Жоғалған сөздер

101

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Жылымды негізгі мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Байкенова Жанар Сабитовна

Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы:  Жоғалған сөздер

Сабақтың мақсаты: Сауатты оқу мен жазуға машықтандыру.

Сабақтың міндеттері: а) Дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем туралы түсініктерін, білім-білік дағдыларын арттыру, қатесіз оқу, жазуға машықтандыру. Дыбыстарды қатесіз айтуға дағдыландыру;

б) Сөздік қорын, тіл байлығын, есте сақтау дағдыларын арттыру. Ой-өрісін кеңейту. Шығармашылыққа баулу;

в) Ұқыптылыққа, шапшандыққа тәрбиелеу, тілімізді құрметтеуге үйрету.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекі оқыту әдісі

Құрал-жабдықтар: Жұмсақ ойыншықтар, кеспе әріптер, күнтізбе.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық  тренинг.

Армысың, асыл күн!

Армысың, асыл жыр

Армысың, көк аспан

Армысың, жан досым

Жылуыма жылу қос

Міне менің қолым.

ІІ. Негізгі бөлім.

— Бүгін, балалар, біз «Білім теңізінен» кемемен жүріп өтіп, дыбыстар әлеміне саяхатқа  шығамыз. Түрлі аралдан өтіп, орманға барамыз. Ол жақта түрлі аңдармен кездесеміз. Ол үшін түрлі кедергілерден сүрінбей өтуіміз керек. Теңізде жүзу үшін  не керек? (Кеме)

А) «Дыбыстар еліне » саяхат.

— Кеме келгенше дайындық жасайық. Дыбыстар елінде дыбыстарды анық айту үшін мына сұрақтарға жауап берейік.

  1. Қасқыр қалай ұлиды? (-у-у-у)
  2. Ешкі қалай дыбыстайды? (-мә-мә-мә)
  3. Қой қалай маңырайды: (-бә-бә-бә)
  4. Біз тамағымыз ауырғанда қалай шайқаймыз? (-ғ-ғ-ғ)
  5. Жүріп бара жатқан атты қалай тоқтатамыз? (-тр-тр-тр)
  6. Ойыншық машинаға отырғанда, машинаны қалай жүргіземіз? (-в-в-в)
  7. Шыбын қалай ызылдайды? (-з-з-з)

Б) «Әріптер аралына» саяхат.

— Біз кемемен теңізде  жүзіп келеміз. Судың түсі мөлдір, мөп-мөлдір, толқып жатыр. Біз теңіздің ортасын да келіп қалған сияқтымыз. Күн шуағын шашып тұр. Алдымыздан арал көрінеді. Ол аралдан өту үшін мына сұрақтарға  жауап береміз.

  1. Дыбыс дегеніміз?
  2. Әріп дегеніміз не?
  3. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

В)  Ойын: «Жоғалған буын» .

— Балалар, біз «Білім» теңізінде жүзе отырып, ойын әлеміне де келіп жеттік, бұл аралдан өту үшін мына ойынды шешейік.

қ а р

 

ш а ғ а

 

т о д а қ

 

т ы р

 

Г) Дыбыстық талдау жасау.

КӨКТЕМ

 

ЖЫЛЫ

ҚҰСТАР

 

ҰЯ

Д) «Сөздер»  аралы.

Ойын: Сөз ойла, көп ойла.

 

 

 

Сергіту сәті:

быз

 

ға

мақ

 

Е) Дәптермен жұмыс: 28 бет

Ж) Ойын: «Жоғалған сөздер» аралы

 

 

З) Сөйлем құрастыру.

 Қорытынды: — Енді өзім бір шумақ, өлең оқып берейін.

Дұрыс сөйле, шала қазақ атанба

Өз тіліңде сөйлеп өткен атаң да!

Қадірлей біл тілің менен дініңді

Саған берер осы менің батам да.

 

— Балалар, бүгін біз «Білім теңізінде» кемемен жүзіп, аралдан өттік, орманға саяхат жасадық, түрлі аңдармен кездестік. Сабақта жақсы демалдық, алған білімдерімізді көрсеттік.