Ою-өрнек түрлерін топтастыру

108

Сабақтың  тақырыбы:  Ою-өрнек  түрлерін  топтастыру.

 

Мақсаты:  Ұлт өнерін,  мәдениетін түсінуге,  бағалауға, үйренуге  тәрбиелеу.

Керекті  құрал-жабдықтар: дәптер, қарындаш, қалам.

Көрнекіліктер:  Ою-өрнек  үлгілері.

Сабақтың  барысы:

Ұйымдастыру.

Сәлемдесу,  түгендеу, тазалыққа  көңіл  бөлу.

Білімін  тексеру, өткен сабаққа  шолу.

 

Жаңа сабақ:

Ою өрнек тарихына ой  бөліп, көп  мағлұмат  алдық.  Даму  кезеңін  байқап,  уақыт  өткен сайын   жетіле  бергенін  көреміз.  Ғалымдар  ғылыми  тілде   ою-өрнек  түрлерін  төрт  топқа  топтастырды.

1.Хайуанаттар

  1. Өсімдіктер
  2. космогониялық

4.Геометриялық

 

Енді осыны таратып  айтсақ:

  1. Аспан әлеміне байланысты  ою-өрнектер.
  2. малдың дене мүшесіне, ізіне  байланысты оюлар.
  3. аңның дене мүшесіне байланысты  оюлар.
  4. Құрт-құрмысқаға байланысты ою-өрнектер.
  5. құстарға байланысты  ою-өрнектер.
  6. Жер,су, өсімдік бейнелі ою-өрнектер.
  7. Қару-құралдарға байланысты ою-өрнектер.
  8. Геометриялық фигуралар тектес  өрнектер.

Осы ою-өрнектің  қай түрін алсақ та, бәріне   ортақ элемент-қошқар мүйіз.  Мүйіз  тектес оюлар- арқар, бұғы мүйіз. Марал мүйіз, сынар  мүйіз. Текемет, сырмақ, тұскиіз секілді  үй  жиһаздарына  жиі  салынады, ұлттық  нақышымыз  десек  те  болады.  Ою-өрнектің  тілін  білетін  адам, шебер    оюды   өз орнымен  қолданады.

Сабақты тиянақтау.

Оқушыларға деңгейлік  тапсырма  беріп, білімін  тексеру . Сұрақтар арқылы  сабақты қорытындылау.

  1. Мүйіз тектес оюларды ата.
  2. Геометриялық фигураларды сызып, қиып көрсетіңдер?

Үйге тапсырма    ою ойып келу