Сөйлем

120

ШҚО, Семей қаласы, №15 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі  Мухтарова Манзия Сатбековна

 

Қазақ тілі  4 сынып

Тақырыбы: Сөйлем

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем

Мақсаты:   Оқушылардың сөйлем және оның түрлері, сөйлем соңынан    қойылатын тыныс  белгілері туралы алған білімдерін пысықтау.

Міндеттері:

Сөйлем түрін ажырата білуге  дағдыландыру, тілдерін дамытып, сөздік  қорын  молайту.

Өз  елін, жерін сүйетін азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Әдісі: Сұрақ жауап, топтық жұмыс, интерактивті оқыту, СТО стратегиялары.

Сабақтың жоспары және барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Жарқырап күн ашылды,                                  Мақсатымыз білім алу,

Айналаға  нұр шашылды.                               Міндетіміз еңбектену.

Қайырлы күн! Добрый день! Гуд афтенун!      Еңбектену арқылы,

Сәлемдесіп алайық. Біз көңілді баламыз.      « 5»- ке қол жеткізу.

 

Бүгінгі сабағымызды біз тәуелсіздігіміздің  20 жылдығына арнаймыз. Бүгінгі алған бағаларың еліміздің қоржынына білімділер қатарын көбейтуге үлес қосады деген үміттемін. 3 ауылға бөлініп  хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем, лепті сөйлем ауылдары болып білімділер қатарын көбейтуге ат салысамыз.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге сөз тіркестерін пайдалана отырып «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбына әңгіме құрастырып келуге берілген. 3 оқушыға оқыту.

Сөз тіркесі дегеніміз не? Сөз тіркестерін атату, қай сөз табынан жасалғанын айтқызу.

III.Негізгі кезең

А) Араласқан кезеңдер стратегиясы. Топпен жұмыс, тақтамен, дәптермен жұмыс

Әр топқа сөздер беріліп оны мағынасына қарай байланыстырып жазу тапсырылады.

Апта  жеті деген сөзді білдіреді. Күн бүгін кешегіден суық па? Алақай, анам дүкеннен келді!

Сөйлемдерді тақтаға жазып, тыныс белгілерінің қойылуын ережесін пысықтау.

Бүгін сабағымызды бақылап отыратын әр ауылдың басшылары ол тыныс белгілері.Сендердің сабаққа қатысуларыңды осы тыныс белгілері бақылап бағалайтын болады.

Тыныс белгілердің тапсырмасын орындайық , сұрақтарға жауап беру

1 .Сөйлем неден құралады?

2.Сөйлем дегеніміз не? Айтылу мақсатына қарай түрлерін ата.

3.Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

 

1.Сөйлем қандай әріптен басталып жазылады?

2.Құрамына қарай сөйлем түрлерін ата.

  1. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

 

1.Жалғау дегеніміз не?

2.Жалаң сөйлем, жайылма сөйлем дегеніміз не?

  1. Лепті сөйлем дегеніміз не?

Оқулықпен жұмыс Б) Шығармашылық жұмыс

3-жаттығу. Ертегіні тиісті дауыс ырғағымен оқыту. Топтарға тапсырма беру.

Баяндау стратегиясы, Бірлесіп сурет салу стратегиясы

1 топ . Рөлге бөліп оқу

2 топ . Сахналау

3 топ. Мазмұны бойынша сурет салу

Сергіту сәті.   Жаңылтпаш айту,  жұмбақ шешу.

Мысық пысық па,                            Үйден ең соңынан шығатын кім?

Күшік пысық па?                              Үйге ең алдымен бас сұғатын кім?

Мысық та пысық,

Күшік те пысық.

IV.Бекіту Интерактивті тақтада жұмыс

5-жаттығу. Сөйлемдерді оқыта отырып,жақша ішіндегі ма,ме,па,пе болымсыз етістік жұрнағы немесе  сұраулы мағына беретін сөз екенін анықтап жазғызу. Әр топ 2 сөйлемнен жазады.

6-жаттығу. Жай сөйлемдерді  түрлеріне қарай сәйкестендіру.

V.Үй тапсырмасын беру

4-жаттығу. Өлеңді  оқып, тыныс белгілерін қойып,  жатқа жазу.

  1. Оқушыларды бағалау.

Еліміздің қоржыны қанша білімді балаға толықты екен? Оқушыларға тыныс белгілерді беру арқылы бағалау.

Тәуелсіз елімізге арнап тілектеріңді жазып, бәйтерігімізді тілектеріңмен безендіріп қояйық.

VII. Қорытынды

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар биік шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Әрқашан болсын бойыңда!