«Шәкірт балаларға» Ж.Жабаев

109

Сабақтың тақырыбы:  «Шәкірт балаларға» Ж.Жабаев

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға Ж.Жабаевтың «Шәкірт балаларға» өлеңін түсіндіру, меңгерту. Ауыз әдебиетінің мәнін түсіндіру. Сөз өнерінің құдіретін меңгерту.
  2. Оқушыны қиялдап, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге баулу.

логикалық ойлау қабілетін дамыту. Танымдық қызығушылықты кеңейту.

3.Ақынның өмірлік мақсаты мен арманына жетудегі талпынысы мен табандылығын үлгі ету.Дана, дара тұлғаны қалыптастыру.

 

Әдіс –тәсілдері: Баяндау, сұрақ –жауап, ойын, ортада қаламсап, бес жолды өлең, автор орындығы стратегиялары

Көрнекілігі: Жамбыл ақын және Сүйінбай портреті, интерактивті тақта, видеоролик

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық жүргізу

Шаттық шеңбері

Қайырлы күн досым!

Қайырлы күн болсын болсын!

Аспанымыз ашық болсын!

Амансыз ба қонақтар,

Амансыз ба әлем

Баршаңызға амандық сәлем!

ІІ.Өткенді пысықтау

«Еңбек түбі — береке» тарауын оқып,  «Бәйге» ойыны арқылы қорытындылау

 

10
10
20
30
30
10
20
30
20
  • «Кім болсам екен?» әңгімесінде Жолкелді

Кім болуыд армандайды?

  1. Далада ішкен тамақтың тәтті болуы неде?
  2. «Жалқау немере» ертегісіндегі әжесінің егін егу туралы ойына немересі қалай жауап берді?

20

1.Еңбек туралы мақал –мәтел  айт.

2.Уақытты өлшеп, сынап,

Таппайды бір тағат

Бұл не сонда?

(сағат)

  1. Беттескен қос табақ,

Ортасында бос тамақ.

Қоз бен шоққа ораса,

Дәм піседі тамаша.

(таба нан)

30

1.Ең алғаш мектеп ашқан ұстаз.(Ыбырай)

2.Абайдың шын аты  (Ибраһим)

3.Абайдың әжесі   (Зере)

ІІІ.Жаңа сабақ

І.Қызығушылықты ляту

«Ортада қаламсап» стратегиясы

Сабақтың кілтін табайық

Біз оқушы деп кімді айтамыз?

(Оқушы жауаптары тыңдалады)

Қазір біз кім туралы мәтін құрастырдық?

Оқушы, шәкірт

ІІ.Мағынаны тану

Барлық білім –кітапта

  • Балалар , біз бүгін Жамбыл атамыздың өлеңімен танысамыз. Өлең «Шәкірт балаларға»

1.Автор туралы таныстыру

Жамбыл Жабаев
(1846-1946)

Екі ғасырдың куәсі, жыршы-жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын Жамбыл Жабаев 1846 жылы 28 ақпанда қазіргі Жамбыл облысы, Жамбыл тауының етегінде дүниеге келді

Шу өзенінің бойымен жүре берсеңіз Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жабай бір кезде осы тауларда көшіп-қонып жүрген. Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын! Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып тағылыпты. Бұл 1846 жылы  февраль айы екен.Менің әкем Жабай шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған. Тұрған жеріміз құлазыған кең, жазық дала еді. Сондықтан да мен балалық шағымда егісті де, бақты да, арықты да көрмедім. Жазық кең дала менің Отаным болды.  Мен киіз үйде өстім. Сол кездегі барлық қазақ балаларындай мені де көшкенде бесігіммен алып жүрді. Бала кезімде мен тентектеу болдым. Қарттарды да, әкемді де тыңдағым келмеді. Мені қозы бағуға жіберетін, мен бармай қоятынмын. Маған отын тер дейтін — мен тіл алмай қасаратынмын. Менің ағам, әкемнің інісі белгілі домбырашы еді. Мен домбыра тыңдауға әуес едім. Он екі жасымда одан домбыраны үйрендім. Домбыра қолыма тигенде барлық тентектікті ұмытып, бүкіл жан жүйем елжірегендей болатын еді. Менің қой баққым келмеді. Домбыра тартып, ән салу мені қатты қызықтырды. Ұстазы Сүйінбайдан бата алған Жамбыл Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағамбет, Құланаян Құлмамбет, Шашубаймен айтысып, оларды жеңгеннен кейін Жетісудің ерен жүйрік ақыны аталады.

Бұл айтыстарда ақын қарапайым халықтың мұңын мұңдап, жоғын

жоқтайды.

Қазақта ақын тым көп, бірақ ақын Жамбыл жалғыз. Жамбыл секілді 100 жылдық ғұмырының 85 –ін өлең жырмен өткізген өрелі тұлға сирек. Жамбыл секілді 90-ға келгенде бақ қонып даңқы мен дақпырты дүниежүзіне таралған талант аз. Осы «Ленинградтық өрендерім» өлеңі кезінде Жамбыл шығармаларының биік шыңы деп насихатталды.

Жамбыл 19 ғаысырда туып, 20-шы ғасырда дүниеден өтті.Көрген білгенін сөзбен өрді.Оның аузынан шыққан сөздің жасығы жоқ, кілең асыл. Кеңес Өкіметі кезінде бүгін айтқан өлеңі ертеңіне  кітап болып тарады. Ел –жұрт таласа, тамсан оқыды.

1943 жылы майданда  Жамбылдың ұлы Алғадай қаза тапты. Бұл жөнінде ақынға хабар жеткенде, ол біраз үнсіз отырып барып, қайғылы хабарға өлеңмен жауап берді. Жамбылдың ақырғы жыры 1945 жылы 9 майда айтылды. Бұл неміс фашистерін біздің халқымыздың қаһармандықпен жеңгендігіне арналған еді. Жүз жасқа небәрі бірнеше ай қалғанда, 1945 жылы 22 маусымда Жамбыл дүниеден өтті.

 

 

2.Ж.Жабаев туралы видеоролик жіберу

3.Оқулықпен жұмыс

Өлеңді жатқа оқу

(Мазмұнын түсіндіру, бәйшешек, бәйтерек сөзіне тоқталу)

А) Іштей оқыту

Ә) Тізбектеп оқыту

Б)Мәнерлеп оқу

  1. «Автор орындығы» стратегиясы

(Оқушы сұрақ қояды, оқушылар жауап береді)

Ақын балаларды неліктен «Мәуелі бәйшешекке» теңейді?

Ақын неліктен өзін бәйтерекке теңейді?

5.«Екі жақты күнделік» толтыру

Түсінікті сөз Оқушының пікірі
Ақыл көкке жеткізер

Өнер көпке жеткізер

 

 

 

 

5.«Венн диаграммасы»

  1. «Бес жолды өлең»

1.Жамбыл

2.атақты, әйгілі

3.жазады, айтады,айтысады

4.Жамбыл атаның аулында тұрамыз

  1. Ақын
  2. «Топтастыру»

 

 

 

 

 

 

ІV.Үйге тапсырма: Өлеңді түсініп оқып келу

V.Бағалау