Тік, сүйір және доғал бұрыштар

103

Cабақтың тақырыбы:  Тік, сүйір және доғал бұрыштар  

Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларды тік, сүйір және доғал бұрыштарымен таныстыру.2.  Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру.  3.   Оқушыларды әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың типі: интерактивті, ақпараттандыру сабағы

Сабаққа керекті көрнекіліктер: электрондық оқулық, бейнепроектор, маркерлік тақта, маркер,  дидактикалық материалдар мен ойындар, қосымша слайдтар, музыка

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық дайындық 

Ал, кәнекей, балалар,

Бері қарай қарайық.

Қажет құрал, кітапты,

Алдымызға алайық.

Алаңдамай басқаға,

Сабаққа назар салайық.

Дұрыс есеп шешімін,

Мұқиятпен табайық.

  1. Тірек білімдерін жетілдіру. Қызығушылықты ояту. Бүгінгі сабақта қыс қызығына батамыз. Сабағымды Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңімен бастағым келіп тұр.

 

 

Слайд № 1

  1. Қазір жылдың қай мезгілі?
  2. Қыс айларын атап беріңдерші.
  3. Қыста күндер қандай болады?

4.Адамдар қалай киінеді?

  1. Қандай мереке таяп қалды?

Жаңа жыл мерекесі

Балалар, бүгін біздің сабаққа Аяз атамен Ақша қар да келе жатыр екен.

Олар келгенше біз шыршаны безендіріп қояйық.

Әр ойыншықтың өз  тапсырмасы бар. Ойланып, бірге орындайық.

( музыка әуені)

 

 

 

 

 

Слайд №2

 

11 – 6                                              11 – 5

11 – 8                                              11 – 2

12 – 5                                              12 – 7

12 – 9                                              12 – 8

Балалар  шыршамызды безендірдік.

Шыршамыз қандай тамаша!

Шыршамыздың пішіні қандай фигураларға ұқсайды? Үшбұрыш

ІІІ. Жаңа тақырып.  Жаңа тақырыпты  түсіну үшін  электрондық оқулығының 4(1/5)- модуль батырмасын басып, «Тік, сүйір және доғал бұрыштар» тақырыбын ашып, мұқият тыңдайық.

(Тоқтату батырмасын басып оқушыларға пысықтау сұрақтарын қою)

Олай болса тапсырмаларын орындап көрейік, электрондық оқулығының 4(1/5)- модулі

ІҮ. Сергіту сәті.   

 

  1. Жаңа тақырыпты бекіту

Қараңдаршы,  балалар, өтілген тақырыпты бақылау үшін бізге аққалалар да қонаққа келіп қалыпты.

Олар шыршаны айналып, бізбен бірге Жаңа  жылды қарсы алғысы келеді екен.

Олар да сендерге өз тапсырмаларын алып келіпті.

Слайд № 3   Тапсрыма: тік бұрыштардың; сүйір бұрыштардың; доғал бұрыштардың нөмірлерін теріп жаз

Слайд №4 Тапсырма: үшбұрыштың тік бұрышы нешеу? Сүйір бұрышы нешеу? Доғал бұрышы нешеу?

Слайд №5 Тапсырма: Төртбұрыштың тік бұрышы нешеу? Сүйір бұрышы нешеу? Доғал бұрышы нешеу?

ҮІ. Дәптермен жұмыс

Слайд №6 Тапсырма: Таба нан 25 теңге тұрады, ал тоқаш одан 5 теңге арзан. Тоқаш неше теңге тұрады?   Екі амалмен шығатындай етіп, сұрақ қой да, есепті шығар.

VІ. Сабақты қорытындылау. (Сабақ соңында  Аяз ата мен Ақша қар келеді).

Слайд № 7 Аяз ата мен Ақша қардың ойыны «Кім жылдам?»

х+40=100   100-x=40    x-40=60

Слайд №8  Бос торкөздерді толтыр. Кесте бойынша мәні 15-ке тең қосындыларды бір бағанға жаз. Оларға сәйкес айырмаларды екі бағанға жаз және мәндерін тап.

 

15

9
7

 

Рефлексия.

—  Балалар бүгінгі сабағымыз ұнады ма? Несімен ұнады? (әр бала өз ойларын айтады)

– Шыршамыз қандай екен?

  • Не үйрендік? Қандай бұрыштарды білдік?

 

 

 

 

 

 

VIІ. Үйге тапсырма беру

VIІІ. Бағалау.    (Аяз ата мен Ақша қарға арнап ән айтып,  сыйлықтарын аламыз).