Ою-өрнек дегеніміз не?

83

Сабақтың  тақырыбы:  Ою-өрнек  дегеніміз  не?

 

Мақсаты:Жалпы  ою-өрнек  туралы  мәлімет  беру

Керекті құрал-жабдықтар:  Дәптер, қалам, қарындаш, өшіргіш, қайшы,  түрлі-түсті қағаз.

Қолданылған  көрнекіліктер: Ою-өрнек  түрлері.

Сабақтың  барысы:

Ұйымдастыру.

Сәлемдесу,  түгендеу, тазалыққа  көңіл  бөлу.

Білімін  тексеру, өткен сабаққа  шолу.

 

Жаңа сабақ:

Ою  дегеніміз  не? Әрине, ою-өрнектің бір  түрі. Қазақтың ою және өрнек деген  қос  сөзі  бірге  келіп,  латынша  орнамент  деген  ұғымды  білдіреді.  Мағынасы  сәндеу,  әсемдеу. Ою-өрнек түрлері  бүгінге  дейін  түбегейлі  зерттелген  жоқ  Оюдың  әрбір  элементінде  көркем  өрісі  мен  құрылымында  терең  мағына, үлкен  мән  бар. Оларды қалай болса солай қиюластыра  салғаннан  тамаша  ою  шықпайды. Әр ою  композициясы белгілі  бір  мақсатқа, мағына –мазмұнға  құрылады.  Қыздардың киіміне  салынған ою бір басқак да  жігіттер  шапанының   жиегін көркемдейтін  ою  одан  өзгеше  болады. Әбден  машықтанған  оюшы  өз  қиялынан   шығарып ,  сол сәтте   әдемі  ою ойып  бере  алады.

Мақал-мәтелдер  мағынасын  түсіндіру.

  1. Ою-ойғанның ойы ұшқыр.
  2. Үлгісі көптің өрнегі көп.
  3. Өнер табу, өрге шабу.

 

Үлгі бойынша  ою-өрнек жасау.

Жасалған ою-өрнектерді салыстыра  отырып  бағалау

 

Үйге  тапсырма :  Өнерге, еңбекке  байланысты  мақал-мәтелдер жазып  келу.