әлде дауыссыз ба? (дауысты)

 

3) Жаңа сабақ.

Дауыссыз б мен п

«Түсін мені» ойыны.

Әр топқа бір сөз жазылып беріледі, сол сөзді қимылмен көрсету керек. Ол сөзді балалар қимылға қарап түсіндіру керек.

«Кітап», «доп», «шөп».

Осы сөздердің соңында қандай әріп жызылып тұр. (п)

Ендеше, сөз соңында б дыбысы естілгенімен п әріпі жазылады.

 

Дәптермен жұмыс.

126  жаттығу.

П дыбысының астын сыз.

Демалып, үлестіріп, алып, сыйлап, шелектеп.

 

 

 

127 жаттығу.

Әдеп, талап, жіп, шөп, қорап.

Осы сөздерді қатыстырып, тыйым сөздер құрастырып айт.

  • Әдепті бала арлы бала,

Әдепсіз бала сорлы бала.

  • Әдептілік белгісі — иіліп сәлем бергені.
  • Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой.

  • адам баласының ең жаманы – талапсыз.
  • Қысқа жіп күрмеуге келмейді.
  • Көк шөпті жұлма

Көктей соласың.

 

128 жаттығу.

Ребусты шеш.

Ребус жауабы: (талапты)

Трек схеманы толтыру арқылы жаңа сөздің мағнасын ашу.

 

 

            

                                Талаптыға  нұр  жауар. 

 

 

129 жаттығу.

Сөздерді п естілгенімен б жазылатынын айту, түсіндіру.

Штаб, клуб.

Көркем жазу.

Б б            П п

 

 

Терме диктант

Мектеп – кеме, білім теңіз. Әкем маған доп сыйлады.

Жайлауға келген немересі атасына шөп шабуға көмектесті.

 

 

Топтастыру.

«Үйге қонақты кіргізу» ойыны

Әр топ өз түстеріне қарай қонақтарды үйге кіргізуі керек. Әр дұрыс жауапқа ұпай беріледі.

 

 

 

   мектеп          әдеп            піл            талап             тәртіп

жіп          шөп         қорап        кітап         парта      доп       қалам

 

 

«Күн шапағы» ойыны.

  • Мынау неге ұқсайды балалар?
  • Доп, күн, жер, шар, шелпек нан.
  • Бүгінгі сабағымыз қызықты мазмұнды өтті. Сондықтан оны күнге теңесем қалай болар екен.
  • Мынау күн.
  • Күнге не жетпей тұр?
  • Сәулелер.
  • Сәулені өздерің жасайсыңдар. өздерің білетің Отан, тіл, оқу, білім, тәуелсіздік, еңбек туралы білетін тақпақтарыныз, мақал – мәтелдеріңізді айтасыздар.

 

 

 

 

 

1                                                      2

 

 

 

 

 

3

 

 

Қорытынды.

Сұрақ – жауап.

  • Б дыбысы қандай дыбыс? (ұяң)
  • П дыбысы қандай дыбыс? (қатаң)
  • Сөз соңында б дыбысы естілгенімен, не жазылады?

(п әріпі жазылады)

Оқушылардың алған ұпайларын санап, қорытындылау.

Жеңіске жеткен топқа алғыс айту.

 

Үйге тапсырма:130 жаттығу

 

Бағалау