Сандар, олардың құрамы, есептер құрастыру және оған сәйкес кері есептер құрастыру

138

                                            Сабақтың тақырыбы: Қайталау (24-25- беттер)

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың сандар, олардың құрамы, есептер құрастыру және оған сәйкес кері есептер құрастыру туралы алған білім, білік,жадағдыларын пысықтау. Есептеулерді жүргізуде қолданылатын салыстырулар туралы алған білімдерін терендету.
  2. Аталған тақырыптардан слған білімдерін есептерді шығаруда қолдану, екі таңбалы сандарды оқу, жазу машықтарын дамыту. Ойлау, қорытынды жасау, тез жауап беру дағдыларын дамыту.
  3. Тез есептеу, сауатты жазуға, достық көмекке тәрбиелеу.

Көрнекілік: сөзжұмбақтар, кестелер, парақшалар, т.б.

Сабақтың түрі: қайталау, сайыс сабағы

Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ-жауап, көрнекіліктік, тірек сызба, ұғымдарды қайталау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабақтың жоспарымен таныстыру.

— Балалар бүгінгі біздің сабағымыз сайыс сабағы болмақ. Бұл сабақта біз түрлі қалаларға барып, тапсырмалар орындаймыз. Ол қалалар арқылы «Қызықты математика» еліне саяхат жасаймыз.

  1. Құрлысшылар қаласы. 6.Кім жылдам?
  2. Ойлан, тап! Қаласы. 7. Сөзжұмбақ

3.Көңілді санамақ.                                  8. Бұрыштарды тап.

  1. Ребустар қаласы. 9. Тест жұмысы.
  2. тез жалғастыр. 10. Қорытынды.

Оқушыларды екі топқа бөліп, сайыстың жоспарымен таныстырамын. әр топтың топ басшысы өз тобындағы оқушыны бағалау парағына сәйкес белгілеп отырады.

ІІ. Өткен тақырыптарды пысықтау тапсырмалары:

«Құрылысшылар қаласының  тапсырмасы» бойынша бөліктерден үй құрастырады. Бөліктердің артында тапсырмалар беріледі. Тапсырманы кезектесіп ала отырып, тақтаға шығып жазады да, қай топ бұрын болса, сол топ жеңіпаз атанады. Ал топбасшысы өз тобындағы оқушының жұмысын белгілеп отырады.

Тапқырлар                                                             Ойшылдар

Ең кіші, ең үлкен бір таңбалы сандарды          ең үлкен екі таңбалы санды

Ең кіші екі таңбалы санды                                 ең кіші толық ондықты

Ең үлкен толық ондықты жазу керек

№6 – тапсырманы оқиды. Бос орынға сәйкес келетін санды атайды.

ІV. Жаңа тақырып бойынша жүргізілетін жұмытар.

  1. Оқулықпен жұмыс. 1 – жаттығу орындалады. әр оқушы қолындағы қағазды қайтадан бүктеп, төмендегі суреттің әрқайсысының үстіне қойып төбелері және қабырғаларының беттесетінін аңғарады.

Енді осы қағазды тік емес бұрыштардың үстіне қойып, біреуінің тік бұрыштан кіші, екіншісінің үлкен екенің үлкен екенін аңғару керек. Олардың төбелері мен бір қабырғаларының ғана бетесетінін аңғарады. Ендеше бір қабырғасы кіші болса сүйір, үлкен болса доғал болады деп бұрыштардың атауларымен таныстырып кету керек.

3.2 –жаттығу орындалады. Суреттегі бұрыштарды әр оқушы өзіндегі тік бұрыштың моделімен салысытырады. Оларды екі топқа бөледі. Тік бұрыштар – 1,2,3; тік емсе бұрыштар -2,5,6.

  1. Сергіту. Мұғалім бір рет шапалақтаса – оқушылар қолдарын жоғары көтереді, 2 рет шапалақтаса –тұрады, бір рет шапалақтаса –қолдарын төмен түсіреді, 2 рет шапалақтаса отырады. Жаттығу орындалуы тездетіледі. Шатасқан оқушы орнына отырады.

VІ. өткен тақырыптарды пысықтауға раналған тапсырмалар.

№4 есеп салыстырылып. талданады. Шешулері жазылып біткен соң тақтаға мына сияқты жазуды орындап, салыстырылған соң олардың кері есептер болатындығына назар аударып, түсіндіремін.