Желтоқсанның ызғары

252

Жоспары :

1.Оқушыларға  1986  жылғы  көтерілісті ,  жастардың  көтеріліске  шығу  себептерін , олардың  алдына  қойған  мақсаты  жайлы  түсінік  беру.

  1. Туған ел мен  жеріне  деген  сүйіспеншілігін ,   туған  халқын  сүюге ,  тіліміз  бен  тарихымызға  құрметпен  қарауға  тәрбиелеу.

3.Оқущылардың   дербес  жұмыс  істеуін , сөйлеу  қабілетін  дамыту , өз  ойын  еркін  жеткізуге , тарихи  фактілерді , оқиғаларды  саралап ,  олардың  себеп – салдарын  анықтауға ,  есіне  сақтауға  дағдыландыру.

 

Көрнекілігі:  слайд «Желтоқсан  ызғары»

                   

  Бейнебаян  «Желтоқсан  желі  ызғарлы»

 

 

Кіріспе :

-Құрметті  , ұстаздар  мен  оқушылар  сіздерді  16  желтоқсан  тәуелсіздік  күнімен  құттықтаймын.

Әнұраным  —  жан  ұраным ,

Айтар  әнім  —  сөйлер  сөзім ,

Туған   жерім  —  сағынарым

Мәңгі  бақи  шырқалады

Республика  әнұраны.   (Әнұран  орындалады).

-1986  жылы  16  желтоқсанда  Қазақстан  Компартиясы   орталық  комитетінің  18  минутқа  созылған      —  пленумы   Д . А  Қонаевтың  орнына

Кеңестер   Одағының   Комунистік   партиясы   ( КОКП)   Разуловскийдің  ұсынысы   бойынша   Г . Колбинді   тағайындайды.  Ол   бұған   дейін  Ульяновск   облыстық   комитетінің  1-ші  хатшысы   ( облыс  әкімі)  болып   істеген .   Республикаға   мүлдем   бейтаныс   болатын .

17   желтоқсанда   таңертең   Алматыда   жаппай   толқу   басталды ,  кейінірек   ол   республиканың   басқа   да   қалаларына   тарады . Г . Колбиннің   жоғарғы   басшылыққа   тағайындалуы   сылтау   ғана   еді .   Наразылыққа   жылдар   бойы   қорланған  себептер   түрткі  болды.

Жастар  Брежнев   алаңына   жинала   бастады .  Алаңда  «Біз ,  қазақ ,  ежелден   еркіндік   аңсаған» ,  «Әрбір   ұлтты  өз   көсемі  басқарсын » , «Тәуелсіздік   керек»  деген   ұрандар   айтылды . Республика   басшылары   әу   бастан – ақ  жастармен   тең   құқылы   келісімге   бармады   және   олардың   пікірін   тыңдағысы   келмеді .  Саяси   наразылықты   үкімет   билігіне   төнген   қатер   деп   бағалап ,  оған   Алматы   горнизонын   жаугершілік   дайындыққа   келтіріп ,  көп   күшпен   алаңдағы   жастарды   қоршап   алды .

Алматыға   әр   аймақтардан   әскердің   арнайы   бөлімдерін   жіберді .     Өз   елінің   тәуелсіздігін   талап   етіп ,  шеруге   шыққан   жастарға  «Бұзақылар ,  ұлтшылдар ,  нашақорлар»   деген   кінә   тағылды .  Түрмеге  қамалды.

Көптеген  студент —  жастар   оқу   орнынан   шығарылды .

Тәуелсіз   жолында   Қ .  Рысқұлбеков ,  Л . Асанова  ,  Е .  Сыпатаев ,  Сәбира   сияқты   қазақ   жастары   желтоқсан    оқиғасы   кезінде   қайсарлықпен  ерлік   көрсетіп ,  құрбан   болды .

 

  Бейнебаян :  « Желтоқсан  1986 ». 

   Сәбира  Мұхаметжанова  1985 жылы  сегіз   жылдық   мектепті   үздік   бітіріп , бастауыш   мектеп   мұғалімдерін  даярлайтын   оқу   орнына  студент   болып   қабылданды.  Ол   Алматыдағы   жастар   шеруін  жұдырықтай   жүрегімен   қолдап ,  Өскемен   қаласының   көңілі   ашық ,  көкірегі   ояу   студенттерімен   бірге   Ушанов   алаңына   қарай   өлең   айтып   шеру   тартты.   Өскемен   жиналысында   Сәбираны   тәртіпсіз   деп   айыптап   жазалаған.   Сөйтіп ,  албырт   жас   жатақхананың   өзі   тұратын   бөлмесінің   терезесінен   секіріп   қаза   тапты.

    Ләззат   Асанова   Алматы   облысының   Панфилов   ауданындағы   Ақжазық   аулында  дүниеге   келген.   Алматының   Чайковский   атындағы   музыкалық   училищесінде   қобызшы   мамандығы   бойынша   оқып   жүрген   Ләззат   Асанованың   он   алты   жылдық   қысқа   ғұмыры   кенеттен   үзілді.   Ләззатты   жерлеудің   алдында   денесін   ақ   жауып ,  арулаған   кезде   оның   екі   білегіне   салынған   темір  бұғаудың   қалдырған   көкпеңбек   іздерін ,  бас   сүйегінің   шүйдесі   ойылып   кеткені  анықталды.  Осыған   қарағанда   ол   жазалаушылардың   қорлығынан   қаза   тапқан.  Ләззат   әпкемізді   мәңгі   есімізде   қалдырамыз.   Аруағына  бас   иеміз .

    Ербол   Сыпатаев   Алматы   облысының   Панфилов   ауданының   Ленин   атындағы   совхозының   екінші   бөлімшесінде   туып   өскен.   Ол   Энергетика   институтының   ||  курс   студенті   болатын.    Ербол   бір   үйдің   жалғыз   баласы   еді.   1986   жылдың   18  желтоқсанында   кешкі   сағат  8- де  ауруханаға   бас   сүйегі   мен   иығынан   ауыр   жарақаттанған   Ерболды   әкелді.   Ол   есін   жимастан   қайтыс   болды.   Біздер   Ербол  ағамыздың  жастық  жігері  мен  ерлігін  мәңгі  есімізде  сақтап, аруағына  бас  иеміз.

 

Ерке:  Ханбибі   Есенғара  «Тәуелсіздік  туралы»  өлең  оқу.

  1. Албина: Несіпбек   Айтұлы  «Әлқисса»  өлең   оқу.
  2. Саят : Күләш   Ахметованың   өлеңі   оқу.
  3. Қуаныш : ән   «Алға , қазақ   жігіттері».
  4. Ғалымжан : Темірбек   Медетбектің   өлеңін  оқу .

 

Слайд :  «Олардың   өлімі   туралы» .

( Е. Сыпатаев , Л. Асанова , Қ. Рысқұлбеков)

Қайрат  Рысқұлбеков

Жамбыл   облысы   Мойынқұм   ауданындағы   Бірлік   ауылында   дүниеге   келген.   1982   жылы   ол  Алматы  Сәулет  құрылыс  институтына  түседі.  Сол  Желтоқсан  оқиғасынан  кейін  оны  «Савицкиді  өлтірген  қылмыскер»  деп  жала  жауып  «Аса  қауіпті  қылмыскерлер изоляторында»  ұстады.

            Көрініс: «Қайраттың  тұтқындалуы». 

Оқушы:  Кәдімгі  миллиондаған  түндердің  бірі.  Бірақ  бұл  түн  өзгеше  түн  еді.  Себебі  бұл  түнде  қаланың  кез – келген  тұсынан  ұсталған  жастарды  ұрып – соғып , өлімші  халге  жеткізді.  Осындай  қатігездікті  көрген  оларға  араша  түсем  деп  жүргендердің  арасында  Қайрат  Рысғұлбеков  та  бар  еді.

Милиционер:  Ұстаңдар  бұзақыны!  Әкетіңдер,  жауып  тастаңдар!

Савицкийді  өлтірген  сен  бе?

Қайрат:  Жоқ,  мен  емес!

Милиционер:  Сен  өлтірген,  мойныңа  ал!  Алып  кетіңдер!  Бәрібір  құтылмайсың ,  бұзақы!    (Қайратты  алып  кетеді).

            Көрініс: « Қайратты  тергеу  сәті »

Оқушы:   Тұрыңдар!  Сот  келеді!

Тергеуші:  Сот  үдерісін  бастаймыз!

  • Куәгерді шақырамыз.  Сізге  сұрақ:  Сіз  алаңда  Қайрат  Рысқұлбековтың  Савицкийді  өлтіргеніне  куә  бола  аласыз  ба?

1 – куәгер:  Боламын,  өз  көзіммен  көрдім.  Керек  десеңіз  менде  қолында  таяғымен  түскен  суреті  бар.   Ол —  ұлтшыл,  Қайрат  оңбаған!

Тергеуші:  2 – куәгерді  шақырамыз.  Сіз  Қайрат  Рысқұлбековтың   Савицкийді  өлтіргенін   бейнетаспаға  түсіргеніңіз  рас  па?

2 – куәгер:  Рас – рас,  ол  Савицкийді  аяғымен  теуіп ,  таяқпен  ұрды.  Менің  қолымда  түсірген  бейнетаспа  бар.

Тергеуші:  Енді  Қайрат  Рысқұлбековке  сөз  беремін.

Қайрат:  мен  ұлтшыл  да,  кінәлі  де  емеспін.

Сот:  Барлық  куәгерлерді  тыңдай  отырып   қайрат   Рысқұлбековті  айыпты  деп   табамын.

Қайрат:  Хақ,  о  халқым!

Өткен  заманда  бас  кесер  өлім  алдында  өлім  жазасына  кесілгендердің  соңғы  тілегін  орындайды.  Менің  де  ақтық  сөзім  бар.

                                              Ақтық   сөзі 

Жалалы  боп , қатты  батты  жаныма,

Жазалаушы  қағаз  алдым  қолыма.

Жігіттер – ай,  айтып  айтпай  не  керек,                                                              Жазған  екен  маңдайыма,  сорыма.

Біріншіден  мен  анамды  сағындым,

Екіншіден   бұл  құдайға  не  қылдым?!

Бостандықта  еркін  жүрген  жан  едім,

Енді  міне  абақтыға  жабылдым.

Әкетай – ау,Пайғамбардай  жасың  бар,

Туа  бермес  сіз  секілді  асылдар.

Қартайғанда  жүрегіңізді  жаралап,

Кесір  болды – ай  мен  секілді  масылдар.

Айналайын,  қарындасым,  қарағым

Қолда  кісен,  мен  айдауда  барамын.

Қайғы  шегіп,  азап  тартқан  ағаңды,

Айтшы  жаным  қандай  жанға  баладың?!

Айналайын,  інішегім, құлыным,

Сені  ойлап  үзіледі  жұлыным!

Сенің  ерке  ақ  жүзіңді  көре  алмай,

Кетіп  барам  мен  айдауға , құлыным!

Айналайын  ағалар  мен  жеңгелер,

Сіздерге  кім  бұл  өмірде  тең  келер!

Сүмірейіп  сот  алдында  отырған ,

Бауырыңды  енді  кімдер  ескерер?!

Өздеріңе  аман – саулық  тілеймін,

Өздеріңмен  бірге  болсын  тілегім.

 

Күнәдан  таза  басым  бар,

21 – де  жасым  бар.

Қасқалдақтай  қаным  бар,

Бозторғайдай  жаным  бар,

Алам  десең  алыңдар!

Қайрат  деген  атым  бар,

Қазақ  деген  затым  бар,

«Еркек  тоқты — құрбандық»,

Атам  десең  атыңдар!

Мен  не  етермін,  не  етермін ,

Мен  келмеске  кетермін.

Көрмеген  қош  бол,  таңдарым,

Көре  алмай  мен  өтермін.

Тергеуші:  Сот   үдерісі  аяқталды.

Оқушы:  Осыдан  кейін  Қайрат  21  жсында  қаза  тапты.

Мұғалім:  Міне,  тәуелсіздік  осындай  ұлтжанды  жастардың  көтерілісінің  арқасында  келді.  Жастарды  ағалары  жазушы  Мұхтар  Шаханов  та қолдады.

Хор:  «Атамекен»

Қуаныш:  Халыма  Өтешеваның  сөзі.

Аңсаған: «Жырым  сенсің  тәуелсіздік»

Ерасыл: «16  желтоқсан – тәуелсіздік  күні». Т. Молдағалиев.

Ғалымжан:  ән   «Көк  тудың  желбірегені»

Аймекен:  ән  «Өз  елім»