Мұрын-иіс сезу мүшесі. Тіл- дәм сезу мүшесі

359

Тақырыбы  Мұрын-иіс сезу мүшесі. Тіл- дәм сезу мүшесі

Мақсаты:

1.Білімділік:

Мұрын-иіс сезу мүшесі, тіл- дәм сезу мүшесі туралы түсінік беру.

2.Дамытушылық:

Ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту

3.Тәрбиелілік:

Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Әдісі : түсіндіру, сұрақ-жауап

Түрі: жаңа сабақ

Көрнекілігі. Интербелсенді тақта

Сабақтың барыс:

ІІ. Психологиялық дайындық

Қоршаған орта, табиғат,

Жануар, өсімдік, адамзат.

Оны қорғау-парасат,

Білейік мұны, жамағат!- деп дүниетану сабағымызды бастаймыз.

 

Сәлемдесу

Үлкенге де «Сіз»,

Кішіге де «Сіз».

Бар адамға құрметпен,

Бас иеміз біз.

ІІ.Үй тапсырмасы:

Құлақ- есту мүшесі

 

ІІІ. Ой шақыру
1.Сезім мүшелерін ата.
2.Көру мүшесі не?
3.Көздің  қорғанышы не?
4. Есту мүшесін ата.
5.Құлақ  қайда орналасқан?

Жұмбақтар шешу.

1.Алқапта бар биік тау,

Алды тік жар, қиық тау.

Қос үңгірді желдетіп,

Ауа жұтар селдетіп.

2.Есігін ашсаң,
Сайраған бұлбұл.
Есігін жапсаң,
Жайраған бір гүл

3.Екі көрші,
Бірі – пысылдауық,
бірі –сақылдауық

ІV.Жаңа сабақ:
Мұрын- иіс сезу мүшесі.
Тіл- дәм сезу мүшесі.

Мұрын – иіс сезу мүшесі. Адам әр түрлі иісті мұрынмен сезіп, ажыратады

Мысалы: жуаның, алманың немесе қуырылған тамақтың иісін біз бірден сеземіз. Сонымен қатар мұрын «тыныс алу» қызметін атқарады.

Суық тиген  адам тұмауға шалдығады, иіс сезу қабілеті нашарлайды.

Тыныс алу мүшелерін сақтау және  суық                                            тию ауруының алдын алу шаралары
1. Жаурап қалма. Жылы киініп, жылы жүруге тырыс.
2.Дымқыл аяқ киім мен киімді киюге болмайды.
3. Тұмаудан сақ бол. Жөтелетін және түшкірген адамдардан қашық бол.
4. Кез келген ұнтақ пен қышқылды білмеген жағдайда иіскеуге болмайды.
5. Жеміс – жидек, көкөністі жиі пайдалан. Олардың құрамындағы дәрумендер түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі.

Суретпен жұмыс

Заттың дәмін тіл ажыратады. Белгісіз тағамның дәмін тілмен татуға болмайды. Кей тағам улы болуы мүмкін.Тіл- біздің ағзамыздың қорғаныш қызметін атқарады. Егер уақыты өтіп немесе дұрыс сақталмаған асты ауызға алатын болсақ, тіл бірден  байқап қояды. Бұдан кейін адам бірден ағзаға зияндығын біліп  жемеуге тырысады.-Тіл арқылы адамдар бір-бірімен сөйлеседі. Тіл – дәм сезу мүшесі.

«Ойлан тап» ойыны

Сезім мүшелерін қалай күту керек?

 

Мұрын Тіл
Шұқымау керек  

Өте ыстық, қатты,

суық тағамдар ішпеу керек

Ештеңені тықпау керек
Тазалап жүру

 

 

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс

Бір-бірімен байланысқан заттарды тап.

«Қоянның туған күніне не сыйлады?»ойыны

Дәптермен жұмыс.

 

VІІ. Бекіту

Тест

  1. Көру деген-бұл:

а) әдемі көзілдірік;

ә) әдемі көз;

б ) дүниеге көзқарас;

в) алыстан, жақыннан көру.

2.Құлақ адамға … қажет:

а) ертегі тыңдауға;

ә)тыңдағыштарды құлаққа салуға;

б) ыстықтан қорғануға;

в) тепе-теңдік қалыпты сақтауға.

  1. Мұрын … ағзасы:

а) иіс сезу;

ә) дәм тату;

б) есту;

в) дәм сезу.

  1. Тілді … керек:

а) күте білу;

ә) көрсету;

б) тығу;

в) шығару.

Бес пайдалы азық- түлікті ата

Сұрақтар қою.

Мұрын қуысы бітеліп қалған жағдайда ол адамды дені сау деуге бола ма?
2. Тілді не үшін күту керек?
3. Сендер қандай тәртіптерді  үнемі орындайсыңдар ?

 

 

 

 

 

 

 

Сезім мүшелері Құлақ Көз Мұрын Тіл Тері
Көру мүшесі
Дәм сезу мүшесі
Есту мүшесі
Сипап сезу мүшесі
Иіс сезу мүшесі

 

 

VІІІ.Үйге тапсырма:
46-48 бетті оқу

ІХ.Бағалау.