Санды 7-ге көбейту және бөлу кестесі

640

Сабақтың тақырыбы: Санды 7-ге көбейту және бөлу кестесі

Сабақтың тақырыбы: Санды 7- ге көбейту және бөлу кестесі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды санды 7-ге көбейту және бөлумен таныстыру. Көбейту, бөлу амалдарын шығаруға машықтандыру. Білім, білік дағдыларын кеңейту, ой ̵ өрісін, қиялын, қабілетін дамыту. Көбейту кестесін құруды, көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдалануға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер,сәйкестендіру кестесі,көбейту кестесі,ойындар,постер,бағалау парақшалары.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың әдістері: Блум әдісі,ойын әдісі,өрмекші әдісі,топпен жұмыс,сұрақ ̵ жауап,түсіндіру.
Қолданылатын модульдер: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; жас ерекшілігіне байланысты оқыту; сын тұрғысынан ойлау; көшбасшылық.
Сабақтың бөлімдері:
Мұғалімнің іс ̵ әрекеті Оқушының іс ̵ әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі.Топқа бөлу.Психологиялық ахуал.

1.Білім Астанадағы керемет ̵ Бәйтерек.
«Өрмекші» әдісі.

2.Түсіну. Пирамида.
Жаңа сабақ.
Негізгі бөлім
3.Қолдану.Нұр ̵ Астана мешіті.

Тақта және дәптермен жұмыс.
Ақ Орда.Деңгейлік тапсырмалар.
Сергіту сәті.Сұр қоян.

4.Талдау.Аспалы көпір.
Математикалық диктант.
Үш би ескерткіші.

«Жоғалған санды тап» ойыны.
Қорытынды бөлім.
5.Жинақтау. «Қаз Мұнай газ» ғимараты.
Постермен жұмыс.
Көлік комуникация министрлігі.
Сөз туым ойыны.
6.Бағалау.
Сыныпты сан разрядтары арқылы топқа бөлу.
1. Бірліктер.
2. Ондықтар.
3. Жүздіктер.
4. Мыңдықтар.
Балалар,біз бүгінгі сабағымызда еліміздің астанасы Астана қаласының керемет жерлеріне саяхатқа шығамыз. Біздің тәуелсіз еліміздің астанасы Астана да 7 керемет бар екен. Берілген тапсырмаларды орындай отырып сол кереметтерді көрейік.

Қазақта 7 саны киелі, қасиетті, тақ сан. Ендеше 7 санына байланысты ұғымдарды текшелік стратегияны пайдалана отырып бірнешеуіне тоқталамыз.

7қазына 7шелпек 7жұт

7жарғы 7жоқ

7қат көк
7күн 7түс
Әр топтан 7 санына байланысты қандай ұғымдарды текшелеп айтып бере аласыңдар.
7 саны туралы жақсы біледі екенсіңдер. Біздің тәуелсіз еліміздің астанасы Астана да 7 керемет бар екен. Берілген тапсырмаларды орындай отырып сол кереметтерді көрейік.

Кәнекей,балалар жетіге көбейту және бөлу жағдайларын кім түсіндіріп бере алады?
Балалар,қалдықпен бөлуді орындаңдар және санды 7 ̵ ге бөлгенде қандай қалдықтар қалуы мүмкін?
Өрнек түрінде жазыңдар.
А)70 ̵ ті 7есе кеміту:
Ә)белгісіз санды 7есе арттыру:
Б)70 ̵ ті 7 ̵ ге кеміту:
В)белгісіз санды 7 ̵ ге арттыру:

Тиісті санды табыңдар.
Мәні 7 ̵ ге тең болатын бөлінділер жазыңдар.Неше бөлінді жаздыңдар?Олардың мәндерін табу үшін көбейту кестесіндегі неше теңдікті қолдану керек?

Балалар,сөз туым ойынын ойнау үшін,яғни бір сөздің әріптерінен алмастыру арқылы жаңа сөз жасау керек және жасаған сөздеріңнің суреттерін салыңдар.

Үйге тапсырма: №6 есеп а,ә. Сандар разряды бойынша топқа бөліну.
• 1.Өткенді қайталау. Үй тапсырмасын «Өрмекші» әдісі бойынша айту.
Жеті ата: ата,әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене.
Жеті қазына: жүйрік ат,қыран бүркіт,берен мылтық,жүйрік тазы,ақыл,сұлу әйел,қанжар.
Жеті жоқ: жерде өлшеуіш жоқ,аспанда тіреуіш жоқ,таста тамыр жоқ,тасбақад талақ жоқ,аллада бауыр жоқ,аққуда сүт жоқ,жылқыда өт жоқ.
Жеті қат көк: ай,күн,шолпан,есекқырған,қызыл жұлдыз,сатурн,юпитер.

• 2. 7 ̵ ге көбейту және бөлу жағдайларын қарастыра отырып, көбейту мен бөлуді үйренеміз.
7 •7 =7+7+7+7+7+7+7
7•8=7+7+7+7+7+7+7+7.
7•9=7+7+7+7+7+7+7+7.
Алдымен теңдіктің оң жағы мен сол жағын салыстырайық; оң жағында көбейтінді, сол жағында қосынды. Әрбір өрнектің мәні жетіге артып отыр, себебі 7 бірлікке артты. Ендеше бірдей қосылғыштарды көбейтумен алмастыруға болады деген ережені пайдаланамыз.

7•7=49 49:7=7
7•8=56 56:7=8
7•9=63 63:7=9
8•7=56 56:8=7
9•7=63 63:9=7
Бұл көбейту және бөлу кестесі.Қорыта келе: көбейткіштердің орнын ауыстырғанмен көбейтіндінің мәні өзгермейді. Бұл көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті.

• 3.Нұр ̵ Астана мешіті тапсырмасы.
№1 Салыстыру.
а) Л Ж теледидары ̵ 48.
Самсунг теледидары ̵ 24.
Бөлінді ̵ 9 дүкенге.
Әр дүкенде ̵ ?

ш\і : (48+24):9=72:9=8
ж\ы: Әр дүкеге ̵ 8 теледидар.

ә) Барлығы ̵ 32 орындық.
Бөлінді ̵ 4топқа,7 орындықтан.
Артық қалды қанша орындық?

ш\і: (32:4) ̵ 7=8 ̵7=1
ж\ы: 1 орындық қалды.

• Ақ Орда. Деңгейлік тапсырмалар.
№2 есеп
7л •7л=49л 490л:7л=70л
8л •7л=56л 560л :7л=80л
9л •7л=63л 630л :7л=90л
10л •7л=70л 70л :7л=10л
№3есеп. Қалдықпен бөлу.
20:7=2(қ6) 32:7=4(қ4)
7•2+6=20 7•4+4=32
26:7=3(қ5) 52:7=7(қ3)
7•3+5=26 7•7+3=52

• 4.Аспалы көпір.
№4.Өрнек түрінде жазу.
а)70:7=10
ә)х •7;
б)70 ̵ 7=63
в)а+7;
Үш би ескерткіш тапсырмасы.

№5 «Жоғалған сан» ойыны.
• 5.»Қаз Мұнай газ» ғимаратының тапсырмасы.
Әр топ мәні 7 ̵ ге тең болатын бөлінділер жазу.
Көлік комуникациясы министрлігінің тапсырмасы.
Бір сөздің әріптерін алмастыру арқылы жаңа сөз жасау.
Шаршы ̵ шырша
Амал ̵ алма
Ғасыр ̵ сырға және осылардың суретін салу.

• 6.Бағалау парақшалары арқылы топ басшылары бағалайды.