Жылдамдықты табу 4сынып

135

Сабақтың тақырыбы:  Жылдамдықты табу    4сынып

Сабақтың  мақсаты:   Оқушылардың қимыл – қозғалысқа берілген есеп

шығаруда жылдамдықты табуды  пысықтау  мақсатында

білімдерін  шыңдау.

Оқушылардың  логикалық ойлау қабілетін, тілін дамыту.

Табандылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сызбалар, суреттер

Әдісі: Жарыс сабақ

Жүрісі: 1. Ұйымдастыру бөлімі

  1. Негізгі бөлім

«Сен білесің бе?»

  1. Ғарыш деген не?
  2. Тұңғыш ғарышкер туралы не білесің?
  3. Қазақстанда ғарыш айлағы бар ма?
  4. Қазақ ғарышкерлері туралы не білесің?

 

 

 

 

1 – бөлім «Білгенге маржан»

 

Сандарды оқиық.

10    011   121

45    987   654

321  654   987

9  546  897  564

 

Сұрақ – жауап:

  1. Тік бұрыш қанша градусқа тең?
  2. 90 градустан кіші бұрыш?
  3. 90 градустан үлкен бұрышты ата?
  4. Арифметикалық неше амал бар?
  5. Арифметикалық амалдардың неше қасиеті бар?
  6. V = s/t формуласы нені білдіреді?

Жылдамдық дегеніміз не?

Жылдамдық – берілген уақыт ішінде жүрілген қашықтық.

V = s/t

Есептер шығару:

1 – нұсқа

V – 56 км/сағ                 t – 2 сағ

V — ? км/сағ                    s = 264 км

2 – нұсқа

Ара қашықтығы 48 км екі ауылдан бір мезгілде бір – біріне қарама – қарсы велосипедші мен жаяу адам шықты да, олар 2 сағаттан соң кездесті. Велосипедшінің жылдамдығы 20 км/сағ. Жаяу адамның жылдамдығы қанша?

2 – бөлім. «Математикалық жұмбақ»

  1. Мың найзалы жалғыз батыр, жауларын алғызбай тұр.
  2. Екі аяқты, бір ізді, үстіне адам мінгізді.
  3. Айқасқан екі таяқ, тұрады жоқты сұрап.
  4. Тышқаннан басқа батпаған, бір шланг, 4 баған.

 

3 – бөлім. «Математикалық викторина»

Өмірде ойлап тұрсаң бәрі де есеп,

Ауырсаң, ішетұғын дәрі де есеп.

Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз – ау,

Дүниенің бар тұтқасы есеп десек.

  1. Өрнектің мәнін тап:

140 : 2 = 70

+50                  *8

:4                     +440

-29                   :10

?         +          ?

 

  1. Есепті шығар:

57369+2947=60316

97343-2089=95254

123 * 305 = 37515

5220 : 145 = 36

4923 + 3920 : 28 = 5063

  1. Амалдардың орындалу тәртібін көрсет:
  • (41201 – 305 : 35) + 21 * 3
  • 4235 + (4127 : 21 – 42 * 590)

   4 – бөлім

 

 

 

(А + В)*С = A*C+B*C

 

 

A*B = B*A         (A*B)*C = A*(B*C)

Оқушыларға арифметикалық амалдардың қасиетіне байланысты тұжырым жасату.

 

(Қосылғыштардың,  көбейткіштердің орнын ауыстырғанмен қосындының немесе көбейткіштертің мәні өзгермейді)

 

5 – бөлім. «Кел, мақалдатайық!»

  1. Піл к3ті емес, тіл к3ті.
  2. 6н балдық қол сәні, әшекей кесте т10 сәні.
  3. Еңбек – адамның 2нші анасы.
  4. Әкесіз 7м – жарты 7м,

Шешесіз 7м, анық 7м.

  1. 2 үйге 1 көсеу.
  2. Саусағы › биші болар,

Құлағы  › күйші болар.

6 – бөлім. «Математикалық тест»

  1. Итмұрынның гүлдері таңғы сағат 5 – те ашылып, кешкі сағат 7 – де

жабылады. Итмұрынның гүлдері күні бойы неше сағат ашылады?

А) 2 сағ               б) 12 сағ             в) 14 сағ

  1. 4 бірдей қорапта 104 кг кәмпит бар. Осындай 9 қорапта неше кг кәмпит бар?

А) 34 кг               б) 234 кг            в) 435 кг

  1. 2 орам жіпке бірдей 400 тг төленеді. Бірінші орамда 7 м жіп, екінші орамда 3 м жіп бар. Кіші орамдағы жіп қанша тұрады?

А) 120 тг            б) 180 тг             в) 1800 тг

 

7 – бөлім. «математикалық диктант (ауызша орындату) »

  • 8*9, 9*5, 6*4, 5*5, 3*7, 4*9. 1 – қатар
  • 100/2, 999/9, 45/9, 636/3. 2 – қатар
  • 987+13, 654-104,т45+115. 3 – қатар

 

8 – бөлім. «Ойлы болсаң, тауып көр»

Логикалық есептер

  1. «Екі қарға». Екі қарғаның біреуі оңтүстікте, біреуі солтүстікте қарап отыр. Олар біріне – бірі:
  • Достым, мен сені көріп отырмын, — дейді. Олар бірін – бірі қалай көреді? (олар бір – біріне қарап отыр).
  1. Шырылдауық ала жаздай ән салып, 1 тәуліктің жартысын ұйықтап, үштен бірінде ән салады, алтыдан бірінде би биледі. Қалған уақытында қысқа дайындық жасаймын деді. Қысқа дайындыққа қанша уақыт кетті? (12, 8, 4)

9 – бөлім. «Математикалық жаңылтпаш»

  1. Қырық үш қызғыш құсқа

Қырық үш қызғыш құс қосса

Болады қанша?

  1. Ұшы үшкір, ұшқыр үш жебе алдым

Үшеуі де үшкір, ұшқыр деп алдым.

  1. Есет атам ет асатар,

Ет асатса 5 асатар.

Қорытындылау

Мадақтау

Бағалау