Әліппе саған мың алғыс

47

Әліппе саған мың алғыс

 Мақсаты: Әліппе оқулығынан алған білімдері –барлық білім-ілімнің бастамасы екенін түсіндіру, білімнің адам өміріндегі маңызын ұғындыру. Оқушылардың білімділік белсенділігін арттыра отырып, ұжымдық жұмыс нәтиежесіне жетуге дағдыландыру.

 

 Көрнекіліктері: «Әліппе, саған мың алғыс» тақырыбы

Еліміздің картасы, әріптер, оқушылар салған суреттер, шарлар. Әліппе, Ана тілі оқулықтарының макеті.           Мақал-мәтелдер. Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар оқылық!» өлеңі, Ы. Алтынсариннің портреті.

 

Нұрқасым:

1.Ассалаумалейкум  , халайық!

Жұлдыз:

  1. Армысыздар құрметті қонақтар: Бүгін біз шексіз қуаныштымыз.Себебі алғаш сауатымызды ашқан ,жақын досымыз Әліппемен қоштасамыз.

Нұрқасым:

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға

Қош келіпсіз  , ұстаздар, ата- аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.

 

Жұлдыз

Шаттанамын , мен бүгін шаттанамын,

Әріп сырын түсіндім , мақтанамын.

Әріп сырын үйреткен Әліппем де ,

Түстей болып  міне бүгін артта қалды.

 

Ықылас:

Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат

Оқулықпен достассаң,

Әліппеміз қоштаспақ!

Ой білімі жаңғырып,

Әліппеден мәңгілік

Әріптерді таныған

Өңкей білгіш, балдырған,

Құтты болсын, тойларың

Алмаз:

-Бүгін біздің құанышымызда шек жоқ, өйткені, тұңғыш рет сауатымызды ашқан жақын досымыз «Әліппені» бітірдік.

Индира:

 

— Біздер осы уақытқа дейін көп нәрсені үйрендік. Соның ішінде сурет салуға, ән айтуға, есептеуге, денемізді шынықтыруға, еңбек етуге              мұғаліміміздің көмегімен дағдыланудамыз.

Мұғалім:олай болса,  той иесі Әліппемізді ортаға  шақырайық.

 

Бәрі: Әліппе,Әліппе,Әліппе

 

Әліппе:

Армысыздар , жас достар!

Армысыздар ата- аналар.

Болашаққа жол бастап,

Әліппе келді ортаға.

Білім деген ғажайыптың

Әліпбиін меңгерген

Келешегі Қазақтың

Басталаады сендерден.

 

Бекетай:

Армысыңдар, аналар

Бармысыздар балалар

Сөзіме құлақ салыңыз

Бір серпіліп қалыңыз

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі жыр әніміз.

Арайлым:

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп де,

Оқимыз қазір ертек те,

Үйретті оны Әліппе.

Абылай:

Әсем ою-өрнекпен

Көмкерілген әліппем!

Сен болмасаң білімге

Бастайтын жолды біліп пе ем

Рамазан:

Енді біз жаза аламыз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза болып саған жүрміз,

Рахмет саған Әліппе.

Жанель

Әліппем менің Әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Ислам:

 

Ең алғаш алғанымда Әліппемді

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді.

Ұстазым оның кілтін алып берді.

Индира:

Қымбатты менің Әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

Жансая:

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым атасы.

Әліппеден басталған

Даналардың данасы.

Гүлдана:

Іші толған әріпке-

Мынау әйбат Әліппе

Барлық ілім- білімнің,

Әжесі осы – Әліппе.

Жұлдыз:

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны әліппе.

Ықылас:

Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза боп саған жүреміз,

Сүйікті біздің Әліппе.

Жанель:

Әліппем, менің әліппем,

«А» деген басты әріптен.

Сөз құрап жаза бастадым,

Тақылдап таңба танып мен.

Алмас:

Ыстық әрбір беттерің,

Жазуыңды ұғамын

Ақыл бердің Әліппе,

Ақылды сен мұғалім.

 

Ән: «Әліппе»

Аю:

-Бұл қай жер? Ештеңе түсінсем бұйырмасын!  Мыналар не,әріптер ме? Бұл не деген жазу екен? Қап, оқи алмаған қандай жаман!

 

Түлкі:

Сәлеметсің бе аю!

Аю:

Сәлеметсің бе түлкі!

Түлкі :

-Сен бұл жерде не істеп жүрсің?

Аю:

— Оқи алсам мына жазуларды оқығым келеді.

Түлкі :

— Кел аю, екеуміз бірге оқиық , мен де оқығым келеді.

Қоян : Сәлеметсіңдер ме достар!

Екеуі:

Сәлеметсің бе қоян!

Қоян:

-Айтыңдаршы екеуіңіз не істеп жүрсіңдер бұл жерде?

Екеуі: Біз мына жазуды оқығымыз келіп тұр.

Қоян:

А, олай болса бірге оқиық , мен де оқығым келеді.

Екеуі:

Кел онда, оқысақ оқиық.

Тиін:

-Сәлеметсіңдер ме достарым!

Үшеуі:

Сәлеметсің бе тиін!

Тиін:

Барлығың мында жиналыпсыңдар , не істемек ойларың бар?

Үшеуі:

Мына жазуды оқымақ ойымыз бар.

Тиін:

Онда  бірігіп оқиық.

Үшеуі:

Оқысақ оқиық!

Тышқан:

-Сәлеметсіңдер ме достарым!

Төртеуі:

-Сәлеметсің бе Тышқан досымыз!

Тышқан:

-Бәрің маған айтпай не істеп жүрсіңдер бұл жерде?

Төртеуі:

Мына жазуды оқысақ деген ойымыз бар.

Тышқан:

— «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», дейді , бірге оқиық!

Төртеуі:

Оқысақ оқиық!

Аю:

-Менің ойымша бұл- «бал» деген  жазу

Түлкі:

-Ал,менің ойымша бұл- «Та- уық» деген  жазу.

Қоян:

-Ал,менің ойымша бұл- «Сә- біз» деген  жазу.

Тиын:

-Жоқ, жоқ бұл – «жаң-ғақ» деген жазу

Тышқан:

-Не деген көп жазу , бұл қандай сөз болды екен  а?

 

Әліппе:

-Неге дауласып жатырсыңдар достарым? Оқи алмасаңдар балалардан сұрамайсыңдар ма?

-Балалар ,сендер Әліппені оқып бітірдіңдер, олай болса аңдарға  оқып көмектесейік.

Балалар:

Мек- теп.

Аңдар:

Мектеп? Мектеп деген не?

Әліппе:

-«Мектеп» деген- балалалар оқып ,білім алатын  үй.Қазір сендер мектепте тұрсыңдар.Бүгін 1 «Ә» сыныбында алғаш кітабы Әліппемен қоштасу салтанаты өтуде. Мектептен неге үйренуге болатынын балалардың әнінен білесіңдер.

 

Ән: « Үйретеді мектепте»

Назерке:

Білімнің қайнар бұлағы.

Өнердің жарық шырағы ,

Тұрағы өзің мектебім,

Шәкірттің асыл қырағы.

Диас:

Өнерге ортақ тәрбиең,

Бір сеннен қуат аламын.

Мектебім -мәңгі бапкерім,

Таудай ғой менің талабым.

Абылай:

Нәріңді беріп құрғатпай,

Сусаған шөлді қандырған.

Сәулеңді шашып жүрекке,

Жанымның отын жандырған.

 

Ән.»Мектебім, аяулы мектебім»

Мұғалім:

-Иә, сендер 4 ай ішінде әріптердің сырына да қанық болдыңдар.Әріптер қандай сыр шертеді екен?Олай болса , әріптерге кезек берейік

 

А әрпінен  есімім,

Айтсам сөздің кесімін.                                        АРАЙЛЫМ

Арайлым қыз мен боламын,

Айдай өсіп толармын.

 

 

 

Б әрпінен басталған,

Бауыржандай есімім                                     БАУЫРЖАН

Батыр бабам әрқашан

Ардақтаймын есімін.

 

Г дегенің Гүлдана,

Гүлдана деген- мен бала.

Жақсы оқысам сабақты,                           ГҮЛДАНА

Аламын ылғи «5»баға.

 

Т әрпін саған білу керек пе?

Мен Ағлен Теңелбаева демек те

1-сынып оқушысымын тәлімді,                   АҒЛЕН

Озат та боламын ,әрі зерек те

 

Ж әрпінен басталатын Жұлдызбын

Досы болам сыныптағы ұл қыздың.

Жұлдыз болып жарқырасам көгімде,         ЖҰЛДЫЗ

Мақтан болам мынау байтақ елімде

 

Аманжолұлы  Қанат мен едім,

Оқумен өскен кемелім.

Қ ына тасқа бітер,                                 ҚАНАТ

Білім басқа бітер дегендей,

Аламын білім тереңін.

 

Мен-Мағзам Жансая біліп қой,

М- ны білу керек қой.

М  дегенің мектеп қой,                         ЖАНСАЯ

Еркелікті шектеп қой.

 

Н әрпі Нұрқасыммын мен деген,

Білім іздеп ,оқу оқып терлеген.

Үздік оқу ,саналы өріс біліммен,                      НҰРҚАСЫМ

Айтыңызшы, бәйгеден кім келмеген?

 

 

 

 

 

Д — дан басталар — менің атым Диас,

Әріптерден қаламын ба мен қалыс.                           ДИАС

Достарыма  тілейтінім –алдымен

Денсаулық пен мол табыс.

 

Абылай бала мен болам,

Мынау әйбат  Әліппе.

Әрпітерді  басқарған,

Мені жақсы коретін,                            АБЫЛАЙ

Әжем менен әкем де

Ә әрпінен басталған.

 

 

 

 

Саянов Алмаз  мен едім

Мен біріншіде жүргенде ,

Бағындырдым білім тереңін

С әрпінен басталған                                         АЛМАЗ

Саянов деген тегім де

Сәлем жолдаймын сіздерге !

 

«Р» дегенің Рамазан балаңыз.

Қуанышпен айналаға қараңыз.

Риза болсын біліміңе балдырған,                 РАМАЗАН

Еліміздің игілігіне жараңыз.

 

«О» әрпінен басталады  тегім менің,

Оңайбай Жанель мен боламын елім менің.

Оңай емес оқу оқып, меңгерген,

Озып келем мені алға сермеген,                          ЖАНЕЛЬ

Ұстазымның еңбегі деп білемін,

Озық ойлы болшы сен деп сендірген.

 

И  әрпі кездеспейді бекерге,

Есімдерден іздесеңіз егер де.

Исатай, Иса аталар,                                   ИСЛАМ

Ислам,Индира балалар,

Бәрі И— ден басталар

 

Ықылас , ырыс адамға,

Керек екен ылайым.

«Ы» әрпінен басталған                         ЫҚЫЛАС

Ыстық ,ынтымақ  ,ырым да.

 

 

«Ш»әрпінен басталған.

Шыңғыс балаң мен болам.

Шыншыл ,шебер,шыныққан                  ШЫҢҒЫС

Шынайы шаруа тындырған

 

«З» әрпімен Назерке  қыз көркемделген.

Заң сөзімен заманымыз өркендеген.

Заңгер болу- Назеркенің арманы,             НАЗЕРКЕ

Заңғар болу бар баланың  арманы.

 

Ерлік пенен елдікке бай,

Мен балаңмын Бекетай.

«Е» әрпі  есімімде,                                 БЕКЕТАЙ

Ерттеп мінем  жеке тай.

 

 

Ілім іздер даналы,

Индирамын саналы.

«І» әрпінен басталар.                  ИНДИРА

Ізет,ізгі ілтипат,

Адамдыққа жарайды.

 

Жаны жаздай Жантілекпін,

Келешекке бой түзеттім .

«К»әрпінің кереметін,             ЖАНТІЛЕК

Кітапты  тек серік еттім.

 

Көрніс: «Кім неден күшті?»

 

 

Әліппе:

-Жарайсыңдар  балалар! Құрметтеріңе рахмет. Енді меннен алған білімдеріңді «Ана тілі» пәнімен ұштайсыңдар.Міне менің досым, Ана тілінің өзі де келіп қалыпты,қарсы алыңдар!

Ана тілі:

Сәлеметсіңдер ме балалар!

Балалар:

Сәлеметсіз бе Ана тілі!

Ана тілі:

Мен Ана тілі оқулығы боламын. Мен сендермен танысқаныма өте қуаныштымын!Енді сендер бұрынғыдан да көп оқисыңдар.Ақын- жазушылардың шығармаларын, ертегілерді ынта қойып оқыңдар.Сонда сендер көп нәрсе үйренесіңдер.

Бәрі:Оқимыз, оқимыз.

 

Ана тілі:

Ал балалар, осы Әліппеден сауаттарыңды ашып, оқу мен жазуға үйреткен кім?

Шыңғыс:

Барша жұртқа сыйлаған,

Ілім- білім мұратын.

Өмірдегі сыйлы адам,

Бес әріптен тұратын.

 

Әліппе:

Жаны шуақ , мейірлі,

Ұстазды кім білмейді?

Ислам:

— А-ны, айтқанда дауысымыз дірілдейді,

Ұстазым көз алдымда күлімдейді.

Күн сайын әріптердің атын біліп,

Сөз оқимын айырып буынды енді

 

Ән: « Ардақты ұстазым»

 

Әліппе:

Бәрі жақсы , балалар: Енді мен сендермен қоштасайын..алдағы уақытта жақсы оқыңдар. Ата- аналарыңызды тыңдаңдар.Менің досым Ана тілін ренжітпей оқыңдар, ұқыпты ұстаңдар, онымен дос болыңдар.

Кір шалмасын беттерін,

Таза болсын оқулық пен дәптерің,

Оқығандарың есте болсын.

Күнделіктерің 5- ке толсын.

 

 

Нұрқасым:

-Жүректерге сүйікті ең бір жақын,

«Абай» деп атамның жаздым атын.

Хатқа жазып ата-ана есімдерін,

Күнім бұл бірінші рет мақтанамын.

Арайлым:

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз!

Ата-ана құанышқа ортақ боп

Сауатты боп шықты, міне балаңыз!

Шыңғыс:

Әріптерді жаттаймыз,

Есте мықтап сақтаймыз

Ұмытпаймыз бәрін де,

Атын, затын, түрін де.

 

Гүлдана:

Енді біз жаза білеміз

Әріпті қойып әріпке

Риза бопсаған жүреміз

Сүйікті біздің әліппе.

Жантілек:

Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол, менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам қатарына кіргенім

Қанат:

Білімге жолды бастаған

Әліппем саған мың алғыс!

Оқы деп ұран тастаған,

Әліппем, саған мың алғыс!

 

Ән: «Алғашқы қоңырау»

 

Ата – аналармен ойналатын ойын: «Тапқыр ана, ойшыл әке»

 

Тренинг: «Менің Отаным Қазақстан»

 

Отан дейміз-От жаққан жерімізді,

Отан дейміз-өсірген елімізді.

Отан дейміз- туған жер, атамекен,

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді

 

Отан дейміз- кең байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

 

Ән: «Жаса Қазақстан»