Таскөмір

200

Сабақтың  тақырыбы: Таскөмір

Сабақтың  мақсаты :

а) Білімділігі :таскөмірдің пайда болуы, олардың түрлері және қасиеттері, өндірілуі туралы түсінік бере отырып, еліміздегі басты кен орындарымен таныстыру.

 

ә)Дамытушылығы :оқушылардың ойлау,  есте сақтау, жаңаны ұғыну мен тіл байлығын дамыта отырып, дүниетанымдарын кеңейту.

 

б) Тәрбиелігі : қазба байлықтарды бағалауға, қастерлеуге, қорғауға және табиғатты сүюге тәрбиелеу.

 

Сабақтың  әдісі,түрі :ақпараттық технологияны пайдалану, түсіндірме, сұрақ – жауап, ізденіс

 

Сабақтың  көрнекілігі:слайдтағы суреттер: “Пайдалы қазбалар картасы”, “Каспий теңізіндегі мұнай мұнарасы”,  “Апақ Байжановтың ескерткіші”, “Кен орны”, таскөмір түрлері, тірек –сызба кесте,жұмбақ

 

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика, тарих, бейнелеу өнері, еңбек.

 

Сабақтың  барысы:

  1. I. Ұйымдастыру бөлімі

Күндей жадырап,

Айдай арайланып.

Жұлдыздай   жарқырап,

Судай таза көңілмен

Бүгінгі сабағымызды бастайық.

Балалар біз  “Қазақстанның  пайдалы қазбалары” тарауын оқып жатырмыз.

Мақсатымыз еліміздің аумағында өндірілетін пайдалы қазбалар түрлерімен танысу, басты кен орындарын картадан таба білу, олардың пайдасы  мен зиянын білу. Бұл тақырыптарды меңгеру үшін алдымызға міндет қоюымыз керек.

Бүгінгі сабағымызды    міндеті“іздеймін және табамын, ойланамын және біліп аламын”. Ол үшін оқулық, энциклопедия, карта ,алфавиттік кесте көмегімен білімімізді тереңдетіп, қосымша мәліметтерді өзіміз іздеп, ойланып, дәлелдеуіміз қажет. Ой бөлісуіміз керек.

  1. II. Үй тапсырмасын тексеру

“Мұнай және газ” (Жанғыш пайдалы қазбалар)

Үй тапсырмасы жоспар бойынша сұралады:

1.Мұнайдың негізгі қасиеттері.

  1. Мұнайды өндіру (кен орындары)
  2. Мұнайдан алынатын заттар.
  3. Табиғи газдың қолданылуы.
  4. Газдың пайдасы мен зияны.

Үй тапсырмасын пысықтау. (сынау арқылы)

1.Жанғыш пайдалы қазбаларды ата?

А) қатты, сұйық, газ түрінде

В) мұнай, газ, көмір

С) темір, мыс, қорғасын

2.Жанғыш пайдалы қазбалардың басты қасиеті қандай?

А) қызиды

В) жылу береді

С) жанады

3.Мұнайдан өңдеу арқылы не алынады?

А) жанармай, жермай, тыңайтқыш, ермексаз

В) қоңыр түсті, айрықша зат

С) табиғи газ

 

 

  1. Ілеспе газ…

А) құбырмен тасылады

В) өңделеді

С) мұнаймен бірге ілесе жүреді

5.Қазақстанның мұнай астанасы?

А) Ақтау

В) Атырау

С) Орал

Тест тапсырмасының кілті  1.В      2.С    3.А    4.С     5.В

ІІІ. Жаңа сабақ.

     Жұмбақ

Маңдайға жағып шырақты,

Лавалардан тұрақты.

Ағызып отын өзенін

Жылытқан кім өз елін ?(Шахтëр)

— Ал осы жер астынан қазып алынатын қазба байлықтарының тағы бір түрімен толығырақ танысу үшін “Кім жылдам?” ойыны арқылы есептер   шығара  отырып жаңа сабақтың тақырыбын ашып алайық.

 

   Т  79 — 60
   Р  5  х   6
   Ө  45 :  45
   І  25  :  5
 М 100  —  1
 А  87 +  4
 С  4   х   4
 К  10  х  2

 

                          

 

     19    91     16   20    1    99      5       30
               


—  Берілген   цифрлар  нені  білдіреді ?

—  1991   жылы 16  желтоқсан  қандай  оқиғаны  білдіреді?

—  1991  жылы  16 желтоқсан  Қазақстан   Республикасы  тәуелсіздігін  жариялады.Егемендң ел болды.  Биыл  2011 жылы   Тәуелсіздікке 20 жыл толып отыр.

— 1995 жылы 30 тамыз  ҚР  Конститутцисы  қабылданды.

— Таскөмір сөзіндегі  әріптердің  санын   осы сөздегі буын санынның  көбейтіндісінің мәні    нешеге тең болады? (  8 х  3=24)

  1. Ой қозғау.

 

 

         морт сынғыш                      қара түсті                    қатты

 

жанады                                  ТАС  КӨМІР                                қолға жұғады

 

антрацит,қоңыр көмір      отын               жылтыр                     Қарағандыда таскөмір   кенін

тапқан Апақ Жапақов

  1. Мағынаны тану
Таскөмір

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                      

 

Қасиеті:

қара түсті,қатты

жақсы  жанады

жылтыр,қолға жұғады , морт

сынғыш

 

Кен орындары:

Қарағанды

Екібастұз

.

V I. Картамен  жұмыс

Картадан тас көмір  өндіретін кен орындарын табу.  Екібастұз  бен  Қарағанды  кен  орындарын картадан көрсетіледі.

Ойын : « Сәйкестендіру»

Мұнай

 

Тас көмір

 

 

Табиғи газ

 

 

V II. Сергіту сәті

Біздер  бүгін  баламыз,

Өсіп  алға  барамыз,

2030  жылдары

Біз де азамат  боламыз.

V I.  Оқулықпен жұмыс. (оқушыларға тізбектеп оқыту)

  1. 1. Мәтінді тізбектей оқыту
  2. « Менң ағам шахтер» өлеңін мәнерлеп оқыту, мазмұнын әңгімелеу.

V III. Сөздік  жұмыс.

оқтан- терең қазылған құдық

дәліздер- кіре берістегі бөлме

штректер-жан-жаққа таралған бөлмелер

нафталин- химиялық зат

IХ Шығармашылық жұмыс

I топ өлең құрастыру

Iiтоп жұмбақ құрастыру

IIIтоп «Пайдалы қазбаларды қорғау » эссе жазу

 

 

 

Х.Сабақты бекіту

-Таскөмірдің түрлері?

-Таскөмірдің қасиеті қандай?

-Ірі  кен  орындарын ата.

-Еліміздің пайдалы қазбаларын сақтап қалу жөнінде не айтасыздар?

 

ХI.Бағалау

Келісім шартты орындап,

Уәделеріңде тұрдыңдар

Міне, керемет!

Іздедік, таптық

Ойландық, біліп алдық.

Бәрекелді балалар!

Бәріңе жақсы баға бар

Азамат боп өсіңдер,

Ел байлығын бағалар

ХII Үйге тапсырма:

.Ал, енді үйге тапсырма алайық,

Білім кенін қазайық

а)“Таскөмір” тақырыбын оқу.Кен орындарын тауып жазу

ә)“Менің ағам – шахтер” өлеңін жаттау.

 

Оқушылар  шығармашылығы

Жұмбақ

Жақсы жанады,

Қара түсті болады.

Үйге  жылу береді,

Кім бірінші табады?              (…)

 

Судан жеңіл,

Қоңыр түсті.

Жақсы жанады,

Майлы болады

Кім бұны табады?    ( … )

Бақтан  Ақманар  3 -сынып

 

Қара түсті болады,                                         Көзге  көрінбейді,,

Жанғанда иісі шығады.                                Иісі мұрын жарады.

От тигізсең жанады,                                     Қолға  ілінбейді

Үй жылытып береді.           (…)                    Бірақ жылын дейді.  ( … )

 

Батырханов  Ерасыл 3 – сынып

 

«Пайдалы  қазбаларды  қорғау»

Эссе

Қазақстан пайдалы қазбаларға  бай.Осы пайдалы қазбаларымызды  қорғау керекпіз.Оларды  үнемдеп ,шашпай ,тиімді пайдалану керек. Пайдалы қазбалардың қалдықтарынан

басқа заттар  ойлап табуды  ойластыру қажет.Өндіргенде қалдықсыз өндіруге көңіл бөліну керек.

Пайдалы қазбалар адам өміріне  өте қажет.