1000-ға дейінгі сандар нумерациясы. Өткенді пысықтау

61

Сабақтың тақырыбы: 1000-ға дейінгі сандар нумерациясы. Өткенді пысықтау

Сабақтың мақсаты: Есептердің әр түрін шығару біліктілігін жетілдіру. Есептеу дағдыларын дамыту. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

ә) Үй тапсырмасын тексеру

б) Жаңа сабақ

І. Қызығушылығын ояту.

Математикалық диктант.

  • Кітаптың 100 беті, журналдың 25 беті бар. Журналда кітапқа қарағанда неше бет кем?
  • Сара 30 бет оқып бітірді. Бұл барлық кітаптың үштен бір бөлігін құрайды. Кітапта неше бет бар?
  • Мирас 65 теңгеге альбом, 70 теңгеге қарындаш сатып алды. Мирас қанша теңге жұмсады?
  • Мектеп үшін 90 парта сатып алынды. Бұл мұғалімнің үстелінен 10 есе артық. Мектепке неше мұғалім үстелі алынды?
  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «1000-ға дейінгі сандар нумерациясы. Өткенді пысықтау» болмақ.

 

ІІ. Мағынаны ажырату.

Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырмадағы суреттер бойынша есептер құрастыру және оларды шығару.

2-тапсырмадағы есепті әртүрлі тәсілдермен шығару.

3-тапсырмадағы кесте бойынша есептер құрастыру және оларды шығару.

4-тапсырмадағы есептерді әртүрлі тәсілдермен шығару.

Сергіту сәті.

5-тапсырмадағы есепті шығару.

 

ІІІ. Ой толғау.

1-тапсырма: Сандарды разрядтық қосылғыштардың түрінде жазу.

790, 709, 795, 970, 907, 979, 890, 954

2-тапсырма: 4,6,8 цифрларын пайдаланып, бірнеше үш таңбалы сандар жазу.

  • Бүгінгі сабақта қай тапсырманы орындау қиынға соқты?
  • Неліктен?
  • Қай тапсырманы орындау жеңіл болды?
  • Неліктен?

 

ІҮ. Бағалау.

Бағалау парағы арқылы бағалау.

Ү. Үй тапсырмасы. 192-бет. №6,7