Кестелік және кестеден тыс көбейту және бөлу

69

Сабақтың тақырыбы: Кестелік және кестеден тыс көбейту және бөлу

Сабақтың мақсаты: Кестелік және кестеден тыс көбейту дағдыларын жетілдіру. 2-3 амалды өрнектерді шығару, тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін анықтау дағдыларын бекіту. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

ә) Үй тапсырмасын тексеру

б) Жаңа сабақ

І. Қызығушылығын ояту.

«Компьютер» ойынын ойнау.

14 8 12 4 14 8 12 4
10 23 1 15 10 23 1 15
3 17 21 7 3 17 21 7
19 6 9 11 19 6 9 11
24 2 16 22 24 2 16 22
13 20 5 18 13 20 5 18

Шарты: Екі оқушы 1-ден 24-ке дейін дауыстап сана бастайды. Жарысқа қатысушылар әрқайсысы санды кестеден тауып, көрсеткен кезде ғана санды дауыстап айтады. Соңғы санды кім бірінші тапса, сол жеңеді.

  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Кестелік және кестеден тыс көбейту және бөлу» болмақ.

ІІ. Мағынаны ажырату.

Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырманы ауызша орындау.

2-тапсырмадағы өрнектерді әртүрлі тәсілдермен есептеу.

3-тапсырмадағы тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін табу.

4-тапсырмадағы есептерді шығару.

6-тапсырмадағы амалдарды тақтаға орындау.

Сергіту сәті.

5-тапсырмадағы есепті әртүрлі тәсілдермен шығару.

ІІІ. Ой толғау.

Тапсырма: Берілген сандарды пайдаланып, үш таңбалы сандар жазу.

2, 4, 5

  • Бүгінгі сабақта қай тапсырманы орындау қиынға соқты?
  • Неліктен?
  • Қай тапсырманы орындау жеңіл болды?
  • Неліктен?

ІҮ. Бағалау.

Бағалау парағы арқылы бағалау.

Ү. Үй тапсырмасы. 174-бет. №7, 8