Жыл мезгілдері

65

Сабақтың  тақырыбы: Жыл  мезгілдері

Сабақтың  мақсаты:Білімділік:жыл  мезгілдері  туралы  мәлімет  беру.Білетіндерін  қайталау,тереңдету.Сөздерді   дұрыс  қолдана  отырып,сөйлем құрауға  баулу.

Дамытушылық:ой-өрісін  дамыту,табиғаттың  әр  мезгілінде  әр  түрлі  өзгерістер  болатынын  байқауға   дағдыландыру,ауызекі  сөйлеу  дағдысын  қалыптастыру.

Тәрбиелік: туған  өлке  табиғатына,табиғат  заттарына  деген  сүйіспеншіліктерін  арттыру.

Сабақтың  түрі:жаңа  сабақ

Сабақтың  әдісі:ауызша,  суреттеу,ауызекі  сөйлеу.

Сабақтың  көрнекілігі:суреттер

Сабақтың  барысы:

Ұйымдастыру  кезеңі.

-Сәлеметсіздер  ме, балалар!

-Қазір  қай  жыл  мезгілі?

-Бүгін    аптаның  қай  күні?

Жаңа  сабақ

-Бүгінгі  жаңа  сабақтың  тақырыбы:Жыл

мезгілдері.Бүгінгі  сабақта  алдыма   қойған

мақсатым,сендерге  жаңа  тақырып   туралы  түсіндіріп,  осы  тақырып  жайында  білімдеріңді   терендету.Көрнекіліктерді қолдана  отырып,сөйлем  құратып  үйрету,еркін  сөйлеп  үйретуге  баулу.Табиғаттың  әр  мезгілінде   әр   түрлі  өзгерістер  болатынын  байқауға  дағдыландыру  және  табиғатқа  деген  сүйіспеншіліктеріңді  арттыру.

 

Жаңа  сөздермен  таныстыру.

Ериді-

Жылы-

Мейрам-

Бәйшешек-

Ағаштар-

құстар-

-Бір  жылда  неше  жыл  мезгілі  бар?

-Қазір  қай  жыл  мезгілі?

-Кім  қай  мезгілді  жақсы  көреді?

Бүгін  бізге  Жыл  мезгілдері  қонаққа  келеді.

 

Қар  еріп ,  су  ағады,

Сарқырап  сайға  толады.

Күн  ұзарып  жылиды,

Бұл  қай  кезде   болады?

(көктем)

-Құрметті  оқушылар ,  бүгін  мен   сендерге  қонаққа  келдім. Менің  атым  Көктем .Сендердің   білімдеріңді  тексеріп, қуанышпен  еліме  қайтайын.

Менің  сұрақтарыма  жауап  беріңдер.

Көктем  айларын  атаңдар.

Көктемнің  бірінші  гүлі.

Көктемде  ауа  райы  қандай  болады?

Көктемде  қандай  мерекелер  болады?

Балалар,  қандай  құстар  ұшып  келеді?

-Өте  жақсы.Білімдерін   өте  жақсы  екен .Ал  енді   көктем  айларында  кездесеміз.  Сау  болыңыздар.

 

-Ей  жарқын  жаз,жарқын  жаз

Қандай  көркем  даламыз,

Алаңсыз  демаламыз

Біз  бақытты  боламыз,

Шырқап  әнге  саламыз.

Менің  атым  Жаз!

Сендер    маған тапсырма  орындауға   көмектесесіңдер.Жеміс-жидектердің дұрыс аудармасың  табындар.

 

-Балалар,кім бізге  ән  айтып  береді?

(Қошақаным  қайда  екен?)

 

-Сендермен  қалай  көңілді!Бірақ  маған  кету  керек.

Сау  болыңдар.

Мұғалімнің  сөзі:-Міне,балалар,екі  жыл  мезгілі  бізге  қонаққа  келіп  кетті.Енді  жаздан  кейін  қай  мезгілі  келеді?

(күз)

 

Алдында  тұр  ,  алтын  күз

Дала  толы  жеміске

Диқан  толы  егіске

Бау-бақшаға  барайық

Жемістерді  жинайық.

-Құрметті  достарым!бүгін  сендерге  қонаққа  келдім.

-Бүгінгі  көңіл  күйлерін    қандай!

(жақсы)

Жақсы  болса  тапсырма  орындауға  кірісейік.

Егіншілер   не  жинайды?

Оқу  жылы  қашан  басталады?

Күзде  қандай  көкөністерді  жинайды?

Қазір  біз  көкөністерді  жинаймыз.

Тапсырмаларды  жақсы  орындадыңдар.  Ал  енді  маған  кетуге  керек.Сау  болыңыз.

 

 

Біз  тебеміз  сырғанақ

Таудан  төмен  сырғанап.

Қар  жауады  аппақ

Аяз  қатты   азынап

 

Менің  атым  Қыс.

Қыста  қандай  киім  киеміз?

Көп  нүктенің  орнына  тиісті  сөздерді  қойып, сөйлемдерді  көшіріп  жазындар.

Қыста  ….   суытады.Балалар  …  шаңғы   тебеді.

Адамдар  …..  киімдерін  киеді.Қыста   балалар  …..

,коньки   тебеді.Қыс-жылдың  ең  …  мезгілі.

 

Керекті  сөздер:күн,қыста,жылы,шаңғы,суық.

 

Суретпен  жұмыс.(Қысқы  киімдер)

Жұмбақ  шешу.

Қолы  жоқ,  сурет  салады;

Тісі  жоқ ,  тістеп  алады.(аяз)

Аппақ,аппақ,ақ  мамық,

Жерде  жатыр тапталып.(қар)

Қыс  жыл  мезгіліне  көп  рақмет.

Сау  болыңыз.

Сабақты  бекіту:

Бұл  тапсырма  бойынша   сөйлемдерге «иә,жоқ»  деп  жауап бересіңдер.

 

1Көктемде  қар  жауады.

2Қазір  күз  мезгілі?

3Көктемде  қар  ериді?

4Көктемнің  бірінші  айы  -наурыз

5Қыста  жапырақтар  сарғаяды?

6Жыл  мезгілдері:қыс,көктем,жаз,күз.

7Жаз  ең  суық  жыл  мезгілі?

8Күзде  бәйшешектер  өседі?

9Қыста  құстар  жылы  жаққа  ұшып  кетеді?

10Жазда  балалар  оқиды?