Санды 10-ға,100-ге,1000-ға қалдықпен және қалдықсыз бөлу

130

Сабақтың тақырыбы: Санды 10-ға,100-ге,1000-ға қалдықпен  және қалдықсыз бөлу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Санды 10-ға,100-ге,1000-ға қалдықпен,қалдықсыз бөлудің тиімді тәсілдерін меңгерту.

Дамытушылық: БжС технология  әдісінің элементтерін қолдана отырып оқушылардың ақыл-ойын,логикалық ойлау жүйесін дамыту,өздігінен қорытынды шығара білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру

Сабақтың әдісі: БжСтехнология элементтерін қолдану,топпен жұмыс.

Көрнекілік: Слайд,Эрдниев кестесі,дидактикалық материалдар, интерактивтік тақта.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі..

Сыныпты топқа бөлу: А тобы,В тобы,С тобы

 2.Өткен тақырыпты пысықтау: көбейту кестесін интерактивті  тақтада мысалдарды шығару арқылы тексеру.

3.Жаңа сабақ.

Слайд арқылы бойынша санды 10-ға,100-ге,1000-ға қалдықпен,қалдықсыз бөлуді талдау.

Топпен жұмыс. Әр топқа 1,2,3,4 жетондарын тарату,сол бойынша бірігіп отыру.

Оқулықпен жұмыс

№3 (А1,В1,С1)

Мына сандардың ішінен 10-ға қалдықсыз бөлінетіндерді 1-бағанға,ал 100-ге ,1000-ға бөлінетіндерін келесі бағандарға тізіп жаз: 3784,3780,3700,3000,4873,7870,4800,4000

№4 (А2,В2,С2)

Тапсырма

Қалдықпен бөлуді орында және тексер:

48: 10                   438: 100               4839 :1000

76: 10                   765: 100               7658: 1000

№5 (А3,В3,С3)

Тапсырма

Әрбір бөлінгіштегі бөліндінің мәнін білдіретін цифрлардың астын сыз:

359:10          647:100               12894:1000

200:100        4389:100             8536:1000

72:10            2000:1000           600:100

№6 (А4,В4,С4)

Әрбір бөлінгіште қалдықты білдіретін цифрлардың астын сыз:

294:10        356:100    34000:10          58417:1000

2400:100    68:10         7492:100         6246:1000

4.Барлық топтың оқушылары өз орындарына қайтып келіп,жаңа тақырыпты карточка арқылы бекітеді.

А тобы –санды 10-қалдықпен,қалдықсыз бөлу тәсілі.

В тобы-санды 100-ге қалдықпен,қалдықсыз бөлу тәсілі.

С тобы-санды 1000-ға қалдықпен,қалдықсыз бөлу тәсілі

5.Қорытындылау. Сөзжұмбақ шешу,ребус шешу.

300,100-ім,100-ік

Оқушылардың білімін бағалау.

Үйге тапсырма беру: №6